1. Франциядағы Қазақстан Республикасының Сауда-экономикалық өкiлдiгiне Европа елдерiмен (сауда өкiлдiгi жоқтарымен) үкiметаралық комиссиялардың жұмыс аппаратының мәртебесi берiлсiн.
2. Франциядағы Қазақстан Республикасы Сауда-экономикалық өкiлдiгiнiң Қазақстан Республикасының министрлiктерiмен және ведомстволарымен бiрлесiп Европа елдерiмен сауда-экономикалық келiсiмдерiн әзiрлеуге, сондай-ақ мемлекеттiк, акционерлiк, холдингтiк және жеке компанияларды қоса алғанда, экономикалық құрылымдардың бiрлескен интеграциясына қолайлы жағдайлар жасауға қатысуы аса маңызды мiндетi деп саналсын.
3. Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қамту және Европа елдерiнде (Сауда өкiлдiгi жоқтарына) үкiметаралық келiсiмдердiң орындалуына бақылау жасау мақсатында Франциядағы Қазақстан Республикасының Сауда-экономикалық өкiлдiгiне қосымша мәртебе берiлiп және Парижде штаб-пәтерi белгiленiп, Европада Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сауда-экономикалық мүдделерiн жүргiзу ұсынылсын.
4. Франциядағы Қазақстан Республикасының Сауда-экономикалық өкiлдiгi шет елдегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық мекемесi мәртебесiнде өзiн-өзi қаржыландыру жағдайында 1995 жылдың 1 наурызынан бастап жұмыс iстеп жатқан Басқарма құқындағы
Министрлер Кабинетiнiң құрылымдық экономикалық бөлiмшесi болып саналсын. 5. Европа мемлекеттерiндегi Қазақстан Республикасының Елшiлiктерi Франциядағы Қазақстан Республикасы Сауда-экономикалық өкiлдiгiнiң қызметiне жәрдем беретiн болсын. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары