Республикалық балаларды оңалту орталығының құрылысы туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 18 сәуiрдегi N 501

Қолданыстағы
      Балалар ауруы деңгейiнiң жоғарылығына және оларды, әсiресе көп балалы әрi аз қамтамасыз етiлген отбасыларын, сондай-ақ экологиялық тұрғыдан қолайсыз аймақтарда тұратын балаларды сауықтырудың қажеттiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Алматы қаласында жалпы сметалық құны 22,5 млн. (жиырма екi миллион бес жүз мың) АҚШ доллары тұратын Республикалық балаларды оңалту орталығының құрылысын жүргiзу жөнiндегi ұсынысы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi тапсырылған материалдар мен техникалық-экономикалық дәлелдемелер негiзiнде баға сараптауын жүргiзсiн және түркия жағымен кредиттiк келiсiм жасасын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      бюджет қаражаты есебiнен объектiнiң жалпы құнының 15 процентi мөлшерiнде аванстық төлем жасайтын болсын;
      1997 жылдан бастап тиiстi жыл бюджетiнде аталған кредиттi өтеу қаражатын қарастыратын болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi:
      қарыз алатындарды айқындасын және Қазақстан Республикасының

мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне осы жобаны қаржыландыруға
қажеттi материалдарды табыс етсiн;
     жобаны жүзеге асыру мен олар бойынша төлемнiң уақытылы
жасалуына бақылауды қамтамасыз етсiн;
     жобаны жүзеге асыру мен олар бойынша төлемнiң уақытылы
жасалуына бақылауды қамтамасыз етсiн.
     5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994
жылғы 2 тамыздағы N 866 қаулысымен (N 1 қосымша) бекiтiлген
Түркия Республикасының Үкiметi беретiн кредит есебiнен 
қаржыландыру үшiн ұсынылатын объектiлер тiзбесiне қосымшаға
сәйкес өзгерiстер енгiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi
                                    Қазақстан Республикасы   
                                    Министрлер Кабинетiнiң
                                    1995 жылғы 18 сәуiрдегi
                                        N 501 қаулысына
                                              Қосымша

            Түркия Республикасы Үкiметi табыстаған кредит
          есебiнен қаражаттандырылатын объектiлер тiзбесiне
                            Өзгерiстер
--------------------------------------------------------------------
Кәсiпорындардың |Кредиттi пайдалану|Кредиттiң|Шетелдiк|  Ескерту
   атауы        |    мақсаты       |мөлшерi  | әрiптес|
                |                  |(млн.    |        |
                |                  | доллар) |        |
--------------------------------------------------------------------
   Шығарылсын:
Талдықорған      Жүн иiру фабрика.-  32,3    "Шүкiров"  1994 жылы
облысының        сының құрылысы              фирмасы    қаражаттарды
әкiмшiлiгi                                              игерудi қам.-          
                                                        тамасыз етпеуi
   Кiргiзiлсiн:
Республикалық    Алматыда орталықтың  22,5   "Финтрако"
балаларды  
оңалту орталығы  құрылысын жүргiзу            фирмасы
    Өзгертiлсiн:
БАРЛЫҒЫ                              134,5