1. Қазақстан Республикасының Ұлттық музей қоры туралы
Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр). 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, қарамағында музей мекемелерi бар министрлiктер мен ведомстволар Қазақстан Республикасының Ұлттық музей қоры туралы Ереженi басшылыққа алатын болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 наурыздағы N 238 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық музей қоры туралы Ереже
Қазақстан Республикасының Ұлттық музей қоры туралы Ереже "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық музей қоры туралы Ереже Қазақстан Республикасының мүддесiне сай қордың құрамын, оны ұйымдастыру, қорғау және пайдалану тәртiбiн белгiлейдi.
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық музей қоры (бұдан әрi - Ұлттық музей қоры) Қазақстан Республикасының аумағындағы ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, мемлекеттiк музейлерде, меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қарамағындағы, сондай-ақ қоғамдық негiзде құрылған музейлерде сақталатын тарихи, ғылыми, көркем музейлiк немесе өзге де мәдени құндылығы бар, отандық және дүниежүзiлiк тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң жиынтығын, сондай-ақ табиғи тарихтың коллекциялары мен жекелеген құнды, сирек кездесетiн және бiрегей заттарын құрайды.
2. Мемлекеттiк қорықтар мен ашық аспан астындағы музейлердегi жылжымайтын тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауды, есепке алуды, одан әрi бүлiнуiн тоқтатуды, қайта жаңғырту мен пайдалануды қамтамасыз ету тәртiбi "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленедi.
3. Ұлттық музей қорының жай-күйi мен пайдаланылуын мемлекеттiк басқару және бақылау органы Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi мен оған бағынышты органдар болып табылады.
4. Ұлттық музей қоры ғылым мен мәдениеттi дамыту, патриоттық, интернационалдық, адамгершiлiк және эстетикалық тәрбие беру мақсатында, жылжымалы тарихи және мәдени ескерткiштерiн барынша толық табу, орталықтандырылған түрде есепке алу, жинақтау, сақталуын қамтамасыз ету, зерделеу және пайдалану үшiн, сондай-ақ Қазақстан халықтарының рухани қажетсiнуiн қанағаттандыру үшiн құрылады.
5. Ұлттық музей қоры Қазақстан халықтарының тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлiгi болып табылады және Қазақстан Республикасының айрықша меншiгi ретiнде мемлекеттiң қорғауында болады. Ұлттық музей қоры қоғам мен мемлекеттiң қажетiн қанағаттандыруға және шынайы тарих туралы ой-пiкiрдi, ұлтаралық сыйластық пен келiсiмдi қалыптастыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыруға қызмет етедi.
Ұлттық музей қорының қазыналарын сақтап, еселей түсу - бүкiлхалықтық iс, мемлекеттiк органдардың, мекемелер мен кәсiпорындардың, ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң және ұйымдардың, барлық лауазымды адамдардың мiндетi, Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының борышы.
II. Ұлттық музей қорының құрамы
6. Ұлттық музей қорының құрамына Қазақстан Республикасының аумағынан заңсыз әкетiлген Қазақстан халықтары мен басқа елдердiң және барлық дәуiрдегi халықтардың өмiрiндегi елеулi оқиғаларды, қоғамның, мемлекеттiң және табиғи тарихтың дамуын бейнелейтiн жылжымалы тарихи және мәдениет ескерткiштерi енедi.
7. Мыналар жылжымалы тарихи және мәдени ескерткiштерi болып табылады:
тарихқа қатысты заттар, оның iшiнде халық өмiрiндегi тарихи оқиғалармен, қоғам және мемлекет дамуымен, ғылым мен техника тарихымен, сондай-ақ ғылымның, мәдениет пен өнердiң көрнектi қайраткерлерiнiң өмiрiмен байланысты заттар;
археологиялық қазба материалдары мен олардың сынықтары;
алып өнердiң архитектуралық көркемдiк, тарихи ескерткiштерiнiң құрамдас бөлiктерi мен сынықтары;
көркемдiк құндылықтар: барлық негiзде тұтас қолмен және кез келген материалдардан жасалған картиналар мен суреттер, декоративтiк-қолданбалы өнер мен дәстүрлi халықтық көркем кәсiпшiлiк туындыларының гравюралары, эстамптары, литографиялары;
жекелей немесе жиынтықты түрде ерекше мүдденi бейнелейтiн (тарихи, көркемдiк, ғылыми және басқа) ескi кiтаптар мен басылымдар;
сирек кездесетiн қолжазбалар мен өзге де құжаттар;
жеке немесе жиынтықты түрдегi почта маркiлерi, өзге де филателиялық материалдар;
архивтер, фоно, сурет, бейне және киноархивтерi, сондай-ақ архивтiк материалдар;
бiрегей музыка аспаптары;
монеттер, медальдар, печаттар мен басқа да жиынтықты материалдар;
этнологиялық және этнографиялық материалдар;
палеонтологиялық мүдденi бейнелейтiн флоралар мен
фауналардың, минералогиялардың, анатомиялар мен заттардың сирек коллекциялары мен үлгiлерi. 8. Музейлерде сақтаулы жатқан тарих пен мәдениеттiң құжаттық ескерткiштерi, олар сонымен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құрамына енедi, олардың мемлекеттiк есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз ету тәртiбi Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры туралы Заңымен белгiленедi. III. Ұлттық музей қорын ұйымдастыру 9. Ұлттық музей қорының негiзгi сақтау орындары: Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi жүйесiндегi мемлекеттiк музейлер мен музей-қорықтары; мемлекеттiк көрмелер, галереялар мен көркемсурет қорлары; басқа министрлiктер мен ведомстволарға бағынышты мемлекеттiк музейлер;
меншiк нысанына қарамастан, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қарамағындағы, сондай-ақ қоғамдық негiзде құрылған музейлер болып табылады.
10. Ұлттық музей қорының құрамына енетiн және қоғамдық негiзде құрылған музейлердегi жылжымалы тарих және мәдениет ескерткiштерiн дұрыс сақтап, оның пайдаланылуын бақылап отыру мақсатында тиiстi бейiндегi мемлекеттiк музейлерде есепке алынады.
11. Музейлердiң қызметi тоқтатылған жағдайда, олардағы жылжымалы тарих және мәдениет ескерткiштерi белгiленген тәртiп бойынша тиiстi бейiндегi және жүйедегi мемлекеттiк музейлердiң қорларына берiледi.
12. Ұлттық музей қорының ескерткiштерiн жинақтау, есепке алу, сақтау, жаңғырту, ғылыми жағынан зерделеу және пайдалану тәртiбi олардың бағыныштылығына қарамастан, республикадағы барлық музейлерге мiндеттi болып табылатын Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң ережелерiмен және нұсқауларымен белгiленедi.
13. Жылжымалы тарих және мәдениет ескерткiштерiн Қазақстан Республикасының музей қорына жатқызу туралы мәселелердi қарау мен шешу үшiн мемлекеттiк және ведомстволық музейлердiң жанынан Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi бекiткен ереже негiзiнде жұмыс iстейтiн сатып алу-қор комиссиясы құрылады.
Сатып алу-қор комиссиясы жылжымалы ескерткiштердi сатып алу бағасын дүниежүзiлiк нарық бағасының нысанасын, тарихи, ғылыми, көркемдiк, мәдени, музейлiк және өзге де құндылығын ескере отырып, музейдiң қаржы мүмкiндiгiне қарай өздерi тағайындайды. Даулы мәселелер Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi жанынан құрылған, құрамына ғалымдар, жоғары бiлiктi музей қызметкерлерi мен шығармашылық одақтардың өкiлдерi, сондай-ақ оған тартылған шетел мамандары мен сарапшылары енген Орталық сараптау комиссиясында шешiледi.
14. Ұлттық музей қорының құрамына енген коллекциялар мен жекелеген заттарды бiр музейден екiншi музейге, басқа мекемелерге беру тек музейлердiң келiсiмi бойынша ғана және өздерi бағынатын министрлiктер мен ведомстволардың жазбаша рұқсатымен жүзеге асырылады.
15. Кәсiпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан және жеке азаматтардан бұрын қабылданған және сатып алынған Ұлттық музей қорының құрамына енген коллекциялар мен жекелеген заттар (заңсыз алынғандардан басқасы) бұрынғы иелерiне және оның мұрагерлерiне қайтарылмайды.
IV. Ұлттық музей қорын қалыптастыру және
толықтыру көздерi
16. Ұлттық музей қорын толықтыру:
министрлiктер мен ведомстволардың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, жергiлiктi өкiмет органдарының, ұжымдық және қоғамдық ұйымдардың орталықтандырылған қаражаты есебiнен;
музейлердiң өз қаражаты, сондай-ақ музейлерге бөлiнген қаражат есебiнен музейлiк маңызы бар заттарды сатып алу жолымен жүзеге асырылады.
17. Музейлерге белгiленген тәртiп бойынша:
соттың үкiмдерi, ұйғарымдары мен қаулылары негiзiнде тәркiленген немесе осындай өкiлеттiгi бар басқа да мемлекеттiк органдардың шешiмдерiмен мемлекет меншiгiне алынған мүлiктер, сондай-ақ белгiленген тәртiп бойынша иесiз деп танылған мүлiктер немесе мұрагерлiк құқықпен мемлекет иелiгiне өткен коллекциялар мен музейлiк маңызы бар жекелеген заттар;
археологиялық қазбалар ғылыми экспедициялар кезiнде табылған ғылыми немесе тарихи-көркемдiк жағынан немесе өзгедей құндылық деп табылатын қазыналар, заттар немесе заттар жиынтығы (бiртұтас) ретiнде берiледi.
18. Музейлiк маңызы бар заттар кәсiпорындардан, мекемелерден, ұйымдар мен жеке азаматтардан сыйға тарту және мұраға қалдыру жолымен қабылдануы мүмкiн.
V. Ұлттық музей қорын пайдалану
19. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалану музейлер мен көрмелер жүйесi арқылы қамтамасыз етiледi.
Музейлер өз бағдарына сәйкес Ұлттық музей қорының жылжымалы тарих және мәдениет ескерткiштерiн жинақтап, есепке алады, сондай-ақ олардың сақталуын, зерделенуi мен насихатталуын қамтамасыз етедi. Музейлер белгiленген тәртiппен музей қорындағы әртүрлi басылымдар әзiрлеудi, оларды шығару мен таратуды жүзеге асырады.
20. Ұлттық музей қорының ескерткiштерiн ғылыми-зерттеу экспозиция-көрме, мәдени-ағарту және баспа iсi мақсатына пайдалану олардың сақталуын қамтамасыз ететiн директордың жазбаша рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
21. Ұлттық музей қоры құрамына кiретiн тарих және мәдениет ескерткiштерiн Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi берген ерекше рұқсатпен iшiнара жағдайда ғана рұқсат етiледi.
Тарих және мәдениет ескерткiштерi бүлiнген, ұрланған немесе тарихи-мәдени құндылығы жоғалған, сондай-ақ жекелеген объектiлер тарихи-мәдени құндылық деп табылмағаны туралы шешiм шығарған жағдайда оларды Ұлттық музей қорының құрамынан шығару тәртiбi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен және нормативтi актiлерiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң нұсқауларымен реттеледi.
VI. Ұлттық музей қорының жылжымалы тарих және
мәдениет ескерткiштерiн мемлекеттiк есепке алу
22. Ұлттық музей қорын құрайтын жылжымалы тарих және мәдениет ескерткiштерi мемлекеттiк есепке алынуға тиiс.
Жылжымалы тарих және мәдениет ескерткiштерiн мемлекеттiк есепке алуға оларды табу, зерделеу және олардың ғылыми, көркемдiк, тарихи, музейлiк немесе өзге де мәдени құндылығын анықтау мен есепке алу құжаттарын жасау жатады.
Жылжымалы тарих және мәдениет ескерткiштерiн мемлекеттiк есепке алу тәртiбiн сақтамау "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғандық болып табылады және Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауапқа тартылады.
VII. Ұлттық музей қоры ескерткiштерiн
сақтауға жауапкершiлiк
23. Ұлттық музей қорының жылжымалы тарих және мәдениет ескерткiштерiн есепке алу, сақтау, пайдалану және жаңғырту тәртiбiн бұзған, сондай-ақ өздерiнiң iс-әрекетiмен немесе жауапсыздығынан аталған ескерткiштердiң ұрлануына, бүлiнуiне немесе заңсыз жойылуына жол берген лауазымды адамдар мен азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық, әкiмшiлiк, тәртiптiк, материалдық және өзге де жауапкершiлiкке тартылады.
Ұлттық музей қорына келтiрiлген залал ескерткiштердiң Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң сараптау Комиссиясы белгiлеген тарихи, ғылыми, көркемдiк, музейлiк және өзге де мәдени құндылығын ескере отырып, өтелуге тиiс.