TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестiрушiсi туралы<*> Ескерту. Н.Қ. Есенғарин және А.А. Тiлеубердин мiндеттерiнен босатылған - ҚРҮ-нiң 1996.04.26. N 515 ~P960515 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 13 қаңтар N 49

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Б.I.Iзтiлеуов ТАСIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестiрушiсi мiндетiнен босатылсын.
      2. ТАСIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестiрушiсi мiндетi Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Н.Қ.Есенғаринге жүктелсiн.
      3. ТАСIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық үйлестiрушiсiнiң орынбасары болып Қазақстан Республикасының Экономика министрi А.А.Тiлеубердин белгiленсiн.
      4. ТАСIS бағдарламасы бойынша жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары өкiлдерiнiң құрамында ТАСIS бағдарламасының Ұлттық үйлестiрушiсi жанынан Кеңес құрылсын.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне:
      бiр ай iшiнде Кеңестiң жеке құрамын белгiлеп, ТАСIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық үйлестiрушiсiнiң бекiтуiне ұсыну;
      ТАСIS бағдарламасы бойынша орындалатын жобаларды үйлестiру;
      ТАСIS бағдарламасына кiргiзу үшiн Европалық Экономикалық Қоғамдастық белгiлеген тәртiппен келiсiлген Қазақстан Республикасы министрлiктерi мен ведомстволарының өтiнiмдерi бойынша жобаларды жинақтау мен iрiктеу тапсырылсын.
      6. ТАСIS бағдарламасын жүзеге асыруға қатысушы министрлiктер, ведомстволар, облыстық /қалалық/ әкiмшiлiктер мен басқа да ұйымдар ТАСIS жобаларының жай-күйi мен орындалу барысы туралы Экономика министрлiгiне есеп берсiн.
      ТАСIS бағдарламасының орындалу барысы және аталған бағдарламаға ұсыныстар туралы Экономика министрлiгiне жарты жылда бiр рет ақпарат берiледi деп белгiленсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi