Қазақстан Республикасының жазық жерлерiндегi ормандарда және қазақтың шағын адырлы ормандарында басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудiң ережелерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 13 қаңтардағы N 48

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасының Орман кодексiн күшiне енгiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 23 қаңтардағы N 1925-ХII қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының жазық жерлерiндегi ормандарда және Қазақтың шағын адырлы ормандарында басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудiң ережелерi (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн және олар 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар

министрлiгi Қазақстан Республикасының жазық жерлерiндегi
ормандарды және Қазақтың шағын адырлы ормандарында басты
мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудiң ережелерiн республиканың
барлық орман шаруашылығы мен ағаш дайындау кәсiпорындарының
қажетiн қамтамасыз ететiндей таралымда шығарылуын қамтамасыз
етсiн және олардың орындалуына қатаң бақылау жасайтын болсын.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
                                   Қазақстан Республикасы  
                                   Министрлер Кабинетiнiң
                                   1995 жылғы 13 қаңтардағы
                                      N 48 қаулысымен
                                           Бекiтiлген

            Қазақстан Республикасының жазық жерлерiндегi
            ормандарда және қазақтың шағын адырлы ормандарында
            басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудiң
                            Ережелерi
                         Жалпы ережелер



      1. Осы аталған Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексiне, басқа да қолданылып жүрген заңдар мен нормативтiк актiлерге сәйкес әзiрленген және де бұл орман қорын барлық иеленушiлер мен орман пайдаланушылар үшiн, олардың қай ведомствоға байланыстылығы мен меншiк нысанына қарамастан, жалгерлер мен жекелеген азаматтарды қосқанда, мiндеттi болып табылады.
      2. Жазық жерлердегi және шағын адырлы жерлердегi ормандар - ағашсыз кең алқап iшiндегi шағын арал алаптар мен шоқ ағаштар, ұзын бойы созылған қарағайлы тоғайлар, сондай-ақ шағын адырларда, шөл далалар мен өзендердiң су жайылмалы жерлерiндегi ағаштар болып табылады. Орманды-далалы, далалық

жерлерде, жартылай шөлейт аймақтарда қарағайлы, шоқ қайыңды
және көктеректi ормандар; шөлейт аймақтарда - сексеуiлдi,
интрааймақта - су жайылмалы және тоғайлы ормандар жиi 
ұшырасады.
     3. Жазық жерлердегi ормандар мен шағын адырлы 
жерлердегi ормандар өзiнiң өнiп-өсуi жағдайына қарай төмендегiдей
болып бөлiнедi:
     Шоқ қайыңды ормандар
     Қазақтың шағын адырлы орманы
     Қарағайлы ормандар
     Жапырақты ормандар
     Шағын адырлы жерлердегi шоқ қайыңды орманның оңтүстiк шетi
     Ұзына бойы созылған қарағайлы ормандар
     Аралдардағы қарағайлы ормандар
     Шөлейттегi ормандар
     Сексеуiлдi ормандар
     Жазық жерлердегi шоқ ағаштардың оңтүстiк шетi
     Интрааймақтық ормандар
     Су жайылмалы ормандар
     Тоғайлы ормандар
     Орманды табиғи аймақтар бойынша орман шаруашылық аудандар
және әкiмшiлiк облыстар бойынша бөлу   қосымшада келтiрiлген.


      4. Жазық жерлердегi ормандар және Қазақтың шағын адырлы жерлердегi ормандары бiрiншi топқа жатқызылған, бұлар су қорғау, қорғаныш, санитарлық-гигиеналық, сауықтыру, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтiк-экономикалық қызмет атқарады.
      Ағашты басты мақсатта пайдалану үшiн кесуде мынадай мiндеттер қамтамасыз етiлуге тиiс:
      орманның табиғат қорғау ролiн сақтау және күшейту;
      өсiп-жетiлу жағынан толысқан және жаңғыртуды қажет ететiн ағаштарды дер кезiнде алмастыру;
      ормандық табиғи ортаны сақтау және ағашты кесу кезiнде орманның шаруашылық жағынан құнды тұқымын қалпына келтiру;
      орманды үздiксiз де ұзақ пайдалану және орман жерлерiн ұтымды пайдалану;
      ормандардың өнiмдiлiгiн арттыру;
      экологиялық талаптарды ескере отырып ағаш дайындау жұмыстарында механизация құралдарын пайдалану мүмкiндiгi.
      5. Ағаш тұқымдарының құнды және сирек түрлерiн кесуге жол берiлмейдi (шарын шетенi, грек жаңғағы, Семенов үйеңкiсi, тораңғы, ақ сексеуiл, каркас, шеркеш, қарағаш, шегіршін, қармала, қандыағаш, бадам, алмұрт, алма, шие және басқа түрлерiнде ағаш кесу белгiленбейдi). Осы тұқымдар басымырақ ағаштарды күтiп-баптау үшiн және санитарлық кесу үшiн рұқсат етiледi.
      6. Қорықтар, ұлттық және тарихи-табиғи парктер, табиғат ескерткiштерi, қорықты аймақтар ормандарында, ғылыми маңызы бар орманарда, орман парктерiнде, жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтарында, орман жемiс ағаштарында, қала ормандарында, жасыл аймақты орман парктерi бөлiктерiнде, сумен жабдықтау көздерiнiң санитарлық қорғау аймақтары бiрiншi және екiншi белдеулерiнiң бiрiншi және екiншi аймақтары ормандарында, мемлекеттiк қорғаныштық орман белдеулерiнде, эрозияға қарсы және ерекше құнды орман алқаптарында, өзендер, көлдер, су қоймалары және басқа су объектiлерiнiң жағаларындағы тыйым салынған (су жайылмалы жердегi жапырақты ормандардан басқа) белдеулерiнде, ерекше қорғалатын бөлiмдерде ағаштарды тек қана күтiп-баптау үшiн кесуге және санитарлық кесуге рұқсат етiледi.
      7. Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген және шағын адырлы және жазық жерлердегi шоқ ағаштардың оңтүстiк шетiнен басқа барлық категориялы ормандарда мынадай ерекше қорғалатын учаскелер (ЕҚУ) бөлiнедi:
      а) далалық, шөл және басқа ормансыз (ағашсыз) кеңiстiктiң шекарасы бойынша орман шетiнде енi - 100 м, ал ұзын бойы созылған, аралдағы қарағайлы және сексеуiлдi орманда - 200 м, ал ормансыз кеңiстiк арасында орналасқан орман учаскесiнде 100 гектарға дейiн. Ерекше қорғалатын учаскенiң бұл категорияларына шоқ ағашты орман жатпайды;
      б) жыра-сайда, сумен тез шайылатын және топырағы желмен оңай ұшатын алқаптарда өсетiн орман учаскелерi, далалық орман мен далалық аймақтардағы құмдық адыр үстiндегi ормандардың өте құрғақ түрлерi, ормандардың ылғалды түрлерi (су жайылатын жерлерден басқа) өсетiн учаскелердi қоса, сондай-ақ учаскелердiң периметрi бойынша енi 100 метр жолағы;
      в) мемлекеттiк және облыстық мақсаттағы темiр және автомобиль жолдары астасатын енi 100 метр орман шетi;
      г) емдiк мақсатқа пайдаланылатын немесе перспективалық мақсаты бар санаторийлер, демалыс үйлерi, пансионаттар, пионер лагерьлерi, туристiк базалар мен басқа да емдеу және сауықтыру мекемелерi, селолық елдi мекендер мен жұмысшы поселкелерi, сондай-ақ минерал көздерi төңiрегiндегi шеңберi 1 шақырым орман учаскелерi;
      д) құмды шөлейт жерден өтетiн газ, мұнай құбырларының қос қанатындағы енi 500 метрлiк орманның қорғаныштық белдеуi;
      е) саңырау құр ойнағы төңiрегiндегi шеңберi 300 метрлiк орман учаскесi, самырсынды ормандарда, құндыз өсiретiн әрбiр өзендердiң әсiресе, ерекше қорғалатын қорықтардың жапырақты ормандарының енi 50 метрлiк белдеуi;
      ж) арнайы шаруашылық мақсатты өтейтiн орман учаскесi (ағаш тұқымы, жаңғақ-жемiс, бал беретiн, эталонды, өте құнды ағаштар, құнды ағаштар төңiрегiндегi шеңберi 50 метрлiк күзетiлетiн аймағы бар тұрақты сынау алқабы және басқа);
      з) құламалы жарқабақ, шөгiндi, көшкiн топырақты жиек бойындағы енi 100 метрлiк орман белдеуi; тау жынысының үстiне қарай көтерiлетiн көлемi 30 проценттен астам орман учаскелерi өте құрғақ құзды-жартасты жердегi қарағайлар және осы учаскелердiң периметрi бойынша енi 100 метр орман белдеуi;
      и) тiк беткейдегi еңiсi 30 градустан және олардың экспозициясына қарамастан, одан да астам орман учаскелерi;
      к) көгалдардың, сумен жабдықтауға арналған құдықтар мен скважиналардың, құмды шөлейт жерлердегi мал суатының маңайындағы шеңберi 1 шақырымдық ормандардың қорғаныштық белдеуi;
      л) қайта реттелген карьерлер мен кен жыныстары үйiндiлерi маңайындағы ормандар;
      м) мемлекеттiк мақсаттағы туристiк жолдың екi қанатына енi 250 метрлiк орман белдеуi;
      н) 20 градустан асатын су айрығы жоталарын қалыптастыратын тiк беткейлерде көлемi 2,5 мың гектардан астам су қоймасының шекарасы бойынша су айыратын жоталар мен желiлердi бойлай орналасқан енi 200 метрлiк орман белдеуi.
      8. Ереженiң 6-тармағында тiзiп көрсетiлген қорғаныштық категориядағы ормандарда шаруашылық жағынан құндылығы аз және қорғаныштық, су қорғаушылық және экологиялық қызметi қасиетiн жоғалтқан ағаштарды қайта реттеуге байланысты шабу орман шаруашылығы облыстық мемлекеттiк органы басқармасының рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
      7-тармақтың "а-н" қосымша тармақшаларында көрсетiлген ерекше қорғалатын учаскелердегi өзiнiң тұрқы бойынша кесудi қажет етпейтiн жекелеген ағаштарды жинау мақсаты көзделмейдi.
      Тұрақты сынау алаңдарындағы, егер арнайы зерттеулер жүргiзуге байланысты болмаса, табиғи түрде қураған ағаштарды қоса, қандай да болсын ағаштарды кесуге тыйым салынады.
      Темiр жолдар мен автомобиль жолдары бойының (осы жолдарға келiп астасатын 100 метр жердегi белдеулерден басқасы) қорғаныш белдеулерiндегi қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты ағаштарды басты мақсатқа кесу ол бөлiнген шектегi тиiстi орман шаруашылығы ауданының орманы үшiн "Басты мақсатқа пайдалану үшiн кесудiң тәсiлi мен техникасы" Ережесi тарауында белгiленген режим бойынша жүргiзiледi.
      Өзендер, көлдер, су қоймалары жағасындағы тыйым салынған орман белдеулерiнде және басқа да су жайылмалы жерлердегi жалпақ жапырақты ормандарға бөлiнген су объектiлерiнде жаппай кесу жүргiзiледi.
      9. Ереженiң 5,6 және 7-тармақтарында көрсетiлгеннен басқа барлық ағаш алқабында ағашты iрiктеп, бiртiндеп және жаппай тар қатарлы түрде кесу белгiленуi мүмкiн, бұл жұмысты жүргiзу ағаштың басымырақ тұқымының биологиялық өзiндiк қасиеттерiн, орман өсiмдiктерi жағдайының ерекшелiктерiн, орманды түлете өсiру сипатын, өсiп тұрған ағаштардың жас құрылымы мен толысуын, алқап бойында ағаштар мен көшеттердiң кең орналасуын, ал Қазақтың шағын адырлы ормандарында беткейлердiң қиялығы мен орналасу ерекшелiгiн ескеру негiзiнде атқару белгiленген.
      Ағаш кесетiн жер мөлшерi таксациялық учаскенiң рұқсат етiлген көлемi мен мөлшерiне қарай анықталады. Ағашы бiр мезгiлде кесуге бөлiнген аралас алқапта кесу ағаш кесетiн бiр жерге бiрiктiрiлуi мүмкiн. Барлық жағдайда ағаш кесетiн жерлердiң көлемi, олардың параметрi Ереженiң "Басты мақсатқа пайдалану үшiн кесудiң тәсiлi мен техникасы" тарауында көрсетiлген нормативтен артуға тиiс емес.
      10. Тұрғылықты жұмсақ жапырақты ормандарда ағашты тек қана жаппай кесу көзделген. Бұларды iрiктеп және бiртiндеп кесу өскiндердiң өспей қалуына әкеп соқтырады немесе олардың майысып қалуы салдарынан шаруашылық құндылығы жойылады.
      Толымдылығы 0,5 және одан жоғары кесiлген ағаштарды бұтақша ретiнде өсiру көзделедi, ал толымдылығы аздарын (әсiресе қайыңдықтар) тұқымдыққа көшiру (Ереженiң "Ағашы кесiлген жерлердегi орманды қалпына келтiру жөнiндегi шаралар" атауында) жүзеге асырылады.
      11. Кесiлген, бос қалған және ашық жерлердегi өсiп-жетiлген, мерзiмi асқан жекелеген ағаштарды олар көшет берген соң, сондай-ақ толымдылығы 0,5-0,7 шыбықтар мен орта деңгейдегi ағаштарды кесу, өзен құламасының жиегiнен енi 20 метрден аспайтын белдеудiң "құлама қабақтары" iрi ағаштарын (ағаштардың жас бөлiгiнен басқалары) жинау, орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануды жүзеге асыруға байланысты (жол салу, өртке қарсы күрес т.б.) мақсатта пайдалану үшiн орман алқабын ормансыз алқапқа көшiру облыстық мемлекеттiк орман шаруашылығы органы басқармасының рұқсатымен түрлi кесу тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      Орман шаруашылығын және орман пайдалануды жүргiзуге байланыссыз мақсатта пайдалану үшiн жердi ағаштардан тазалау (гидроқұрылғылар салу, труба құбырларын жүргiзу, электр беру желiлерiн беру, жалпы пайдаланудағы жолдар мен басқа да объектiлер салу) ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң рұқсатымен жүзеге асырылады.
      Адамдар демалатын жерлерде, темiр жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныш белдеулерiнде, шабындықтарда, жайылымдарда және ормансыз жерлердiң басқа да категорияларында, сондай-ақ ерекше қорғалатын учаскелерде, жәй-күйiне байланысты жинаудан басқа, жекелеген ағаштарды кесу жоспарланбайды.
      12. Жаппай және iрiктеп санитарлық кесу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк-орман шаруашылығы органының басқармасы бекiткен күтiм жасау үшiн кесу жөнiндегi Нұсқауға, ормандағы Санитарлық ережеге, санитарлық кесудi жүргiзу ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      13. Беткейлер қиялығы бойынша жазықта - 10 градусқа дейiн, еңiстiгiнде - 11-ден 20, құламада - 21-ден 30, қияда - 31 градус, одан да жоғары топқа бөлiнедi.
      Солтүстiк беткейлер құрамына солтүстiк, солтүстiк-батыс, солтүстiк-шығыс және шығыс, оңтүстiк беткей құрамына - оңтүстiк, оңтүстiк-батыс, оңтүстiк-шығыс және батыс беткейлер жатады.
      Тiк қия беткейлер, егер әрбiр жекелеген қия беткейдiң көлбеуi 5 градустан аспайтын болса, бөлiктердiң төменнен жоғарыға дейiнгi шекарасымен анықталады. Жекелеген тiк қия беткейлердiң ұзындығы 200 метрден асса, көлбеулiгi 5 градус боп, ағаш кесу тәсiлiн өзгертетiн болса, онда олардың әрқайсысының өз еңiстiгi анықталады.
      14. Ағаштар мынадай жүйемен:
      өзiнiң жай-күйiне қарай кесудi қажет ететiн өсiп-жетiлген және ұзақ тұрып қалған ағаштар, толық кесiлмеген, өткен жылдарда пайдаланылмаған ағашы кесiлетiн жер, шайыры ағып таусылған ағаштар учаскесiндегi;
      астарында айтарлықтай жаңарған басты тұқымы бар (жуандығы 0,3-0,4) шiрiген және жiңiшке ағаштар;
      өзiнiң өсу қабiлетiн жойған жапырақты ормандар;
      бiрiншi қабаттағы жетiлген бөлiгiнiң жуандығы 0,3 және одан жоғары, ал екiншi қабаттағысы - 0,4 кем емес қос қабатты ағаштар;
      кескен соң 1-2 жыл iшiнде ағашы кесiлген жерлерде алдын-ала өңдеу немесе орман дақылдарын отырғызу жағдайы кезiнде астыңғы жағында нашар өскен, жуандығы 0,3-0,5 ағаштар;
      жуандығы 0,5 және одан жоғары таза әрi аралас, түрлi жастағы ағаштар;
      қураған ағаштар;
      басқа да өсiп-жетiлген ағаштар кесiледi.
      15. Кесуi ұйғарылған алаңдарды бөлу, қайта есепке алу, ағаштарды таңбалау Қазақстан Республикасы ормандарында ағашы кесiлген алаңдарды бөлу мен анықтау жөнiндегi Нұсқауға сәйкес жүргiзiледi.
      16. Iрiктеп, бiртiндеп кесуге алқаптарды бөлу барысында бiрiншi кезекте қураған, кеуiп-сола бастаған, бүлiнген, өсуi жағынан әлсiз, балауса және жас ағаштардың өсуiне кедергi келтiрушi және басқа қажетсiздерi бөлiнедi. Аралас ағаштарда басты кезекте кесуге олардың құрамынан өртке қарсы мақсатта екi ағашқа дейiн қалдырып, жапырақ тұқымдылары басым түрде таңдап алынады. Қарағайды iрiктеп және бiрiншi кезекте бiртiндеп кесу кезiнде, санитарлық жай-күйi бойынша жинап алынатындарынан басқасын, олардың құрамында 4 қарағайға дейiн болса, онда оларды кесу көзделмейдi.
      Кесуге iрiктеп алынған ағаштардың жалпы қоры интенсивтi түрде сұрыпталған мөлшерден (сүйеп шығарылғандарын шабу кезiнде дайындалатын ағаштарды және тиеу алаңын әзiрлеудi ескере отырып) артпауға тиiс.
      17. Басты мақсатқа пайдалануға кесу үшiн алқапты бөлу кезiнде өсiп-жетiлу мерзiмi толмаған қылқан жапырақты және қатты жапырақты тұқымды ағаштарды кесу көзделмейдi.
      Өсiп-жетiлмеген шабылған жерге астасатын ағаштары бар алқапты жаппай және бiртiндеп кесудiң соңғы кезегi үшiн бөлiп беру белгiленген талапқа сәйкес (Ереженiң "Ағашы кесiлген жерлерде орманды қалпына келтiру шаралары" бөлiмi) аталған алқапты ормандандыру жағдайында ғана жүзеге асырылады.
      18. Орманды табиғи жолмен қалпына келтiрудi ескере отырып ағашты басты мақсатқа пайдалану үшiн кесу көзделген ағаштарда мал жаю қарағайлы және қатты жапырақты ағаш өскен жерде кесуге дейiн 5 жыл бойы, жұмсақ жапырақты ағаш өскен жерде - 3 жыл, ал сексеуiлдiктерде бiр жыл бойы тоқтатылады.
      Орман дақылдарынан құрылған немесе табиғи өсiп-жетiлуi үшiн қалдырылған орманның табиғи жолмен өсуiне жәрдемдесу жөнiндегi шаралар жүргiзiлген барлық ормандық ағаш тұқымының жаппай алқабында, сондай-ақ алқаптың сыртқы жағына астасатын 10 метрлiк белдеулерде ағаштардың биiктеп өсiп, оны мал зақымдай алмайтын күйге жеткенге дейiн мұнда мал жаюға, пiшен шабуға болмайды. Ағашты бiртiндеп және iрiктеп кесу жұмысы жүргiзiлген жерлерде ол бiткенге дейiн мал жаюға тыйым салынады.

         Басты мақсатқа пайдалану үшiн кесудiң тәсiлi
                      мен техникасы

            Орманды дала және далалық аймақтардың
             шоқ ағашты ормандарында ағаш кесу

      19. Орманды дала және далалық аймақтардың жапырақты байырғы шоқ қайыңды ормандарында, қайыңдар мен көктеректердiң ылғалды түрлерiнен басқа, жаппай алқаптық кесу жүргiзiледi "ЖК" (1 кесте).
      20. Жас шыбықтардың болуына және ағаштардың жуандығына қарамастан, көлемi 5 гектардан астам байырғы қайыңдар мен көктеректердiң шоқ ағашты ормандарында жаппай алқаптық кесу жұмысы жүргiзiледi.
      Алқаптың енi - 50 метрден аспауға, ұзындығы - 1 шақырымға дейiн, көлемi 5 гектардан аспауға тиiс. Жанасуы, әдеттегiдей, ықтырма (2-3 ағаш алқабы арқылы), бөлiктiң енi кемiнде 100 метр, қара жолақты (1 ағаш алқабы арқылы). Алқаптың бiр қатарын екiншiсi үстiне орналастырған жағдайда олар алқаптың енiмен астасып кетедi (1-сурет).
      Жанасу мерзiмi - 2 жыл. Ағаш кесу оны қазаннан желтоқсан аралығында жүргiзу кезiндегi мерзiмге енгiзiлмейдi және ағаштарды қаңтардан сәуiр аралығындағы кезеңде кескенде есепке алынады.
      Ағаш кесу алқабы жел қатты соғатын жаққа ұзына бойы көлденең тартылады. Ағаш кесудiң бағыты жел қатты соғатын жаққа қарама-қарсы болуға тиiс.
      Алаптың немесе шоқ ағаштың жел өтiне соңғы алқапты кескеннен кейiн 2 жылдан соң кесiлетiн алқап енiнiң шеңберiнде қорғаныш белдеуi қалдырылады.
      21. Ағаштардың тығыздығына және жас шыбықтарының болуына қарамастан көлемi бес гектар не одан кем байырғы қайың
                                                  1 Кесте



