Балық шаруашылығы су айдындарын бекiту, пайдалану және қорғау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 5 сәуiрдегi N 414. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.03.18. N 246 қаулысымен.

Күшін жойған

     Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     Қоса берiлiп отырған Балық шаруашылығы су айдындарын бекiту, пайдалану және қорғау ережесi бекiтiлсiн. <*>
      Ескерту. Тақырыбы және кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.05. N 427   қаулысымен .

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-министрiнiң
     бiрiншi орынбасары

Қазақстан Республикасы      
Министрлер Кабинетiнiң      
1995 жылғы 5 сәуiрдегi      
N 414 қаулысымен        
Бекiтiлген           

  Балық шаруашылығы су айдындарын бекiту, пайдалану
және қорғау
ережесi <*>

      Ескерту. Тақырыбы өзгерді, мәтін бойынша сөздер алмастырылды - ҚР Үкіметінің 2003.05.05. N 427   қаулысымен .

        1. Балықтарды және басқа су жәндiктерiн кәсiпшiлiк аулау үшiн пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн не кәсiпшiлiк балық қорларын жетiлдiруге арналған мәнi бар Қазақстан Республикасының барлық су қоймалары (аумақтық сулар, iшкi теңiздер, өзендер, көлдер, тоғандар, су бөгендерi мен олардың қосымша сулары) балық шаруашылық су қоймалары деп саналады. 
      2. Балық қорлары мен басқа да су жәндiктерiн қорғау, осы Ереженiң талаптарын, Қазақстан Республикасында балық аулау және басқа да су жәндiктерiн аулау ережесiн, басқа да су жәндiктерi кәсiпшiлiгiнiң шарттарын сақтауға, сондай-ақ балық шаруашылық су қоймаларында балық қорларын жетiлдiру және мелиорация жөнiндегi шараларды өткiзуге мемлекеттік бақылау жасауды балық ресурстарын және басқа да су жәндiктерiн қорғау, олардың өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы арнайы уәкiлеттi органдар (бұдан әрi - арнайы уәкiлеттi орган) жүзеге асырады. <*>
       Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.05. N 427   қаулысымен .
      3. Балық шаруашылық су қоймаларында балық аулау ережесiн Қазақстан Республикасының Үкіметi бекiтедi. <*>
      Қазақстан  Республикасында балық аулау және басқа да су жәндiктерiн аулау ережесiн арнайы уәкiлеттi орган тиiстi ғылыми ұйымдардың ұсынымдары мен табиғат пайдаланушылардың (заңды және жеке тұлғалардың) ұсыныстары негiзiнде әзiрлейдi. <*>
       Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.05. N 427   қаулысымен .
      4. Табиғат пайдаланушылар үшiн су қоймалары немесе су қоймаларының жекелеген телiмдерiн бекiтiп беру және оларға балықтарды кәсiпшiлiк аулауға, басқа да су жәндiктерiн аулауға құқық беру туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай құзыры бар атқарушы өкiмет органдары қабылдайды. 
      Атқарушы өкiмет органдарының көрсетiлген шешiмдерi конкурстық (тендер) комиссияның шешiмi негiзiнде қабылданады. Табиғат пайдаланушылар арасында балықтар мен басқа да су жәндiктерiн аулау лимиттерi мен квоталарын бөлу жөнiндегi шешiмдердi арнайы уәкiлеттi орган конкурстық (тендер) комиссия шешiмiнiң негiзiнде қабылдайды.<*>
      Осы шешiмдер қабылданған соң табиғат пайдаланушылар мен арнайы уәкiлеттi органдар арасында су қоймаларын пайдалануға, балықтар мен басқа да су жәндiктерiн аулауға шарт жасалады. 
      Су қоймалары көлдердiң тауарлы (қолдан өсiрiлетiн балықтар) шаруашылықтарын құруға, әуесқой және спорттық балық аулауды ұйымдастыруға арналған сияқты балық аулауды және басқа да су жәндiктерiн аулауды жүзеге асыру үшiн де бөлiнуi мүмкiн.
       Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.05. N 427   қаулысымен
      5. Кәсiпшiлiк телiмдердiң жағалауынан шеткерi орналасқан iрi балық шаруашылық су қоймаларынан балықтарды және басқа су жәндiктерiн аулау арнайы уәкiлеттi органдардың әрбiр кемеге немесе аулаудың кәсiпшiлiк құралдарына, звеноға немесе әрбiр бригадаға берген рұқсаттары (лицензиялары) бойынша жүзеге асырылады. 
      6. Көлiк және гидротехникалық құрылғылар, темiр жол көпiрлерiнiң, сауда және әскери порттардың, айлақтардың кеме, жасау және кеме жөндеу заводтарының, нығайтылған аудандардың, әскери лагерьлердiң жерлерi белдеуiнде орналасқан балық кәсiпшiлiгi телiмдерiнде балық аулауға құқықты онда өз пайдалануында жер белдеулерi орналасқан ұйымдармен келiсiм бойынша арнайы уәкiлеттi органдар бередi. 
      7. Ғылыми ұйымдар арнайы уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен барлық балық шаруашылық су қоймаларында кез-келген уақытта және кез-келген аулау құралдарымен зерттеу мақсаттары үшiн балық және басқа су жәндiктерiн аулауды жүзеге асыра алады. <*>
       Ескерту. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.05. N 427   қаулысымен
      8. Табиғат қорғау заңнамасы мен осы Ереженiң талаптарын сақтай отырып, барлық су қоймаларынан балықтарды әуесқойлық және спорттық аулауға, жеке тұтыну үшiн басқа да су жәндiктерiн аулауға барлық азаматтарға рұқсат етiледi. <*>
       Ескерту. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.05. N 427   қаулысымен
      9. Шекаралық суларда (су қоймаларында) өнеркәсiптiк мақсатқа және жеке тұтыну үшiн балықтарды және басқа су жәндiктерiн аулау барысында шекаралық режимге қатысты ережелер сақталуы керек. 
      10. Балық аулау мұқтажы үшiн (қоржынды ауды тарту, аулау құралдарын кептiру мен жөндеу, кемелердi жөндеу, тетiктердi қондыру, уақытша тұрғын және өндiрiстiк құрылыстарды салу мен басқа да жұмыстарды жүргiзу) табиғат пайдаланушыларға пайдалану көлемi мен тәртiбiн су және орман ресурстары мемлекеттiк басқару органдарының келiсiмi бойынша жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейтiн жағалау белдеуiн пайдалану құқы берiледi. 
      11. Кәсiпшiлiк телiмдерде балықтар мен басқа да су жәндiктерiн аулауға құқық берiлген табиғат пайдаланушылар арнайы уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша өз күштерiмен және өз қаржылары есебiнен ау тартатын, жүзетiн және басқа аулайтын жерлердi тазалауды жүзеге асыруға, аулау құралдарын iрiктеу жерлерiндегi жағалау телiмдерiнiң тиiстi санитарлық жағдайын ұстауға мiндеттi. 
      12. Су жәндiктерiнiң кейбiр түрлерiнiң қорларын пайдалануды ұтымды жүзеге асыру мақсатында олардың пайдалануына лимит пен квота (үлес) белгiленуi мүмкiн. 
      Балық аулау мен басқа да су жәндiктерiне лимит пен квотаны белгiленген заңдық тәртiппен Республика Үкiметi бекiтедi. 
