"Қазақстан Республикасының Орман кодексiн күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 23 қаңтардағы N 1925 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы ормандарының жай-күйiне, өсiрiлуiне, қорғалуына, сақталуы мен пайдаланылуына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 21 наурыздағы
N 317 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы ормандарының жай-күйiне,
өсiрiлуiне, қорғалуына, сақталуы мен пайдаланылуына
мемлекеттiк бақылау жөнiндегi
ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасы ормандарының жай-күйiне, өсiрiлуiне, қорғалуына, сақталуы мен пайдаланылуына мемлекеттiк бақылаудың өзiндiк мiндеттерi - ормандарды пайдаланудың белгiленген тәртiбiн, орман шаруашылығын жүргiзудiң, ормандарды өсiрудiң, оларды есепке алудың, қорғау мен сақтаудың ережелерiн, сол сияқты экологиялық және ресурстық қуатты арттыру мақсатында орман мониторингi мен орман орналастырудың дұрыс жүргiзiлуiн, орман ресурстарын ұтымды және сарықпай пайдалануды қамтамасыз етудiң орман заңдарында көзделген басқа да ережелермен нормаларды барлық заңды ұйымдар мен нақты адамдардың (оның iшiнде орман шаруашылығының мемлекеттiк органдарының) орындауын және берiк сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттiк бақылау орманды таза сақтау, өрттердiң, зиянкестер мен аурулардың ошақтарын анықтау және жою жөнiндегi, сол сияқты ормандарды пайдаланудың белгiленген тәртiбiн бұзушылықтың алдын алу және оған жол бермеу, ормандарды өсiру, қорғау, сақтау және оларды есепке алудың, ормандардағы өрт қауiпсiздiгi талаптарының, заңсыз ағаш кесуге жол бермеудiң және орманға зиян келтiретiн басқа да әрекеттердiң ережелерi мен нормативтерi жөнiндегi ұйымдастыру және технологиялық шаралардың ғылыми негiзделген кешенiнiң жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге негiзделедi және орман қоры жерлерiнiң тиiстi мақсатқа пайдаланылуын, орман қоры жерлерiндегi өсiмдiк және жануарлар дүниесiн қорғау мен ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиiс.
2. Ормандардың жай-күйiне, өсiрiлуiне, қорғалуына, сақталуы мен пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды Қазақстан Республикасы орман шаруашылығы басқармасының мемлекеттiк органдары, сондай-ақ аталған Ережеде белгiленген тәртiппен өз құзыры шегiнде осыған арнайы өкiлдiгi бар басқа да органдар жүзеге асырады.
3. Ормандардың жай-күйiне, өсiрiлуiне, қорғалуына, сақталуы мен пайдаланылуына мемлекеттiк бақылау мыналарды:
аэроғарыштық және жер үстiлiк iрiктеп алу әдiстерiн пайдаланатын орман мониторингiн;
жекелеген объектiлер және бағдарламалар бойынша мақсатты мамандандырылған бақылауды;
кешендi оқтын-оқтын жүргiзiлетiн орман орналастыру бақылауын;
аймақтық инспекторлық бақылауды қамтиды.
4. Қазақстан Республикасының орман шаруашылығы жүйесiнде ормандардың жай-күйiне, өсiрiлуiне, қорғалуына, сақталуы мен пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi өкiлеттiк осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк орман қорғау, сондай-ақ мемлекеттiк бақылаудың (оның iшiнде облысаралық) бөлiмдерi немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк орман қорғауы құрамына енетiн орман шаруашылық өндiрiстiк бiрлестiктердiң аппараттарындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi жекелеген мамандарына, республикалық бағыныстағы орман шаруашылығының кәсiпорындары мен ұйымдарына берiлген.
5. Орман шаруашылығы басқармасының мемлекеттiк органдары жанынан ормандардың жай-күйiне, өсiрiлуiне, қорғалуына, сақталуы мен пайдаланылуына бақылау жөнiндегi қоғамдық орман инспекциялары құрылады, олардың қызметтерi орман шаруашылығы басқармасының органы бекiтетiн тиiстi Ережемен реттеледi.
6. Орман шаруашылығы басқармасының республикалық органының төрағасы лауазымы бойынша сонымен бiрге Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бас орман инспекторы болып табылады. Ормандардың қорғалуына, сақталуына, пайдаланылуына және өсiрiлуiне (оның iшiнде жануарлар дүниесiн) мемлекеттiк бақылау мәселелерiмен айналысатын орман шаруашылығы басқармасы Республикалық органы төрағасының орынбасары лауазымы бойынша сонымен бiрге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Бас орман инспекторының орынбасары болып табылады.