          Орманды дала мен далалық аймақтардың шоқ ағашты

      ормандарында ағашты басты мақсатқа пайдалану үшiн кесу
-------------------------------------------------------------------
 Кесiлетiн ағаштардың    |   Кесу  |   Кесуге  |  Қоры бойынша
    сипаттамасы          |  тәсiлi | дейiнгi   |   сұрыптау
                         |         | жалпы     |-----------------
                         |         | жуандығы  |жуандығы|сұрыптау
                         |         |           |кезiнде | %
--------------------------------------------------------------------
Жас шыбықтарының болуына                       
қарамастан байырғы шоқ                         
қайыңдар мен көктеректер                                               
                     
5 га астам шоқ ағаштар      ЖК      0,3-1,0     0,3-1,0     100
5 га және одан кем шоқ      ЖК      0,3-1,0     0,3-1,0     100
ағаштар
Өзендер мен су қоймалары    ЖК      0,3-1,0     0,3-1,0     100
жағаларындағы тыйым
салынған орман белдеулерi

-------------------------------------------------------------------
 Жанасу мерзiмi,|Алқаптың енi,| Алқаптың   |        Ескерту
     жыл        |     метр    | барынша    |
                |             |үлкен көлемi|
                |             |    га      |
-------------------------------------------------------------------
                                          Жуандығы 0,3-0,4 қайың         
                                          ағаштар кесiлген жерлерде
                                          осы орман дақылдары
                                          отырғызылады
      2              50           5
    **                *         2,5      * Шоқ ағаштар екi кезекпен  
                                          кесiледi:
                                          бiрiншiсi - оның жартысының
                                          жел жақ бөлiгi
                                         ** екiншi кезек шыбықтарының
                                         биiктiгi 1,5 метр кезiнде, ал
                                         орман дақылдарын отырғызу
                                         кезiнде 3 жылдан кейiн
                                         жүргiзiледi



мен көктеректi шоқ орманда олардың қорғаныштық әсерiн сақтау мақсатымен жаппай алқаптық кесу екi мәрте жүргiзiледi. Бiрiншi кезекте - оның жартысының жел жақтағы бөлiгi кесiледi. Шоқ ағаштың екiншi жартысы қажеттi кесуге жарамдылық деңгейiне жеткенде және шыбықтарының биiктiгi 1,5 метрден (2-сурет) асқанда iрiктеп алынады.
      Шоқ ағаштың кесiп алынған бөлiгi қанағаттанғысыз өскенде онда орман дақылдары егiледi, ағаштардың екiншi жартысын оларды отырғызғаннан кейiн 3 жылдан соң кесу көзделедi.
      22. Өзендер, көлдер, су қоймалары және басқа да су объектiлерiнiң жағалауларындағы тыйым салынған орман белдеулерiнде алқаптардың енi 25 метрден аспайтын мөлшерде оның ұзына бойымен өзен арнасына немесе көлдiң шетiне кесе-көлденең белгiленедi (3 және 4 сурет). Алқаптардың барынша көлемi - 1,5 га. Ағаш кесудiң бағыты - өзен ағысына немесе қатты соғатын желге қарама-қарсы болады. Кесу Ереженiң 20-тармағына сәйкес жүргiзiледi.
      23. Көшеттердi отырғызу үшiн кесудi жүргiзудiң қолайлы мерзiмдерi: қазан айының екiншi жартысынан сәуiр айының ортасына дейiн. Түбiрдi жаруға, қабықты сыдыруға жол берiлмейдi. Ағашы кесiлген жерлерде орман дақылдары егiлсе, онда кесу мерзiмiне шек қойылмайды.

           Қазақтың шағын адырлы ормандарында ағаш кесу

                Қарағайлы ормандарда ағаш кесу
      24. Қазақтың шағын адырлы пайдалануға жарамды қарағайлы ормандарында ағашты ерiктi-iрiктеп, бiртiндеп және жалпы алқаптық кесу жүргiзiлуi мүмкiн (2-кесте). Құрғақ қарағайлы ормандарда белдеулi - бiртiндеп кесу жүргiзiлуге тиiс.
      25. Ағашты ерiктi-iрiктеп кесу тiк қияның 21-30 градус барлық экспозициясы баурайында өсiп-жетiлген жуандығы 0,6-1,0 қарапайым, күрделi, таза, жасы бiрыңғай және түрлiше жасы аралас қарағай ағаштарында, сондай-ақ тiк қияның қандай болуына қарамастан ормандардың құрғақ түрiнде жүргiзiледi.
      Жуандығы 0,8-1,0 ағаштарда, егер iрiктеудiң аз интенсивi белгiленбесе, қордың 15-25 процентi, ал жуандығы 0,6-0,7 ағаштарда 15-20 процентi iрiктеп алынады. Барлық жағдайда ағаштардың жуандығы 0,5-тен төмендетiлмейдi. Ағаш кесетiн

алқаптың көлемi 25 га дейiн.
     Ағаш кесудiң келесi кезегi ағаштардың жуандығы 0,6 және
одан жоғары жетуiне қарай немесе бiрiншi қабатының жуандығы
0,3 және одан жоғары, жас ағаштар үшiн екiншiсiнiң жуандығы
кемiнде 0,4 орта жастағылар үшiн 0,3 күрделi ағаш қалыптастыруға
қарай жүргiзiледi.
                                             2 Кесте
            Қазақтың шағын адырлы қарағайлы ормандарында
            ағашты басты мақсатқа пайдалану үшiн кесу
--------------------------------------------------------------- 
   Кесiлген ағаштардың     |Беткейлердiң|  Кесу  | Кесуге дейiнгi 
       сипаттамасы         |экспозициясы| тәсiлi | жалпы жуандығы
                           |мен қиялығы,|  мен   |
                           |  градус    |кезектi-|
                           |            |  лiгi  |
----------------------------------------------------------------
Жас шыбықтардың болуына       С - О       EIK      0,6 - 1,0
қарамастан, қарапайым таза    21-30
және бiркелкi жастағылары

Қарағайлардың жас             С - О       EIK      0,6 - 1,0
шыбықтарының болуына
қарамастан, таза, аралас      21-30                 
қарапайым және күрделi
әртүрлi жастағылары
(күрделi ағаштар үшiн
4 және 5 кестелерде
қабаттардың жалпы жуандығы
көрсетiлген)

Қарапайым таза және аралас    С - О       БК       0,6 - 1,0  
бiркелкi,әртүрлi жастағылары: 0-20
 қарағайдың жас шыбықтарының              БК-1     0,8 - 1,0
 болуына қарамастан   
 қарағайларының қанағаттанар.             БК-2     0,6 - 1,0
 лықтай қайта өсуi

 қарағайларының қайта
 жақсы өсуi                               БК-3     0,6 - 1,0
 
Қарағайдың екiншi қабатымен    С - О      БК-1       0,5
қоса күрделi таза және аралас  0-20                одан жоғары
түрi (4 және 5 кестелерде
бiрiншi қабат жуандығы
көрсетiлген)                              БК-2     0,3 - 0,4
   
Жас шыбықтарының болуына       С - О   
қарамастан қарапайым таза      0-20        ЖК      0,3 - 0,5
және аралас бiркелкi,
әртүрлi жастағылары

Қарағайдың жақсы өскен        С
бiркелкi жастағы таза және    0-15       ББК       0,5 - 0,7
аралас түрлерi                Ю
                              0-10
     оның iшiнде:
енi 15-20 м жаппай кесу                            0,5 - 0,7
белдеуi                         
енi 30-40 м бiртiндеп кесу                         0,5 - 0,7
белдеуi

-----------------------------------------------------------------
    Қор бойынша iрiктеу |  Кезектiң   | Алқаптың|      Ескерту         
------------------------|қайталанылуы,| жалпы   |  
  жуандығы  |  iрiктеу  |  алқаптың   | аумағы, |
  кезiнде   |     %     |жанасу мерзiмi    га   |
            |           |      жыл    |         |
-------------------------------------------------------------------
  0,8 - 1,0     20         15 -           25
  0,6 - 0,7     15       жас, ылғал
                           20 - 
                         құрғақ
  0,8 - 1,0     25         10 -           25     Күрделi ағаштардағы       
          
                         жас, ылғал              iрiктеу процентi қос
  0,7           20         15 -                  қабаттың жалпы
  0,6           15       құрғақ                  қорынан көзделедi

                                          10
  0,8 - 1,0    20-30      10-12
  0,6 - 0,7    20-40      8-10                   Дұрыс өспеген жағдайда 
                                                 ықпал ету шаралары
                                                 жүргiзiледi
  0,3 - 0,5     100       8-10                   Жас шыбықтары аз
                                                 болғанда қарағай
                                                 орман дақылдары
                                                 өсiрiледi
  0,5          30-40                      10     Екiншi қабаттың
одан жоғары                                      жуандығы 0,3-0,4
                                                 болған және 1-қабатты
                                                 кескен соң ол нашар
  0,3 - 0,4     100       10                     өскен кезде қарағайдың
                                                 iшiнара дақылдары
                                                 егiледi
  0,3 - 0,5     100       5               5      Қарағай шыбықтарының
                                                 көлемi аз болғанда
                                                 орман дақылдары
                                                 отырғызылады
  0,5 - 0,7                               10     Құрғақ орман
                                                 түрлерiнде ғана
     
  0,5 - 0,7     100                              Жақсы жаңарту
                                                 болмаған жағдайда
                                                 екi белдеуде де кесу 
                                                 мерзiмi жылжытылады
                                                 немесе орман дақылдары
                                                 отырғызылады
  0,5 - 0,7    20-30  7-10
   Ескерту: 1. ЕIК - ерiктi iрiктеп кесу, БК - бiртiндеп кесу,
               ЖК- жаппай алқаптық кесу, ББК-бедеулiк бiртiндеп кесу.      
   
            2. Құр.- құрғақ қарағайлар, жас - жас, ыл-ылғал.
            3. 4 кестеде барлық жолдар бойынша ағаштардың кесiлетiн        
      
               барлық түрлерiнiң (кезек) жуандығы көрсетiлген.
            4. Әртүрлi жастағы қарағайларды бiртiндеп кесуге 
               түпкiлiктi қабылдау (БК-3) және жаппай кесу барысында
               (ЖК) орманның өсiп-жетiлген және өсiп-жетiлу
               мерзiмiнен асып кеткен ағаштардың жиынтығы ғана
               кесiледi.