      13. Су жәндiктерiнiң кейбiр түрлерiн сақтау мен ұдайы өндiру мақсатында оларды белгiленген су қоймаларында (су қоймалары телiмдерiнде) немесе белгiленген мерзiмдерде пайдалануға шаралар мен шек қойылуы белгiленуi мүмкiн. <*>
      Балық және басқа да су жәндiктерiн аулауға шаралар салу мен мұндай шек қою белгiленген тәртiппен бекiтiлген республика су қоймаларында балық аулау ережелерiнде ескертiледi. <*>
       Ескерту. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.05. N 427   қаулысымен
      14. Мыналарға: 
      а) балық шаруашылығы су қоймаларында, жағалауларға және мұздың үстiне өндiрiстiк, коммуналдық, ауыл шаруашылығының және басқа кәсiпорындардың, көлiктiң барлық түрiнiң тазаланбаған және залалсыздандырылмаған қалдық суларын, сондай-ақ өндiрiстiк, тұрмыстық және басқа да қалдықтар мен қоқыстарды төгуге; 
      ә) арнайы уәкiлеттi органдардың келiсiмiнсiз үйiндiлер жасауға және балық уылдырық шашқан су жайылған телiмдердегi бұзылған үйiндiлердi қалпына келтiрудi жүзеге асыруға; 
      б) өзендерге, сағаларға және каналдарға бөгеттер және жаппай тосқауылдар жасауға, балық арнайы уәкiлеттi органдардың келiсiмiмен жүргiзiлетiн санитарлық, гидротехникалық, мелиорациялық шаралардан басқа жағдайда, тоғандардың, көлдердiң суын ысырып ағызуға; 
      в) балық арнайы уәкiлеттi органдардың келiсiмiнсiз өзендердiң бекiре және лосось балықтар уылдырық шашатын жерлерiн сал жүргiзу арқылы ағаш тасымалдауға пайдалануға; 
      г) мұздың үстiне және балық шаруашылықтарының су жайылатын жағалауларына ағаштарды бұтақтағанда, жағаға үйгенде, мұзға үйгенде, сондай-ақ сал үшiн құрылыс салу барысында пайда болатын жаңқаларды, қабықтарды, кесiлген ағаштың ұнтақтары мен басқа да қалдықтарды қалдыруға; 
      Сал жүргiзушi ұйымдар осы мақсатқа пайдаланылатын балық шаруашылығы су қоймаларын батып кеткен ағаштардан және басқа қалдықтардан үнемi тазалап отыруға мiндеттi; 
      ғ) бағалы кәсiпшiлiк балықтардың ұрық шашуын қорғайтын кесуге рұқсат етiлмейтiн орман бөлiктерiнде, сондай-ақ бекiре, лосось балықтарын өсiретiн заводтар, шаруашылықтар ауданындағы су қоймалары жағалауынан үш шақырымға дейiнгi ормандарда (орманды күту, санитарлық, орманды қалпына келтiру үшiн ағаштарды iрiктеп кесу мақсатынан басқа) ағаш дайындау жұмыстарын жүргiзуге; 
      д) балық шаруашылық маңызы бар өзендерде оның арасының үштен екi бөлiгiнен артық жерлердi алатын қоршаулар жасауға; 
      е) балық шаруашылығы су қоймаларында арнайы уәкiлеттi органдардың рұқсатынсыз өзеннiң саязданған бөлiктерiнде кеме және ағаш тасымалдайтын салдар жүруi үшiн судың түбiн тереңдетудiң шұғыл жұмыстарынан, салды өзендерге амалсыз жол ашу, мұз көшкiнi және тасқын кезiнде аварияны болдырмау жөнiндегi жұмыстардан басқа жағдайда, жарылыстар жасауға. 
      Аталған жағдайларда жарылыс жұмыстарын жүргiзу жөнiнде арнайы уәкiлеттi органдарға тез арада хабар беру керек; 
      ж) жарылғыш және улы заттарды қолдана отырып балық және басқа су жәндiктерiн аулауға, сондай-ақ балық аулау кезiнде ататын және басқа тыйым салынған аулау құралдарын қолдануға; 
      з) аулау құралын өзеннiң немесе сағаның енiнiң үштен бiрiнен артық бөлiгiне орналастыруға; 
      и) судың түбiн тереңдету немесе оны тазалау жұмыстары кезiнде алынған топырақты балық уылдырық шашатын жерлерге және қыстайтын шұңқырларға төгуге, сондай-ақ балық шаруашылық су қоймаларында зығыр, сора, терi жууға; 
      к) арнайы уәкiлеттi органдардың келiсiмiнсiз балық аулауға рұқсат етiлмейтiн жерлерде су өсiмдiктерiн дайындауға; 
      қ) балық шаруашылығы су қоймаларына жақын жерлерде белгiленген ереженi сақтамай балық қорлары мен басқа да су жәндiктерi мен өсiмдiктерiне зиян келтiретiн өсiмдiк қорғау, олардың өсуiне ықпал ету құралдарын, минералды тыңайтқыштар мен басқа да құралдарды тасымалдауға, сақтауға және қолдануға; 
      л) бағалы балық түрлерiн, теңiз ұсақ жәндiктерiн, су омыртқасыздарын, уылдырықты, сондай-ақ теңiз жәндiктерiнiң терiлерi мен осы биоқорлардың басқа да өнiмдерiн ауланған жерлерде тиiстi рұқсатсыз сатып алуға және сатуға немесе басқа жолмен алуға; 
      м) балық шаруашылығы су қоймаларында арнайы уәкiлеттi органдардың рұқсатынсыз балықтарды және басқа су жәндiктерi мен өсiмдiктерiн жерсiндiру жұмыстарын жүргiзуге рұқсат етiлмейдi. <*>
       Ескерту. 14-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.05. N 427   қаулысымен
      15. Балық шаруашылығы су қоймаларынан кәсiпорындар қажетi мен суландыру үшiн су қоршап алуды тек арнайы уәкiлеттi органдардың келiсiмiмен балықтың су қорғаны құрылысына түсуiнен қорғау үшiн арнаулы қондырғылар орнатылған жағдайда ғана жүргiзуге болады. 
      16. Балық шаруашылығы су қоймалары жанынан кәсiпорындар, ғимараттар және басқа да объектiлер орналастыру, жобалау, салу, жаңаларын пайдалануға беру, барларын қайта жаңғырту, кеңейту кезiнде, сондай-ақ осы су қоймалары мен оған таяу жерлерде (аймағында) басқа да түрлi жұмыстар жүргiзгенде бiрлестiктер, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар меншiк нысанына қарамастан, табиғат пайдаланушылар арнайы уәкiлеттi органдардың келiсiмiмен жобалар мен сметаларда балық қорын сақтау жөнiндегi шарларды көздеуге және жүзеге асыруға, бөгеттер салғанда су қоймасын балық шаруашылығына толық пайдалануға мiндеттi. <*>
       Ескерту. 16-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.05. N 427   қаулысымен
      17. Арнайы уәкiлеттi органдардың басшылары, олардың орынбасарлары мен арнайы уәкiлеттi органдардың мемлекеттiк инспекторлары мыналарға: 
      а) меншiк нысанына қарамастан, табиғат пайдаланушылардың лауазымды адамдарынан осы Ереже Қазақстан Республикасында балық аулау және басқа да су жәндiктерiн аулау ережесiн бұзғандығы жөнiнде түсiнiктеме беруiн талап етуге; <*>
      ә) осы Ережеде және басқа нормативтiк актiлерде белгiленген балық аулау балық қорын қорғау ережесiн бұзғаны туралы белгiленген тәртiппен хаттама толтырады. Тәртiп бұзушының кiм екенiн сол жерде анықтау мүмкiн болмаған жағдайда мемлекеттiк арнайы уәкiлеттi органдар инспекторы оларды iшкi iстер органдарына немесе жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарына тапсыра алады; 
      б) осы Ереже мен басқа нормативтiк актiлерде белгiленген балық аулау және балық қорын қорғау ережесiн бұзған адамдардан өз құзыры шеңберiнде оларда бар қылмыс жасау, заңсыз балық, басқа да су жәндiктерi мен өсiмдiктерiн аулау құралы болып табылатын аулау, жүзу құралдарын, басқа да көлiк құралдары мен осы мақсатқа пайдаланған заттарын, тиiстi құжаттарын алуға құқылы. 
      Заңсыз ауланған балық және басқа да су жәндiктерi сол жерде немесе оларды қабылдау, өңдеу, өткiзу пункттерiнде де алынады және қажеттi құжаттар толтыру арқылы сол кездегi баға бойынша балық қабылдау пункттерiне немесе сауда ұйымдарына өткiзiледi. 
      Алынған аулау құралдары, жүзу және басқа да көлiк құралдары тәртiп бұзушының жауапкершiлiгi туралы мәселе шешiлгенше, Қазақстан Республикасының заңдарында басқаша көзделмесе, арнайы уәкiлеттi органдардың базаларында немесе осы органдардың қалауы бойынша басқа жерлерде сақталады. 
      Балық аулау ережесiн, аталған Ереженi және басқа нормативтiк актiлердi бұзу туралы қаралған iстiң нәтижесiне байланысты алынған аулау құралдары, жүзу және басқа көлiк құралдары белгiленген тәртiп бойынша кәмпескеленедi немесе иесiне қайтарылады. Тыйым салынған аулау құралдары биоқорлар аулаумен шұғылданатын ұйымдарға сатылады немесе басқа мақсатқа пайдалануға мүмкiн болмаған жағдайда жойылады. 
      Балық аулау мен балық қорғау ережесiн бұзушы адам табылмаған жағдайда ауланған балық пен қалдырып кеткен аулау құралдары мен жүзу құралдарын иесiз ретiнде арнайы уәкiлеттi органдар сатады; 
      в) белгiленген тәртiп бойынша мүлiктерге, көлiк құралдарына тексеру, аулау құралдары мен тәсiлiне байқау, ауланған балықтарға және басқа су жәндiктерiне кәсiпшiлiк жерiнде, қоймаларда, қабылдау пункттерiнде, сондай-ақ кемелерде, басқа да көлiк құралдарында тексеру жүргiзедi; 
      г) қызмет бабымен жол жүргенде бағыты бiр кемелердi, балық және басқа су жәндiктерiн аулаумен шұғылданатын кәсiпорындардың, колхоздардың және басқа ұйымдардың түрлi көлiктерiн тегiн пайдаланады; 
      ғ) осы Ереже мен басқа нормативтiк актiлерде белгiленген балық аулау және балық қорын қорғау ережесiнiң сақталуын тексеру үшiн балық шаруашылығы қоймаларындағы кәсiпорындарға, гидротехникалық ғимараттарға және басқа да ұйымдар мен объектiлерге тосқауылсыз кiредi және анықталған кемшiлiктi жою туралы мiндеттi түрде орындауға жататын нұсқаулар бередi. Арнайы уәкiлеттi органдардың басшылары мен олардың орынбасарларына балық қорын және басқа су жәндiктерiн, олардың тiршiлiк ететiн ортасын, өсiп-өну және көшу жағдайын қорғау жөнiндегi ереже, норма, басқа да талаптар жүйелi түрде бұзылған жағдайда оны қалпына келтiргенге дейiн жұмысты тоқтатуға құқық берiледi. Айрықша режиммен жұмыс iстейтiн объектiлерге кiру белгiленген тәртiп бойынша жүргiзiледi; 
      д) кәсiпорындардың, колхоздардың және басқа табиғат пайдаланушы ұйымдардың олардың түрлерi мен кәсiпшiлiк ауданы бойынша балық және басқа су жәндiктерiн аулау жөнiндегi есеп-қисап материалдарымен танысады; 
      е) балық және басқа су жәндiктерiн аулаумен шұғылданатын кәсiпорындар мен ұйымдардың лауазымды адамдарының балық аулау және балық қорын қорғау ережесiне сай келмейтiн iстерi мен нұсқауларын тоқтатады және бұзады; 
      ж) осы Ереже мен басқа да нормативтiк актiлерде белгiленген балық аулау және балық қорын қорғау ережесiн бұзу нәтижесiнде балық шаруашылығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру қаражатын мемлекет есебiне өндiрiп алу жөнiнде меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындарға және ұйымдарға, сондай-ақ азаматтарға талап қояды; 
      з) балық аулау мен балық қорғау ережесiн бұзуға жол берген лауазымды адамдар мен азаматтарға заңда белгiленген тәртiппен айып салынады. 
      Заңда көзделген жағдайларда аулау тәртiбiн бұзу туралы материалдар кiнәлi адамдарды қылмыстық жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн белгiленген тәртiппен тиiстi органдарға жiберiледi.
       Ескерту. 17-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.05. N 427   қаулысымен
      18. Арнайы уәкiлеттi органдардың басшы қызметкерлерiне (мемлекеттiк инспекторлардың құқын пайдаланушыларға) және мемлекеттiк балық қорғау инспекторларына айырмашылық белгiсi бар тегiн пiшiмдi киiм-кешек және қызметтiк борышын атқару кезiнде қарумен жүруге құқық берiледi.