Ормандардың сақталуына, қорғалуына, пайдаланылуына және өсiрiлуiне (оның iшiнде жануарлар дүниесiн) мемлекеттiк бақылау мәселелерiмен айналысатын орман шаруашылығы басқармасы республикалық органының басқарма бастықтары мен бөлiмдердiң бас мамандары, республикалық бағыныстағы орман шаруашылығы кәсiпорындары мен ұйымдарының басшылары (авиабаза, орман орналастыру кәсiпорны, "Казгипролесхоз" институты, Республикалық орман инженерлiк селекциялық-тұқым шаруашылығы орталығы және басқалар), мемлекеттiк бақылаудың облысаралық бөлiмдерiнiң бастықтары лауазымы бойынша сонымен бiрге Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аға орман инспекторы болып табылады.<*>
Ормандардың қорғалуына, сақталуына, пайдаланылуына және өсiрiлуiне (оның iшiнде жануарлар дүниесiн) мемлекеттiк бақылау мәселелерiмен айналысатын орман шаруашылығы басқармасы республикалық органының басқармалары мен бөлiмдерiнiң жетекшi, аға мамандары, басшылардың орынбасарлары, бөлiм бастықтары, сондай-ақ ормандардың қорғалуы, сақталуы, пайдаланылуы және өсiрiлуi мәселелерiмен айналысатын республикалық бағыныстағы орман шаруашылығы кәсiпорындары мен ұйымдардың барлық категориядағы мамандары, мемлекеттiк бақылаудың облысаралық бөлiмдерi бастықтарының орынбасарлары мен мамандары, авиазвенолардың командирлерi, авиация десанттары топтарының нұсқаушылары лауазымы бойынша сонымен бiрге Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман инспекторлары болып табылады.
Облыстардағы орман шаруашылығы өндiрiстiк бiрлестiгiнiң басшылары лауазымы бойынша сонымен бiрге тиiстi облыстық мемлекеттiк бас орман инспекторы болып табылады.
Бас орманшы және орман шаруашылығы өндiрiстiк бiрлестiгiнiң мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бөлiм бастығы (бөлiм болмаған жағдайда, осы мәселе жөнiндегi маман) лауазымы бойынша сонымен бiрге облыстық мемлекеттiк бас орман инспекторының орынбасары болып табылады.
Ормандардың қорғалуы, сақталуы, пайдаланылуы және өсiрiлуi (оның iшiнде жануарлар дүниесiн) мәселелерiмен айналысатын орман шаруашылық өндiрiстiк бiрлестiгi авиабөлiмшелерiнiң бастықтары, бөлiмдердiң бастықтары мен бас мамандары, мемлекеттiк бақылау бөлiмiнiң мамандары лауазымы бойынша сонымен бiрге облыстық мемлекеттiк аға орман инспекторы болып табылады.
Ормандардың қорғалуы, сақталуы, пайдаланылуы және өсiрiлуi (оның iшiнде жануарлар дүниесiн) мәселелерiмен айналысатын орман шаруашылық өндiрiстiк бiрлестiгiнiң жетекшi, аға және басқа мамандары, байқаушы-ұшқыштар лауазымы бойынша сонымен бiрге облыстық мемлекеттiк орман инспекторы болып табылады.
Мемлекеттiк орман шаруашылығы (орман-аңшылық) кәсiпорынының (ұйымның) директоры лауазымы бойынша сонымен бiрге аталған кәсiпорын қызметi аудандарындағы мемлекеттiк аға орман инспекторы, ал осы кәсiпорынның (ұйымның) бас орманшысы кәсiпорын (ұйым) қызметi аудандарындағы мемлекеттiк аға орман инспекторының орынбасары болып табылады.
Орманшы, орманшының көмекшiсi лауазымы бойынша сонымен бiрге орманшылық орналасқан аудандардағы мемлекеттiк орман инспекторы болып табылады.
Орман шеберi, орманшы және орманшы-егер лауазымы бойынша сонымен бiрге күзетiлетiн учаскелер аудандарындағы мемлекеттiк орман инспекторы болып табылады.
Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.06. N 454
қаулысымен.