      26. Ағашты бiртiндеп екi-үш кезекпен кесу жазық жерлерде және 20 градустан аспайтын тiк қияның барлық экспозициясының баурайында өсiп-жетiлген қарапайым, таза, бiркелкi, түрлiше жастағы аралас қарағайларда жүргiзiледi.
      Жуандығы 0,8-1,0 ағаштарды үш кезекпен кесу көзделедi. Бiрiншi кезек - ағаштардың тұқым алуын жақсарту, орманның одан әрi өсуi үшiн жағдай жасау мақсатында алдын-ала жаңғырту нәтижесiне қарамастан жүргiзiледi. Ағаштардың жуандығы 0,6-0,7 дейiн келедi.
      Алғашқы кесуден 5-6 жыл өткен соң бұл алаңдар тексерiледi. Орман төсенiшi 3 см артса немесе мүк-қына жамылғысы күштiрек дамыған ағаштардың жаңарып өсуi жеткiлiксiз болған жағдайда өнiмнiң орташа мөлшерден кем болмаған кезiнде топырақты өңдеу жолымен табиғи жаңғыртуға ықпал ету қажет.
      Кесудiң екiншi кезегi орман аясында ағаштардың жаңара өсуi қанағатты болған жағдайда 10-12 жыл өткен соң жүргiзiледi (2 қосымша).
      Жеткiлiктi жаңғыртылмаған жағдайда ол табиғи жаңғыртуға ықпал ету шаралары мiндеттi түрде жүргiзiле отырып, осы мерзiм iшiнде жүзеге асырылады. Ағаштардың жуандығы 0,4-0,5-ке дейiн төмендейдi. Бұл орайда орман неғұрлым сәттi жаңғыртылса, кесу де соғұрлым интенсивтi болмақ.
      Орман ауқымындағы қарағайдың түлеп өсуi жақсы болса, онда 8-10 жылдан соң кесудiң соңғы кезегi жүзеге асырылады. Өскiндер сан жағынан аз болса, кесу жұмысы ағаштарды кескеннен кейiнгi алғашқы екi жылда қарағайларды еге отырып, сол мерзiмде жүзеге асырылады.
      Алғашқы жуандығы 0,6-0,7 ағаштарда екi кезекте кесу жұмысы жүргiзiледi.
      27. Қос қабатты таза және аралас өскен қарағайлы орманда өсiп жетiлген ағаштардың жуандығы 0,5 және одан жоғары болса, бiртiндеп кесуге екi кезең белгiленедi: бiрiншiсi - қордың 30-40 процентi, 10 жылдан соң өсiп-жетiлген қалған барлық ағаш жинап алынады. Бiрiншi қатардың жуандығы 0,3-0,4 болса, кесу бiр кезеңмен орындалады.
      Екiншi қатардың жуандығы 0,3-0,4 және өсiп-жетiлген ағаштарды кескеннен кейiн түлеп-өсу жеткiлiксiз болса, алғашқы екi жылда iшiнара қарағай дақылдары отырғызылады.
      28. Жаппай алқаптық кесу қарапайым таза және аралас өскен бiрыңғай жастағы және түрлi жастағы ағаштардың жуандығы 0,3-0,5 болғанда жүргiзiледi. Қарағайдың түлеп өсуi жеткiлiксiз жерлерде ол алғашқы екi жылда қарағай дақылдарын еге отырып жүргiзiледi.
      Алқаптың енi 50 м аспауы, ұзындығы - 1000 м, көлемi 5 гектарға дейiн болуы шарт. Кескен жылды есептемегенде жанасу мерзiмi 5 жыл. Алқаптың жанасуы - тiкелей. Көлемi 1х1 шақырым шаршыларда 4-5 мәрте кесiледi. Алқаптар ұзын жағымен жел өтiне тiкелей қарсы, тiк қия беткейлерiнде 10 градустан астам көлбеу қалыптасады, кесу бағыты беткей бойынша төменнен жоғары қарай.
      29. Белдеулi - бiртiндеп кесу орман алаңдары бойынша жас шыбықтарды салыстырмалы түрде бiрдей орналастырғанда қарағайларының түлеп өсуi қанағаттанарлық жуандығы 0,5-0,7 бiрыңғай жастағы таза және аралас құрғақ қарағай тоғайында енi 100 м және одан жоғары тығыз бөлiктерде жүргiзiледi. Алқап енi 15-20 және 30-40 м мөлшерiнде қатар белдеулерге бөлiнедi, олар өзара кезектестiрiлiп отырады. Орманның енi 15-20 м белдеулерiндегi барлық ағаштар жинап алынады. Енi 30-40 метрлiк белдеулердегi iрiктеу қордың 20-30 процентi мөлшерiнде бiртiндеп қос кезекпен кесудiң бiрiншi кезеңiнiң принципi бойынша жүргiзiледi. Енi 30-40 метрлiк белдеулерде қалдырылған ағаш бөлiгiнiң жуандығы 0,5 кем болмауға тиiс. Алғашқы жуандығы 0,5 болған жағдайда оларда ағаштарды iрiктеп алу жүргiзiледi.
      Кесудiң соңғы кезеңi енi 15-20 және 30-40 м белдеулерде түлеп өсуi жақсы болған жағдайда 7-10 жылдан кейiн жүргiзiледi. Түлеп өсу қанағаттанарлық немесе жеткiлiксiз болған жағдайда кесу мерзiмi кейiнге қалдырылады немесе орман дақылдары егiледi. Белдеудiң жобалық бағыты батыстан шығысқа қарай болғаны оңтайлы. Алқаптың оңтайлы көлемi 3-5 га, ең үлкенi - 10 га. Белдеулi-бiртiндеп кесу үшiн ағаштың күрделi құрылымын (бiтiмiн), енiнiң шағындығы және басқадай жуандығын бөлу көзделмейдi.

                 Жапырақты ормандардағы ағаш кесу

      30. Қазақтың шағын адырлы жапырақты ормандарында жаппай, бiртiндеп және iрiктеп кесу қолданылуы мүмкiн. Бұл әдiс дымқыл қайыңдар мен көктеректерден (3-кесте) басқа орманның барлық түрiне қолданылады.
      31. Жуандығы 0,3-1,0 байырғы қайыңдар мен көктеректi ормандарда, жас шыбықтарының болуына қарамастан, сондай-ақ өндiрiстiк ағаштарда қарағай шыбықтары болмаса, Ереженiң 20, 21, 23 тармақтарына сәйкес жаппай алқаптық кесу жүргiзiледi. Ағаш кесу алқабының ең үлкен көлемi тiк қия беткейдiң және шоқ қайыңның мөлшерiн ескеру негiзiнде анықталады. Тiк қиялығы

10 градустан астам беткейде олар ұзын жағы көлденең
отырғызылады, ағаш кесу бағыты беткейдiң жоғары жағынан төмен
қарай атқарылады. Кесуден кейiнгi алғашқы жылда өндiрiстiк
ормандарда қарағай дақылы өсiрiледi. Оларды отырғызудан
кейiнгi жанасу мерзiмi 3-5 жыл.
     32. Жуандығы 0,7-1,0 өндiрiстiк қарағайлы қайың және
көктеректi ормандарда, түлеп өсу күйiне қарамастан, сондай-ақ
жуандығы
                                                 3 Кесте
          Қазақтың шағын адырлы жапырақты ормандарда
               ағашты басты мақсатта кесу
-----------------------------------------------------------------
  Кесiлетiн ағаштардың     | Беткейдiң |  Кесу  | Кесуге дейiнгi  
       сипаттамасы         |экспозиция-| тәсiлi |жалпы жуандығы
                           |мен қиялығы|   мен  |
                           |  градус   |кезектi-|
                           |           | лiгi   |
------------------------------------------------------------------
Жас шыбықтарының болуына      С-О          ЖК         0,3-1,0
қарамастан байырғы қайыңдар   0-20                    
мен көктеректер,5 га астам    С-О          ЖК         0,3-1,0
шоқ ағаштар                   21-30
көлемi 5 га және одан төмен   С-О          ЖК         0,3-1,0
шоқ ағаштар                   0-30         
Қарағайларының түлеп өсуi
қанағаттанарлық өндiрiстiк
таза қайың және көктерек:
көлемiне қарамастан барлық    С-О          ӨК-1       0,7-1,0
ағаштар                       0-30         БК-2       0,7-1,0
көлемi 5 га астам шоқ ағаш    С-О          ЖК         0,3-0,6
                              0-20
                              С-О          ЖК         0,3-0,6
                              21-30
5 га және одан кем шоқ        С-О          ЖК         0,3-0,6 
ағаштар                       0-30
Қарағайларының түлеп өсуi
қанағаттанғысыз:
 көлемi 5 га астам шоқ ағаш   С-О         ЖК          0,3-1,0
                              0-20
                              С-О         ЖК          0,3-1,0
                              21-30
5 га және одан кем шоқ ағаш   С-О         ЖК          0,3-1,0
Қарағаймен аралас өндiрiстiк  0-30
қайың және көктерек.
Қарағайының түлеп өсуi
қанағаттанарлық:
 көлемiне қарамастан барлық   С-О         БК-1        0,7-1,0
 ағаштар                      0-30
                                          БК-2        0,7-1,0
 көлемi 5 га астам шоқ ағаш   С-О         ЖК          0,3-0,6
                              0-20
                              С-О         ЖК          0,3-0,6
                              21-30
 5 га және одан кем шоқ ағаш  С-О         ЖК          0,3-0,6
                              0-30
Қарағайларының түлеп өсуiнiң
қанағаттанғысыз:
 көлемiне қарамастан барлық   С-О         БК-1        0,7-1,0
 ағаштар                      0-30
                                          БК-2        0,7-1,0
 көлемi 5 га астам шоқ ағаш   С-О         ЖК          0,3-0,6
                              0-20
                              С-О         ЖК          0,3-0,6              
 
                              21-30
 5 га және одан кем шоқ ағаш  С-О         ЖК          0,3-0,6
                              0-30
Өзендер мен көлдер және су
қоймалары жағалары бойындағы
тыйым салынған орман 
белдеулерi 
Қарағайлардың түлеп өсуi      С-О         ЖК          0,3-10,
қанағаттандырғысыз байырғы,    0-30
өндiрiстiк таза жапырақты
ағаштар
Қанағаттанарлық жас қарағай    С-О         ЕIК         0,6-10,
шыбықтары болғандағы          0-30       
қарағаймен аралас және таза
өндiрiстiк ағаштар

---------------------------------------------------------------------
   Қор бойынша iрiктеу |Кезектiң|Алқаптың |Алқаптың|     Ескерту
-----------------------|қайтала-| енi, м  |жалпы   |
  жуандығы   | iрiктеу |нуы,    |         |аумағы, |
   кезiнде   |    %    |алқаптың|         | га     |
             |         |жанасу, |         |        |
             |         |мерзiмi,|         |        | 
             |         |   ж.   |         |        |
--------------------------------------------------------------------
  0,3-1,0        100       2        50        5    Жуандығы 0,3-0,4    
                     
                                                   ағашы кесiлген
  0,3-1,0        100       2        50        3    алқаптарда орман 
                                                   дақылдары егiледi
  0,3-1,0        100       **       *        2,5   * Шоқ ағаш екi          
    