7. Орман шаруашылығы жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау органдары өздерiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мыналардың орындалуын:
а) заңды ұйымдар мен нақты адамдардың, олардың қайсы ведомство мен аумаққа жататынына қарамастан, Қазақстан Республикасының орман заңдарын жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы өкiмет органдарының ормандарды пайдалану, өсiру, қорғау мен сақтау мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiн, сол сияқты орман шаруашылығы басқармасының республикалық органы шығаратын нормативтiк актiлердi, орман шаруашылығын жүргiзу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттарды берiк сақтауын;
ә) ормандардың мемлекеттiк есебiнiң және мемлекеттiк орман кадастры құжаттамаларының, орман қорының жай-күйiн сипаттайтын басқа да техникалық құжаттамаларының дұрыс жүргiзiлуiн қадағалауды;
б) су қорғауды, қоршаған ортаны, сақтау, санитарлық-гигиеналық, сауықтыру, қоршаған ортаны құрайтын және ормандардың табиғи пайдалылық қасиеттерiн, олардың экологиялық жай-күйiн қолдау жөнiндегi жүргiзiлетiн шаралардың сапасын;
в) орман орналастырудың жобаларында, жоспарларында, мемлекеттiк тапсырыста, ормандардағы өртке қарсы қондырғылардың арнайы техникалық жобаларында, орманды қалпына келтiру, орман өсiру, орманды баптау және басқа орман шаруашылық қызметiнде көзделген орман шаруашылық жұмыстардың орындалуы сапасын;
г) Қазақстан Республикасының ормандарында түбiрi кесiлмеген сүректi босату Ережелерiн, ағаш кесу Ережесiн және орманды қосалқы пайдалануды жүзеге асыруды қадағалауды;
ғ) орман қорының жалға берiлген учаскелерiн (оның iшiнде ұзақ мерзiмге пайдалануға) пайдалану шарттары мен тәртiбiнiң сақталуын;
д) ормандарды ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру мақсатында және аңшылық шаруашылық мұқтаждары үшiн пайдалану тәртiбiн сақтауды;
е) ормандардағы табиғат ескерткiштерiнiң, қорықтардың және табиғи ұлттық парктер режимiн сақтауды;
ж) ормандарды пайдалану және олардың органдарының құрылыс салу, жарылыс жүргiзу, пайдалы қазбаларды өндiру, кабель жүргiзу, құбыр және басқа жүйелердi салу, кен қазу және басқа орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануды жүзеге асыруға байланысты емес жұмыстар кезiнде оларды қорғау тәртiбiнiң сақталуын;
з) орман қоры жерлерiнiң тиiстi мақсатта пайдаланылуын және сол жерлердiң қорғалуын;
и) ағаш тұқымдарын аударыстыру, ағаш тұқымдарын жинастыру, сақтау, өңдеу және сапалық ережесiнiң, қорық шаруашылығын жүргiзу, егiлетiн материалдарды өсiрудiң озық әдiстерiн енгiзу ережелерiнiң сақталуын;
к) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары сақталуының, орман және өрттердiң шығуын, таралуының алдын алу жөнiндегi шаралардың, оны дер кезiнде байқап, оқшаулап, жоюды қамтамасыз етудiң, сондай-ақ орман қорындағы өрт шалған аумақ көлемiнiң дұрыс есепке алынуының, орман қоры мен орман шаруашылығына өрттiң келтiрген зияны мен нұқсанын анықтау, орман өрттерiнiң зардаптарын жою жөнiндегi шаралардың дер кезiнде қабылдануының орындалуын;
қ) Қазақстан Республикасының ормандарында Санитарлық ережелердiң, ормандарды зиянкестер мен аурулардан сақтау жөнiндегi шаралардың, орман зиянкестерi мен аурулары ошақтарының пайда болуы, таралу себептерiн дұрыс әрi дер кезiнде есепке алу, болжау, су басудан, сорланудан, ағын сулардан және басқа шаруашылыққа керi әсерiн тигiзетiн басқа да әрекеттерден ағаштардың нашарлауы мен бүлiнуiнiң алдын алу жөнiндегi шаралардың дер кезiнде қабылдануының орындалуын;
л) ормандағы жұмыстарға өндiрiстiң экономикалық тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн және орман шаруашылығын жүргiзу мен табиғи ортаны сақтау талаптарына жауап беретiн жаңа техниканы, өркениеттi технологияны, озық тәжiрибенi енгiзудiң қолданылуын қамтамасыз етедi және оларға бақылауды жүзеге асырады.
8. Ормандардың жай-күйiне, өсiрiлуiне, қорғалуына, сақталуы мен пайдаланылуына мемлекеттiк бақылау органдары мына мiндеттердi:
а) қызметтiк ведомстволық бақылау мәселелерi бойынша орман шаруашылығы басқармасы органдарының құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн үйлестiредi;
ә) белгiленген тәртiппен жергiлiктi өкiмет органдарының шешiмдерi туралы, барлық орман пайдаланушылар үшiн мiндеттi болып табылатын орман шаруашылығын жүргiзу және орман ресурстарын пайдалану мәселелерi бойынша орман шаруашылығы басқармасы республикалық органының нормативтiк-техникалық және басқа актiлерi туралы тиiстi заңды ұйымдар мен нақты адамдарды хабардар етедi;
б) Қазақстан Республикасының ормандарында шаруашылықты жүргiзу мәселелерi бойынша өз құзырының шеңберiнде белгiленген тәртiпте қорытындылар, ұйғарым-жазбалар, ұсыныстар бередi;
в) мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру, бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ орман жүргiзу, орман шаруашылық және экономикалық нормативтердi әзiрлеу мәселелерi бойынша ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң тақырыптық жоспарлары жөнiнде қорытындылар бередi және ұсыныстар енгiзедi;
г) орман шаруашылығын жүргiзу және орман ресурстарын пайдалану үшiн бақылауды ұйымдастыруда орманды пайдаланушыларға қажеттi көмек көрсетедi;
ғ) орман заңдарын насихаттауға қатысады, ормандарды пайдалануды, өсiрудi, қорғау мен сақтауды жақсарту жөнiндегi шараларға қатысады;
д) қоғамдық орман инспекцияларының жұмысын үйлестiредi.
9. Мемлекеттiк бақылау (оның iшiнде облысаралық) бөлiмдерi мемлекеттiк орман қорғаудың мемлекеттiк бақылау қызметiн орындау жөнiндегi жұмысын ұйымдастырады, жоспарлайды және үйлестiредi.
10. Мемлекеттiк орман инспекторларына олардың өз құзыры шеңберiнде мынадай:
а) орман шаруашылығын жүргiзу, орманды пайдалану, өсiру, қорғау, сақтау жөнiндегi барлық жұмыстар түрлерi мен шараларды тексерудi жүзеге асыру, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргiзуге және ормандарды пайдалануды жүзеге асыруға байланысты емес орман өндiрiсi жұмыстарына белгiленген тәртiптi сақтауды қадағалау, ашылған тәртiп бұзушылық турасында хаттама жасау;
ә) белгiленген үлгiдегi қызмет куәлiгiн көрсету арқылы мемлекеттiк, кооперативтiк және басқа кәсiпорындарға (бiрлестiктерге), мекемелерге, ұйымдарға және басқа объектілерге, олардың қай ведомство мен аумақтық бағыныстылығына қарамастан, ормандардың жай-күйiне, пайдаланылуына, өсiрiлуiне, қорғалуы мен сақталуына тексеру жүргiзу үшiн кедергiсiз кiру;
б) министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, ведомстволардан, кәсiпорындардан (бiрлестiктерден), мекемелерден және ұйымдардан статистикалық және водомстволық есеп беру жөнiнде көзделген көрсеткiштер бойынша ормандарға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтердi, анықтамаларды, ақпараттарды және басқа материалдарды тегiн алу;
в) министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың, кәсiпорындардың (бiрлестiктердiң), ғылыми-зерттеу, жобалау-iздестiру мекемелерiнiң, ұйымдар басшыларының келiсiмiмен талдау, сараптау, қорытындылар беру үшiн, сондай-ақ ормандардың пайдаланылуын, өсiрiлуiн, қорғалуы мен сақталуын жақсарту жөнiндегi шаралардың жүзеге асырылуын тексеруге қатыстыру үшiн жекелеген мамандарды тарту;
г) кәсiпорындарға (бiрлестiктерге), мекемелер мен ұйымдарға, олардың қай ведомствоға және аумақтық бағыныштылығына қарамастан, орманда жұмыс жүргiзушi лауазымды адамдар мен азаматтарға ормандарды пайдалануды, өсiрудi, қорғау мен сақтауды жақсарту жөнiндегi тиiстi шаралар жүргiзу туралы талаптар қою, оларға орман шаруашылығын жүргiзу, орманды пайдалану, өсiру, қорғау мен сақтау ережелерiн бұзуды жоюды орындау үшiн мiндеттейтiн нұсқау беру;
ғ) орман шаруашылығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру үшiн, орман пайдалану ережелерiн бұзғаны, орман ресурстарын ұтымсыз пайдаланғаны үшiн, сондай-ақ ормандарды (оның iшiнде өртпен) бүлдiргенi және жойғаны үшiн белгiленген тәртiпке сәйкес нақты адамдар мен заңды ұйымдарға (оның iшiнде шетелдiктерге) зиянды өтеуге байланысты айып тарттыру;