                                                   кезекпен кесiледi:
                                                   бiрiншiде - оның 
                                                   жел өтiндегi 
                                                   жартысы
                                                   ** екiншiде - 
                                                   ағаштың биiктiгi 
                                                   1,5 м кезеңде, ал 
                                                   орман дақылдарын 
                                                   егуден жылдан 
                                                   кейiн  
  0,7-1,0       30-50      -        -       10
    0,5          100      5-7       -        -
  0,3-0,6        100       3        50       5     Табиғи немесе өткен
                                                   жылда да кесу
  0,3-0,6        100       3        50       3     нәтижесiнде қалып-
                                                   тасқан ағаштар
  0,3-0,6        100       5        *      2,5     * Шоқ ағаш екi  
                                                   кезекпен кесiледi:
                                                   бiрiншi - оның жел
                                                   өтiндегi жартысы
  0,3-1,0        100      3         50       5     Кесуден кейiн    
                                                   қарағай дақылы
                                                   құралады
  0,3-1,0        100      3         50       3     Шоқ ағаш екi 
                                                   кезекпен кесiледi:
                                                   бiрiншiсi-оның жел
                                                   өтiндегi жартысы
  0,3-1,0        100      5         *      2,5     
  0,7-1,0      30-50      -         -      10
  0,5            100      5-7       -
  0,3-0,6        100       3        50      5      Табиғи немесе өткен 
                                                   жылдардағы кесу
  0,3-0,6        100       3        50      3      нәтижесiнде қалып. 
                                                   тасқан ағаштар
  0,3-0,6        100       5        *      2,5     * Шоқ қайыңдар екi
                                                   кезекпен кесiледi:
                                                   бiрiншi-оның жел
                                                   өтiндегi жартысы
  0,7-1,0      20-40      -         -      10      Бiрiншi кезектен  
                                                   кейiн 4-5 жылдан 
  0,6            100      8-10      -      -       соң қарағайдың 
                                                   түлеп өсуi
                                                   қанағаттанғысыз
                                                   болса, онда жәр-
                                                   демдесу шарасы
                                                   жүргiзiледi. Соңғы
                                                   кесуден кейiн
                                                   шыбықтары нашар
                                                   өссе, қарағай
                                                   дақылдары егiледi.
  0,3-0,6        100      3        50       5      Кесуден кейiн -         
     
                                                   қарағай дақылы
  0,3-0,6        100      3        50       3      егiледi
  0,3-0,6        100      5        *      2,5      * Шоқ ағаштар екi 
                                                   кезекпен кесiледi:
                                                   бiрiншi-оның жел
                                                   өтiндегi жартысы
  0,3-1,0        100      2        25    1,5       Өндiрiстiк ағаш.
                                                   тарды кесiп алған
                                                   соң-қарағай дақыл.    
                                                   дары, жуандығы
                                                   0,3-0,4 байырғы.
  0,9-1,0        20       15        -     25       ларын кесiп алған
  0,6-0,8        15                                соң қайың дақылдары
                                                   немесе олардың 
                                                   басқа жапырақты
                                                   тұқымдары егiледi
     Ескерту. ЕIК- ерiктi iрiктеп кесу, БК - бiртiндеп кесу,
              ЖК - жаппай кесу.


жоғарыда аталғандай өндiрiстiк таза қайыңды және көктеректi ормандарда қарағайдың түлеп өсуi қанағаттанарлық болғанда ағаш кесу бiртiндеп екi кезеңдi әдiспен атқарылады.
      Өндiрiстiк таза және қарағаймен аралас өскен қайың мен көктеректер, қарағайдың жас өскiндерiнiң саны қанағаттанарлық болған жағдайда, кесудiң бiрiншi кезеңi орманға жарық түсiру және өсу қасиетiн жақсарту үшiн жүргiзiледi. Сонда өсiп тұрған ағаштардың жуандығы 0,5 дейiн төмендейдi. Кесудiң қорытынды кезеңi 5-7 жылдан соң жүзеге асырылады.
      Өндiрiстiк қарағаймен аралас ағаштарда қарағайдың жас өскiндерi аз болған жағдайда алғашқы кесу қарағайдың тұқымдануын және оның қайта өсуiн қамтамасыз етудi жақсарту мақсатында жүргiзiледi. Қайыңдар мен теректер кесiп алынады. Жуандығы 0,6 дейiн кемидi. Егер осы алқаптағы қарағайлардың жас шыбықтары кесуден соң - 4-5 жылдан кейiн шкала бойынша жеткiлiксiз болса, онда оның табиғи қайта түлеп өсуiне жәрдемдесу шаралары жүргiзiледi. Ағашты түпкiлiктi кесу оның түлеп өсуi қанағаттанарлық болғанда - 8-10 жылдан соң атқарылады. Ал оның жас өскiндерi аз болса, өсiп тұрған ағаштарды кескен соң бiрiншi жылы қарағай дақылдары өсiрiледi.
      33. Ереженiң 32-тармағында аталған ағаштарда, бiрақ, алғашқы жуандығы 0,3-0,6 болса, табиғи және өткен жылдарда кесудiң басқаша түрi нәтижесiнде қалыптасқан ормандарда жаппай алқаптық кесу қолданылады. Жуандығы 0,5-0,6 бұрын бiртiндеп кесу жүргiзiлген өсiп тұрған ағаштарда соңғы кесу жүзеге асырылады.
      Алқаптардың көлемi мен орналастыру жөнiндегi нормативтерi Ереженiң 20-21 тармақтарына сәйкес, ал кесудiң бағыты - тiк қия беткейлерде, олардың ең үлкен көлемi Ереженiң 31-тармағына сәйкес белгiленедi. Қарағайлардың түлеп өсуi қанағаттанғысыз болған ормандарында кесуден кейiнгi бiрiншi жылда осы тұқым дақылдары өсiрiледi. Оларды отырғызғаннан кейiнгi жанасу мерзiмi 3-5 жыл, кесiлген жылды санамағанда табиғи жолмен түлеу кезiнде 3 жыл.
      34. Байырғы жапырақты ормандардағы өзендер, көлдер және су объектiлерi жағаларындағы тыйым салынған орман белдеулерiнде, сондай-ақ өндiрiстiк ағаштарда қарағайлардың түлеп өсуi қанағаттанғысыз болғанда Ереженiң 22-тармағына сәйкес алқаптық жаппай кесу жүргiзiледi. Өндiрiстiк ағаштар кесiлген жерлерде Ереженiң 21-тармағына сәйкес қарағай дақылдары егiледi. Қарағай аралас өндiрiстiк ағаштарда және қанағаттанарлықтай қарағай шыбықтары бар және таза жапырақты ағаштарда Ереженiң 25-тармағында көзделген технологияға сәйкес ерiктi-iрiктеп кесу белгiленедi. Бұл орайда ағаштың жапырақты тұқымын қылқан жапырақты тұқымға алмастыру мақсаты көзделген.

        Шағын адырлардағы шоқ ағашты ормандардың
                    оңтүстiк шетi
      35. Шағын адырлардағы шоқ ағашты ормандардың оңтүстiк шетiндегi барлық ағаштарды басты мақсатқа пайдалану үшiн кесу жүргiзiлмейдi, өйткенi олардың өмiрлiк ролi жоғары және қайта қалпына келтiру қиын. Оларда тек орманды күтiп-баптау үшiн және санитарлық кесу белгiленедi. Жаппай алқапта санитарлық тұрғыда кесу жүргiзiлген жерлерде ол кесiлгеннен кейiнгi бiрiншi жылда орман дақылдары өсiрiледi.

        Ұзына бойы созылған қарағайлы ормандарда ағаш кесу

      36. Ертiс өңiрiндегi қарағайлы ормандарда ерiктi-iрiктеп, бiртiндеп және жаппай алқаптық кесу жүргiзiледi (4-кесте). Таза бiрыңғай жастағы қарағайларда белдеулi-бiртiндеп кесу жүргiзiлуi мүмкiн.
      Ерiктi-iрiктеп кесу жуандығы 0,6-1,0 қарапайым және күрделi таза да аралас бiрыңғай жастағы қарағайлы ормандарда жүргiзiледi.
      Кесудiң әрбiр кезегiнде, бiрiншi кезекте, өсiп-жетiлу мерзiмi өткен және өсiп-жетiлгендерiнiң бiр бөлiгi белгiленедi. Жасы 150 жылдан асқан қарағай ағаштарын кесудiң келесi кезегiне дейiн түбiрiнде қалдырудың қажетi жоқ, өйткенi олардың шiруге ұшырап, бүлiну қаупi арта түседi, сапасы төмендейдi. Ал дымқыл жердегi қарағайлы тоғайларда сау қайың ағаштарын қоспаларымен 10 процентiне дейiн түбiрiнде қалдыруға болады.
      Аталған тоғайларда ерiктi-iрiктеп кесудi жүргiзу кезiнде ағаштың жуандығы 0,5-тен кем төмендемейдi.
      Осыдан кейiнгi кесу жұмысы жуандығы 0,6 және одан көп деңгейге жеткенде немесе алғашқы қабатындағы жуандығы 0,3 және одан жоғары күрделi ағаштар қалыптасқанда және жас шыбықтардың екiншi қабаттағы жуандығы кемiнде - 0,4 орташа жастағыларынiкi - 0,3 болғанда жүргiзiледi.
      37. Бiртiндеп, екi-үш кезектi кесу әдiсi ереженiң 26-тармағына сәйкес (4-кесте) жуандығы 0,8-1,0 таза, аралас бiрыңғай жастағы құрғақ, жас және дымқыл қарағайларда жүргiзiледi.
      Алғашқы жуандығы - 0,6-0,7 ағаштарда екi кезектi бiртiндеп кесу атқарылады.
      38. Белдеулi-бiртiндеп кесу тәжiрибе ретiнде ағаштар тығыз өскен бөлiктерде кесу салдарынан қалпы бұзылмаған құрғақ қарағайлы ормандардағы жуандығы 0,5-0,7 бiрыңғай жастағы таза, аралас ағаштарда Ереженiң 29-тармағына сәйкес алаңдар бойынша ағаштар мен жас шыбықтарды бiркелкi орналастыруға қатысты қарағайлардың қанағаттанарлық өсiп-жетiлуi барысында жүзеге асырылады.
      39. Жаппай кесу қарағайлардың жас шыбықтарының болуына қарамастан жуандығы 0,3-0,5 таза және аралас түрлi жастағы
                                                 4-Кесте



            Ұзына бойы созылған қарағайлы тоғайларда ағашты

               басты мақсатқа пайдалану үшiн кесу
------------------------------------------------------------------
  Кесiлген ағаштардың        | кесу  | Кесуге |   Қор бойынша 
    сипаттамасы              | тәсiлi|дейiнгi |  iрiктеп  алу
                             |       |жалпы   |--------------------
                             |       |жуандығы| жуандығы  | iрiктеп
                             |       |        |  кезiнде  | алу, % 
--------------------------------------------------------------------
             1                   2        3        4           5
--------------------------------------------------------------------
Жуандығы 0,6 және одан да       ЕIК   0,6-1,0    0,8-1,0       25
жоғары жас шыбықтарының                          0,7           20
болуына қарамастан, таза                         0,6           15
және қарапайым, аралас
әртүрлi жастағы ағаштар
 (3 және 4 кестелерде
 күрделi ағаштар үшiн
 жуандығы жиынтығы
 көрсетiлген)
Таза, аралас, бiрыңғай          БК    0,6-1,0        
жастағылары                 
Жас шыбықтарының болуына        БК-1  0,8-1,0    0,8-1,0      20-30
қарамастан 
Өсiп жетiлуi қанағаттанарлық    БК-2  0,6-0,7    0,6-0,7      20-30
Қарағайлары жақсы өсiп-жетiлген БК-3  0,3-0,5    0,3-0,5      100
Қарағайларының өсiп-жетiлуi     ББК   0,5-0,7    0,5-0,7
қанағаттанарлық, таза және
аралас бiркелкi жастағылары
   Соның iшiнде:
 енi 15-20 м жаппай кесу              0,5-0,7    0,5-0,7      100 
 белдеуi
 енi 30-40 м бiртiндеп кесу           0,5-0,7    0,5-0,7      20-30
 белдеуi                            
Жас шыбықтарының болуына              0,3-0,5                 100
қарамастан, жуандығы 0,3-0,5
таза және аралас әртүрлi
жастағылары, қарағайларының өсуi
нашар және қанағаттанарлық 
жуандығы 0,3-0,5 таза, аралас 
бiркелкi жастағылары
------------------------------------------------------------------
    Қайталанылуы,     | Алқаптың ең    |          Ескерту
 алқаптың жанасу      | үлкен көлемi,  |
 мерзiмi, жыл         |      га        |
-------------------------------------------------------------------
         6                    7                    8
-------------------------------------------------------------------
        10                   25         Күрделi ағаштардағы iрiктеп 
                                        алу процентi екi қабаттың
                                        жиынтық қорынан көзделедi
                             5
        10-12                           Жас шыбықтар жеткiлiксiз
                                        болған жағдайда, кесумен бiр
                                        мерзiмде табиғи түлеп өсуге
                                        жәрдем көрсетiледi
                                        Жас шыбықтар аз болған кезде
                                        Ереженiң 39-тармағына сәйкес
                                        жаппай кесу жүргiзiледi
                             10         Тек қана құрғақ жердегi 
                                        ормандар түрiнде


                                        Жақсы өсiп-жетiлуi болмаған

жағдайда екi белдеуде кесу мерзiмi кейiнге қалдырылады немесе орман дақылдары егiледi

         7-10
         5-тен Түрлi жастағы ағаштардан тек
         кем өсiп-жетiлгендерi мен мерзiмi
         емес асқандары кесiледi. Жеткiлiктi
                                        өсiп-жетiлуi немесе жанасатын

алқапқа орман дақылдары болмағанда одан ары алқаптық кесуге жол берiлмейдi. Алқапты үшiншi және одан арғы кесуге орман дақылдары жерлерiн ағаш немесе алғашқы алқапқа табиғи жас шыбықтарды отырғызуға бергеннен кейiн рұқсат етiледi


     Ескерту. ЕIК - ерiктi iрiктеп кесу. БК - бiртiндеп кесу. 
              ББК - белдеулi бiртiндеп кесу. ЖК - жаппай кесу.   

                                                   5 Кесте

             Аралды қарағайлы ормандарда басты мақсатта
                     пайдалану үшiн кесу
------------------------------------------------------------------
 Кесiлетiн ағаштардың      |Кесу  | Кесуге  |  Қор бойынша
     сипаттамасы           |тәсiлi| дейiнгi |   iрiктеп алу
                           |      | жалпы   | --------------------
                           |      |жуандығы | жуандығы  | iрiктеп
                           |      |         | кезiнде   | алу, % 
-------------------------------------------------------------------
            1                 2        3           4         5
-------------------------------------------------------------------
Жас шыбықтарының болуына    ЕIК    0,6-1,0    0,8-1,0     25-30
қарамастан, қарапайым таза,                   0,6-0,7     15-20
аралас бiрыңғай және түрлi
жастағылары
Қарағайдың екiншi қабатымен ЕIК    0,6-1,0    0,8-1,0      25
қоса күрделi, таза, аралас                    0,7          20
ағаштар (3 және 4 кестеде                     0,6          15
қабат жуандығының жиынтығы
көрсетiлген)
Қарапайым, таза, аралас     БК     0,6-1,0    
бiркелкi және түрлi 
жастағылары
Шыбықтарының болуына       БК-1    0,8-1,0   0,8-1,0     25-35
қарамастан 
Қарағайлары қанағаттанар.  БК-2    0,6-1,0   0,6-0,7     20-40
лықтай өсiп-жетiлген      
Қарағайлары жақсы          БК-3    0,6-1,0   0,3-0,5      100
өсiп-жетiлген
Қарағайдың екiншi          БК-1    0,5-      0,5-        30-40
қабатымен қоса күрделi,            одан      одан 
таза және аралас ағаштар            көп       көп
(4 және 5 кестеде бiрiншi
қабат жуандығы 
көрсетiлген)               БК-2   0,3-0,4   0,3-0,4        100
Жас шыбықтарының болуына   ЖК     0,3-0,5   0,3-0,5        100
қарамастан, қарапайым таза
және аралас бiркелкi,
әртүрлi жастағылары
------------------------------------------------------------------
   Қайталануы,    |  Алқаптың ең   |           Ескерту
 алқаптың жанасу  | үлкен көлемi,  |          
 мерзiмi, жыл     |     га         |
------------------------------------------------------------------
       6                  7                        8
------------------------------------------------------------------
      20                  25        Орманның тек құрғақ түрiнде
      20                  25        Орманның тек құрғақ түрiнде, 
                                    iрiктеу процентi қабат қоры            


                                    жиынтығынан көзделедi. Екiншi

қабатының жуандығы 0,4 одан көп жағдайда бiрiншiден оның қорының 50%-ке дейiнi iрiктеледi, ал жуандығы 0,3 болғанда- 30%-i. 10 Орманның тек жас және ылғал түрi.

     10-12                          Шыбықтары жеткiлiксiз болса, 
                                    кесумен бiр мезгiлде табиғи
                                    өсуге көмектесу шарасы 
                                    жүргiзiледi.
     8-10                           Шыбықтары аз болса, орман
                                    дақылдары егiледi.
                          10        Екiншi қабат жуандығы 0,3-0,4
                                    және бiрiншi қабатты кесуден
                                    кейiн өсiп-жетiлу жеткiлiксiз
                                    болғанда iшiнара қарағай
     10                             дақылы егiледi.
      3                   5         Орманның барлық түрi. Қарағай   
                                    шыбықтарының жеткiлiксiз
                                    жағдайында орман дақылдары
                                    егiледi.
     Ескерту. 1. ЕIК - ерiктi iрiктеп кесу. БК - бiртiндеп кесу 
                 (1,2,3 кезекпен), ЖК -жаппай кесу.
              2. Құр. - құрғақ, Жас - жас, ыл.- ылғалды қарағайлар.
              3. 3 кестенiң барлық жолына кесудiң барлық түрiне
                 (кезегiне) дейiнгi ағаштардың жуандығы көрсетiлген.
              4. Бiртiндеп кесудiң соңғы кезегiнде (БК-3) және
                 түрлi жастағы қарағайлы тоғайда жаппай кесу (ЖК)
                 кезiнде тек орманның өсiп-жетiлген және одан асқан
                 ағаштарының жиынтығы кесiледi.

қарағайлы орманда, сондай-ақ кескеннен кейiнгi алғашқы екi жылда орман дақылдарын (жаппай және iшiнара) отырғызу кезiнде қарағай нашар, қанағаттанғысыз өсiп-жетiлген жуандығы 0,3-0,5 таза әрi аралас бiркелкi жастағы қарағайлы ормандарда жүзеге асырылады.
      Әртүрлi жастағы ағаштарда жаппай кесу жүргiзген кезде орманның тек өсiп-жетiлген және өсiп-жетiлуден асқан ағаштарын жинауға рұқсат етiледi.
      Ағаш кесу алқабының енi 25 м, ұзындығы бөлiктiң созылуына байланысты анықталады; олардың жанасуы тiкелей жанасу мерзiмiнен 5 жылдан кем болмауға тиiс. Бөлiктерде әрбiр 100 метр сайын белгi салуға рұқсат етiледi. Алқап ұзын жағымен шығыстан батысқа қарай, кесу бағыты - солтүстiктен оңтүстiкке қарай қалыптасады (4-кесте). Жанасатын алқапта жеткiлiктi өсiп жетiлмеген немесе орман дақылдары болмаған жағдайда келесi алқапты одан әрi кесуге болмайды. Үшiншi және одан әрi алқаптық кесуге бiрiншi алқапта орман дақылдары немесе табиғи жас шыбықтарды жерге ағаштар отырғызуға бергеннен кейiн ғана рұқсат етiледi.
      40. Ұзына бойы созылған тоғайлардың, қайыңды және көктеректi ормандарында ағашты басты мақсатта пайдалану үшiн кесу Қазақтың шағын адырлы жапырақты ормандары үшiн көзделген нормативтер мен технологияларға сәйкес жүргiзiледi.

          Аралды қарағайлы ормандардағы ағаш кесу

      41. Аралды қарағайлы ормандарда құрғақ, жас және дымқыл топтардағы ағаштарды ерiктi-iрiктеп, бiртiндеп және жаппай алқаптық кесу жүргiзiледi (кесте).
      42. Ерiктi-iрiктеп кесу жуандығы 0,6-1,0 жердiң құрғақ жағдайында өсiп-жетiлетiн қарапайым күрделi, таза және бiркелкi, түрлi жастағы қарағайлы ағаштарда жүргiзiледi.
      Жуандығы 0,8-1,0 өсiп тұрған ағаштарда iрiктеу қарқыны қордың 25 процентiн, жуандықтың 0,6-0,7 - 15-20 процентiн құрайды. Ерiктi-iрiктеп кесу жүргiзiлген жағдайда ағаштардың жуандығы 0,5-тен кемiмейдi.
      Кесудiң бұдан кейiнгi кезегi өсiп тұрған қарапайым ағаштардың жуандығы 0,6 және одан жоғары немесе бiрiншi қабатының жуандығы 0,3 және одан жоғары күрделi ағаштардың қалыптасуы, екiншi қабатында жас ағаштар үшiн жуандығы кемiнде 0,4 орташа жастағыларынiкi 0,3 болуы жағдайында жүргiзiледi.
      Күрделi ағаштарда ерiктi-iрiктеп кесу өсiп-толысқандарын кесу жолымен атқарылады. Екiншi қабаттың жуандығы 0,4 және одан асқанда оның бiрiншi қабаты қорының 50 процентiне дейiнi, ал жуандығы 0,3 болса, онда 30 процентi iрiктеп алынуы мүмкiн.
      43. Бiртiндеп кесу қарапайым, күрделi, таза және бiркелкi және аралас түрлi жастағы жас және ылғалды қарағайлы ормандарда белгiленедi.
      Жуандығы 0,8-1,0 ағаштардағы кесу бiрiншi кезекте қордың 25-35 процентiн iрiктеп алу жолымен үш кезектен орындалады. Өсiп тұрған ағаштардың жуандығы 0,6-0,7 дейiн төмендейдi.
      Кесудiң екiншi кезегi 10-12 жылдан кейiн қарағай аясында оның өсiп-жетiлуi қанағаттанарлықтай болғанда жүзеге асырылады. Кесудiң қарқыны - 20-40 процентi мұның өзi өсiп-жетiлудiң ойдағыдай болуына тiкелей байланысты. Шыбықтар сан жағынан жеткiлiксiз болғанда екiншi кезек табиғи өсiп- жетiлуге жәрдемдесу шараларын мiндеттi түрде жүргiзе отырып осы мерзiмде белгiленедi.
      Кесудiң соңғы кезегi қарағайдың өсiп-жетiлуi жақсы болған жағдайда 8-10 жылдан соң жүргiзiледi (2 қосымша). Егер шыбықтары жеткiлiксiз болса, онда аталған мерзiмде өсiп-жетiлген қалған ағаштар кесiп алынады және алқапта кесуден кейiнгi алғашқы екi жылда қарағай дақылдары егiледi.
      Алғашқы жуандығы 0,6-0,7 ағаштарда кесудiң екi кезегi жоғарыда аталған схема бойынша, бiрiншi кезекте қордың 20- 40%-iн iрiктеп алу жолымен атқарылады.
      Күрделi таза және аралас қарағайлы ағаштарда кесу өсiп-жетiлген қабаттағы ағаштар жуандығы 0,4 және одан асқанда екi кезекпен жүргiзiледi: бiрiншiде қордың 30-40 %-i, 10 жылдан соң өсiп-жетiлген қалған ағаштар түгел кесiп алынады. Бiрiншi қабаттың жуандығы 0,3 болғанда iрiктеп кесу бiр кезекте орындалады.
      Екiншi қабаттағы жуандығы 0,3-0,4 болғанда және жас шыбықтары сан жағынан жеткiлiксiз болса, өсiп-жетiлген қабатты кескен соң алғашқы екi жылда iшiнара қарағай дақылдары егiледi.
      44. Қарапайым таза және аралас бiркелкi және түрлi жастағы ағаштарды өскен жерiнiң барлық жағдайында жуандығы 0,3-0,5 болғанда жаппай алқаптық кесу белгiленедi.
      Алқаптың енi 50 м, ұзындығы 1000 м, көлемi 5 га дейiн. Кесу жылын қоспағанда алқаптың тiкелей жанасуы 5 жыл. Алқаптың бағыты - жел қатты соғатын жаққа тiке, кесу бағыты - жел қатты соғатын жаққа қарама-қарсы. Көлемi 1х1 шаршыда 4-5 мәрте кесуге жол берiледi.
      Қарағайдың өсiп-жетiлуi жеткiлiксiз ағаштарда кесу жұмысы алғашқы екi жылда қарағай дақылдарын еге отырып жүргiзiледi.
      45. Аралды қарағайлы ормандарда жапырақты ағаштарда ағашты басты мақсатта пайдалану үшiн кесу Қазақтың шағын адырлы жапырақты ормандары үшiн көзделген нормативтер мен технологияға сәйкес жүргiзiледi.

               Шөлейттегi ормандарда ағаш кесу
         Шөлейттегi сексеуiлдi ормандарда ағаш кесу

      46. Сексеуiлдi ормандардың экологиялық және шаруашылық жағынан ерекше зор маңызы бар. Сексеуiлдердi табиғи және жасанды жолмен қалпына келтiру өте қиын.
      47. Топырақтың жел эрозиясына (саздақ, сазды, тақырлау) шыдамды болып өскен таза және аралас (ақ сексеуiлдi қоса 4 бiрлiкке дейiн) қара сексеуiл ағаштарында, қара және ақ сексеуiлдi жинай отырып жаппай кесу жүргiзiледi.
      Алқаптың енi - 100 м. Жанасу тәсiлi - аттамалы түрде. Алқаптық ағаш кесу жел қатты соғатын жаққа тiкелей қалыптасады. Кесу бағыты - қатты жел өтiне қарама-қарсы. Қалдырылған жолақтарды кесу бұрын ағашы кесiлген алқаптың бiр гектарында 500 данадан астам сексеуiлдiң 3-5 жылдық жас шыбықтары болғанда немесе жерге ағаш отырғызуға оларды көшiрудi қамтамасыз ететiндей сандық нормативтiк көрсеткiшi болған жағдайда орман дақылдарын еккеннен кейiн 3-4 жылдан соң белгiленедi.

     Ағашы кесiлген жерде өсiп-жетiлуi қанағаттанғысыз жағдайда
кесуден кейiнгi қалған жолақта 2-3 жылдан соң орман дақылдарын егу
көзделедi.
     Сексеуiлдi кесу мерзiмi - қараша-наурыз айлары. Кесiлген
жердi жасанды түрде қалпына келтiру барысында көктемгi кезеңде
сексеуiл кесуге рұқсат етiледi.

          Жазық жерлердегi қайыңды ормандардың оңтүстiк
                     шетiнде ағаш кесу

     48. Жазық жерлердегi шоқ қайыңды ормандардың оңтүстiк
шетiнде (1-қосымша) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу
көзделмейдi. Оларда өсiп тұрған ағаштардың бүкiл кезеңiнде
күтiп-баптау және санитарлық мақсаттағы кему жүргiзiледi. Ал
жаппай санитарлық кесу алқаптарында кесуден кейiн бiр жылдан
соң орман дақылдары егiледi.

              Интрааймақтық ормандарда ағаш кесу
              Су жайылмалы ормандарда ағаш кесу



      49. Су жайылмалы ормандарда қорғаныш категориясына сәйкес

алқаптың көлемi бойынша түрлi нормативтерiмен (6-кесте)
белдеулi-бiртiндеп және тар алқаптық жаппай кесу белгiленедi.
     50. Қорғаныш категориясында - өзендер, көлдер, су қоймалары
мен басқа су объектiлерiнiң жағалары бойынша ормандардың тыйым
салынған белдеулерi:
     1) Барлық ағаш тұқымының жапырақты алқаптарында (құрамында
3 бiрлiкке дейiн емен бар емендi және теректi орманнан басқа)
тар алқаптық жаппай кесу жүргiзiледi;
                                                  6 Кесте
            Су жайылмалы ормандарда ағашты басты мақсатта
                      пайдалану үшiн кесу
-------------------------------------------------------------------
  Кесiлетiн ағаштардың |Секциялар.| Кесуге   |   Қор бойынша 
     сипаттамасы       |  дағы    | дейiнгi  |   iрiктеп  алу
                       | белдеу,  | жалпы    |---------------------
                       |   N      | жуандығы | жуандығы  | iрiктеу,
                       |          |          | кезiнде   |    %
--------------------------------------------------------------------
           1                2          3          4           5
--------------------------------------------------------------------
         Қорғаныш категориясы - өзендердiң, көлдердiң, су
         қоймаларының және басқа су объектiлерiнiң жағалары
         бойындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi
Емендi орман, таза,       ББК       0,3-1,0   
аралас, бiркелкi және      1        0,3-1,0     0,3-1,0        100
түрлi жастағы емендер*     2        0,3-1,0     0,6-1,0      15-50
                                                0,3-0,5        100
                           3        0,3-1,0     0,6-1,0      15-50
                                                0,3-0,5        100
Құрамында 3 бiрлiкке      ЖК        0,3-1,0     0,3-1,0        100
дейiнгi еменi бар 
теректер  
Таза, аралас бiркелкi,    ЖК        0,3-1,0     0,3-1,0        100
және түрлi жастағы 
жапырақты ағаштар
           Өзендердiң, көлдердiң, су қоймаларының және басқа
           су объектiлерiнiң жағаларындағы ормандардың тыйым
           салынған белдеулерi шегiнен тысқары қорғаныш
                              категориясы
Таза, аралас бiркелкi     ЖК        0,3-1,0     0,3-1,0        100
және түрлi жастағы 
жапырақты ағаштар
                    Талды тоғайлардағы кесу жұмысы
Талдар                    ЖК        0,3-1,0     0,3-1,0        100

------------------------------------------------------------------
  Кезектiң | Жанасу | Алқаптың көлемi |Алқаптың |      Ескерту 
қайталануы,|мерзiмi,|  енi,    |ұзын.-|ең үлкен |
    жыл    |   жыл  | метр     |дығы, |көлемi,  | 
           |        |          |метр  |   га    |
------------------------------------------------------------------
     6         7         8        9        10            11
------------------------------------------------------------------- 
                       15-20     500     1,0    Жуандығы 0,5-ке            


                                                дейiнгiлерi бiрiншi

белдеудегi ағаштарды

     5         5                                кесумен бiр мезгiлде
     5         5                                жүргiзiледi.
     5         5                                Жуандығы 0,5-ке     
                                                дейiнгiлерi 2 
                                                белдеудегi ағаштарды
                                                кесумен бiр мезгiлде
                                                жүргiзiледi.
               2        25       500     1,25   Емен кесiлмейдi. Кесу
                                                жұмысы 2-3 алқаптан
                                                тұратын секциялар
                                                бойынша жүзеге
                                                асырылады.
               2        50       500     2,5    Кесу жұмысы 2-3
                                                алқаптан тұратын
                                                секциялар бойынша
                                                жүргiзiледi.
               2        50       500      5
               5        50       500     2,5
     Ескерту. ББК-белдеулi бiртiндеп кесу, ЖК-жаппай кесу.
              * Басқа қорғаныштық категориясында кесу аталған
                технология бойынша жүргiзiледi.