д) белгiленген тәртiппен министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың, кәсiпорындардың (бiрлестiктердiң), мекемелердiң және ұйымдардың, жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарының басшыларына орман заңдарының ережелерi мен нормаларының бұзылуына жол берген лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде ұсыныс енгiзу, ал қажет жағдайда айыпты адамдарды қылмыстық жауапкершiлiкке тарту туралы мәселенi шешу үшiн материалдарды прокуратураға тапсыру;
е) ормандарды пайдалану, өсiру, қорғау және сақтау ережелерiн бұзған жағдайда бекiтiлiп берiлген ормандар мен ағаш кесу қорын пайдалану құқын тоқтатып қою, тыйым салу және ұсыныс енгiзу;
ж) белгiленген тәртiпке сәйкестелмей берiлген ағаш кесу билеттерiн, орман билеттерiн жою;
з) орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн берiлген жер учаскелерiн пайдалану құқына арналған құжаттарды тексеру, егер осы жерлер игерiлсе немесе өз мақсатында пайдаланылмаса, онда орман қорындағы жұмысты тоқтатып қою құқы берiледi.
11. Мемлекеттiк бас орман инспекторларына, олардың орынбасарларына, мемлекеттiк аға орман инспекторларына, олардың орынбасарларына ормандардың жай-күйi мен өсiрiлуiне қауiп төндiретiн, Қазақстан Республикасының ормандарындағы орман заңдары, өрт қауiпсiздiгi талаптары мен Санитарлық ережелердi өрескел бұзушылықпен жүзеге асырылып отырған ормандарда жұмыстарды iшiнара немесе толық тоқтатып қою құқы берiледi.
12. Орманға мемлекеттiк бақылау органдарының белгiленген тәртiпке сәйкес, ормандардағы орман пайдалану, өсiру, қорғау және сақтау ережелерi ұдайы бұзылған жағдайда, орман пайдаланушыларға орман қорынан уақытша пайдалануға берiлген жерлердi қайтарып алу жөнiнде ұсыныс жасауға құқы бар.
13. Орман шаруашылығы мен орман пайдалануды жүзеге асыратын, орман қоры аумағында объектiлерi бар және орман шаруашылығын жүргiзу мен ормандардың жай-күйiне, өсiрiлуiне ықпал ететiн орман пайдалануды жүзеге асыруға қатысы жоқ шараларды өткiзетiн мемлекеттiк, кооперативтiк және басқа кәсiпорындардың (бiрлестiктердiң), ұйымдар мен мекемелердiң басшылары мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырушы лауазымды адамдарға тексерiс жүргiзуге (автомобиль көлiгiмен немесе басқа да көлiк құралдарымен, байланыс құралдарымен) қажеттi жағдайлар жасауға, өндiрiстiк-техникалық құжаттамаларды беруге және аталған бақылауды жүзеге асырушы органдардың құзырына жататын мәселелер бойынша түсiнiктер беруге мiндеттi.
14. Арнаулы объектiлердiң пайдаланылуына берiлген ормандардың жай-күйiне, өсiрiлуiне, сақталуына, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды тиiстi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен және ведомстволармен келiсiм бойынша орман шаруашылығы басқармасының республикалық органдары белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бақылау органдары жүзеге асырады.
15. Ормандардың жай-күйiне, өсiрiлуiне, қорғалуына, сақталуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы жүйесiнiң мемлекеттiк бақылау органдары мен осыған арнайы өкiлеттiгi бар басқа да органдар өз жүйесiнде орман шаруашылығын және онда басқа жұмыстар жүргiзетiн кәсiпорындары (бiрлестiктерi), мекемелерi мен ұйымдары бар министрлiктердi, мемлекеттiк комитеттердi және ведомстволарды орман заңдарының талаптары сақталуын олардың ұдайы бақылап отыру мiндетiнен босатпайды.
16. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырушы лауазымды адамдар өздерiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны және берiлген құқықты дұрыс пайдаланбағаны үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен жауап бередi.
17. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырушы лауазымды адамдардың iс-әрекетi белгiленген заңдық тәртiппен шағымдалуы мүмкiн.