бiр гектардан астам алаңның барлық бөлiктерi 3-2, енi - 50 м, ұзындығы 500 м дейiнгi алқаптық топтарға бөлiнедi, олар өзен ағысына қарама-қарсы орналасу тәртiбiне қарай нөмiрленедi. Осы топтар бұдан кейiн 2-3 кезекпен кесуге белгiленедi (5 сурет).
      Әрбiр алқаптың көлемi 2,5 га артық болмауға тиiс. Жанасу, әдеттегiдей, ықтырмалы (екi алқаптан кейiн), бөлiктiң енi 100 м кем болғанда - аттамалы (бiр алқаптан кейiн). Жанасу мерзiмi - 2 жыл. Көлемi 1 га және одан кем таксациялық бөлiктi, олардың орналасуына қарамастан, түгел кесу көзделедi. Өзен арнасының бойына орналасқан бөлiктiң енi кемi 50 м болғанда алқап көлемi өте шағын болуы мүмкiн, мұның өзi кейiннен орманды қалпына келтiру, орман шаруашылық жұмыстарын әзiрлеу мен жүргiзудi қиындатады. Мұндай жағдайда алқаптың ұзын қанаты (200 м аспайтын) өзен бойына орналасуы мүмкiн, ал оның көлемi бiр гектардан артпауға тиiс (6 сурет).
      2) Емендi ормандарда белдеулi бiртiндеп бiр және екiншi кезекте кесу (ағаштардың алғашқы жуандығына сәйкес) жүргiзiледi. Кесуге бөлiнген учаскелер енi 15-20 метрлiк үш алқаптан (белдеуден) секцияларға бөлiнедi. Олар өзен ағысының бағытына қарамастан шығыстан батысқа қарай бағытталады. Алқаптың ұзындығы бөлiктер шекарасымен, бiрақ 500 метрден астам, анықталады. Кесудiң бағыты - солтүстiктен оңтүстiкке қарай.
      Секциялардағы бiрiншi белдеулер тобы, ағаштардың жуандығына және еменнiң жас шыбықтарының болуына қарамастан түгел кесiледi. Сонымен бiр мезгiлде жапсарлас топта екiншi белдеудiң аралас тобындағы ағаштар жуандығы 0,6 және одан жоғары болса, жуандығы 0,5 дейiн кесу жүргiзiледi.
      Жуандығы 0,3-0,5 екiншi белдеу тобы ағашы кесiлген жерде өсiп-жетiлуi қанағаттанарлық болғанда немесе жолақтың бiрiншi белдеуiнде ормандық емен дақылын егу барысында 5 жылдан соң түгел кесiп алынады. Сонымен бiр мезгiлде белдеудiң үшiншi тобында ағаш жуандығы 0,5 дейiн болғанда кесiледi. Олар орманды қалпына келтiру жөнiндегi осындай талаптарды сақтау барысында жолақтың бiрiншi тобында ағаштарды алғашқы кесуден соң 10 жылдан кейiн кесiледi (7-сурет).
      3) Құрамында 3 бiрлiкке дейiн еменi бар теректi ағаштарда тар қанатты алқаптық жаппай кесу жүргiзiледi, Кесуге бөлiнген бөлiктер әрқайсысының енi 25 м 3 алқаптағы секцияларға бөлiнедi. Барлық емен ағаштары, санитарлық жәй-күйiне қарай жиналатынынан басқалары, сақталады. Алқаптың бағыты мен оны кесу 50-2 тармақтағыдай.
      Алқаптың екiншi, сонан соң үшiншi тобын кесу өсiп-жетiлу қанағаттанарлық болғанда (басқа жапырақты тұқымдар шыбықтарының өсуiн ескере отырып) екi жылдан кейiн жүргiзiледi. Өсiп-жетiлу жеткiлiксiз күйде болғанда еменнiң орман дақылдары отырғызылады.
      Еменнiң тұқымдығының өсуiне, оның санына қарамастан мiндеттi түрде күту (жарық) жүргiзiледi.
      51. Өзендер, көлдер, су қоймалары және басқа субъектiлерiнiң жағаларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнен тысқары су жайылмалы ормандарда және Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген басқа қорғаныш категорияларына жатпайтын теректiк, үйеңкiлiк, қарағаштық және басқа жапырақты ағаштарда (құрамында 3 бiрлiкке дейiн еменi бар емен және терек ағаштарынан басқа) енi 50 метрден аспайтын алқаптық жаппай кесу жүргiзiледi. Алқаптың ұзындығы бөлiктiң ұзындығымен анықталады, ең көп көлемi - 5 га. Алқаптың жанасуы, ағашты кесу жылын есептемегенде тiкелей 2 жылдан соң. Көлемi 2 гектардан кем орын учаскелерiнiң ағашы толық кесiледi.
      Мөлшерi 1х1 шаршыларда 3-4 мәрте шабуға рұқсат етiледi. Отау арасында қалдырылған орман белдеуiнiң енi 200 м кем болмауға тиiс.
      Құрамында 3 бiрлiкке дейiн еменi бар емендi, теректi ағаштарда 50-2 және 50-3 тармақта баяндалған технология бойынша кесу жүргiзiледi.
      52. Құрамында 3 бiрлiкке дейiнгi еменi бар емендер мен теректерден басқа, барлық ағаштар үшiн алқаптардың бағыты су ағысының басты жолына тiкелей; ал кесу бағыты - ағысқа қарсы болады.
      53. Құрамында 3 бiрлiкке дейiн еменi бар емендi ормандар мен басқа ағаштарды қоспағанда, жапырақты ағаштардағы шыбықтардың барынша өсiп-жетiлуiн қамтамасыз ету мақсатында кесу жұмысы қыркүйектен мамырдың басына дейiн жүргiзiледi. Жазғы кезеңде өсу қабiлетiн жойған ағаштарға кесу жүргiзiлуi мүмкiн. Бұтақты ағаштарды кесу қар суы кеткен соң жаз кезеңде тамызға дейiн жүргiзiледi. Құрамында 3 бiрлiкке дейiн еменi бар, қалың тоғайда және басқа ағаштарда тұқымдық шыбықтарды барынша көп сақтау мақсатымен кесу жұмысы қар толық түскен соң және қар кеткенге дейiн жүргiзiледi.
      54. Табиғи барлық аймақтардың су жайылмалы аңғарларына орналасқан және Ереженiң 6-тармағына сәйкес қорғаныш категориясына жатпайтын талдарда 2 жылдық жанасу мерзiмiмен енi 50 метрге дейiнгi жаппай алқаптық кесу жүргiзiледi. Отаудың саны 1 шақырым аймақта 5-4. Кесу жұмысы қар суының тасқыны басылған соң жаз кезеңiнде орындалады.

             Тоғайлы ормандарда ағаш кесу

      55. Тоғайлы ормандар республиканың оңтүстiк шөлейт аймақтарындағы су жайылмалы өзен аңғарларында өседi, олар аса маңызды экологиялық-гидрологиялық қызмет атқарады, аңшылық дүниесiнiң аса жоғарылығымен, аздау жапырақты ағаш тұқымдары бар бұталардың кең таралуымен сипатталады.
      56. Талды алқаптарда (Жоңғар және Вильгельм ешкi талдары), Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген қорғаныштық категориялардан басқа, енi 25 м аспайтын алқапта аттамалы жолақтары 3-4 жылдан соң жанасатын тар қанатты жаппай кесу атқарылады. Қалдырылған белдеулерде ағашты кесу аралас алқапта ағаштың өсiп жетiлуi қанағаттанарлық болғанда немесе отырғызылған орман дақылдары алқапты орман өсетiн жерге айналдырудың нормативтiк талаптарына сай келгенде жүзеге асырылады.
      Ағашты кесу мерзiмi - қыс немесе ерте көктем. Өйткенi,

осы кезеңде жүргiзiлген кесу жұмысы жас шыбықтардың түлеп 
өсуiне барынша қолайлы.
     57. Талды алқапта (Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген
қорғаныштық категориядан басқа) алқаптың енi 25 метр мөлшерiнде
жаппай алқаптық кесу жүргiзiледi. Бiр жылдық алқаптың аралық
қашықтығы - 50 м, тiкелей жанасу мерзiмi - 2 жыл.
     Кесу кезеңi - жаз кезеңiнде қар суының тасуы басылғаннан
кейiн.
     58. Тоғайлы ормандарда ағашты кесудiң бағыты алқаптың
ұзын қанатымен өзен арнасына тiке орналаса отырып өзеннiң
ағысына қарама-қарсы белгiленедi.

          Алқаптық жұмыстарды жүргiзуге қойылатын
           экологиялық-орман жүргiзу талаптары 



      59. Ағаш дайындаушылар ағашты дайындау және тасу кезiнде өскiндi, жас шыбықтарды және ағаштың қалдыруға тиiстi бөлiгiн, топырақты эрозиядан қорғауды қамтамасыз етуге тиiс.
      60. Ағаш дайындау процесiне топырақты көп бүлдiрмейтiн машиналар мен механизмдер тракторлар, энергетикалық модулдар, доңғалақты ағаш дайындау (харвестерлердi, форвадерлердi) техникасын қолдану қажет. Қар жоқ кезеңде топыраққа үлестi салмақ түсiруi 0,4-0,5 кг шаршы. см. аспайтын сүйрегiш тракторларды пайдалану керек.
      61. Әрбiр алқапта әзiрлiк жұмысын жүргiзуге және оны нақты түрде бөлуге дейiн осы Ережеге сәйкес технологиялық карта жасалады. Онда мыналар көрсетiледi: ағашты кесу тәсiлi, оны тасу, ағашы кесiлген жердi, жоғары қоймалар мен тиеу алаңдарын тазарту, магистралды және тасу алқабы жолдарының орналасуы, шыбықтары сақталуы қажет алаң, ағаштары өсiп-жетiлмеген ағаш топтары мен гүл өсетiн топырақ, сондай-ақ топырақты эрозиядан қорғау жөнiндегi талаптар, ағаштарды, құмырсқа илеуi бар, кесуге болмайтын жас талдар мен шыбықтарды сақтау.
      Ауыл шаруашылығы кәсiпорындарына және басқа кiшiгiрiм ағаш дайындаушыларға берiлетiн алқапты әзiрлеуге арналған технологиялық карталарды орман шаруашылығының кәсiпорындары жасайды, ал мамандандырылған ағаш дайындаушы кәсiпорындарға берiлетiн алқаптар үшiн алқапты бiр мезгiлде бөлiп бере отырып ағаш дайындаушылар жасайды.
      Технологиялық картаны орман шаруашылығының өндiрiстiк кәсiпорындары бекiтедi. Ағаш кесу билетi бекiтiлген технологиялық картасы қолында болған жағдайда берiледi, ол ағаш кесу билетiне қосылады.
      62. Алқаптарды кесуге технологиялық карталарда көрсетiлген нақты түрде алаңшаларды сүйреу, тиеу алаңын, бөлген соң, қауiптi ағаштарды жинап алу және технологиялық карталарда көрсетiлген басқа да жұмыстарды орындаған соң рұқсат етiледi.
      Сүйреп шығару алқабын әзiрлеу, тиеу алаңын жайластыру барысында топырақты, жас шыбықтарды және барынша қорғауды, кесуге болмайтын ағаштарды барынша сақтауды қамтамасыз етуге тиiс.
      63. Магистралды сүйреп шығару енi - 5 м, дөңестi жерде бұл 7 м ұлғайтылады. Тасу алқабының енi 4 м дейiн белгiленедi. Ал ұзындығы жазық жер жағдайында - 200 м, таулы өңiрде - 150 м артпауға тиiс.
      Ағаш сүйрейтiн жол салғанда ол жерден iрi тастарды, шырпыларды жинап алады; бұталар мен жас шыбықтар оталады: ағаштар, түбiрлер, томарлар жер бетiмен бiрдей етiп тегiстеле кесiледi; олар жабылып, су жүретiн жыралар жасалады; тiк қия дөңестi жерлерде 25-30 метрден кейiн, құлама беткейлерде олардың бiр-бiрiнен қашықтығы 80-100 метрге дейiн жеткiзiледi.
      Ағашты кесу кезiнде тастақ, құмдақ топырақты және көлбеулiгi 10 градустан асатын қия беткейлер арқылы өтетiн жолдар кесiлген ағаш қалдықтарымен нығайтылады. Қия беткейлерде сүйрелетiн ағаштар жолдан сырғанап, құлап кетпеуi үшiн әрi қия беткейлердегi өскiндердi бүлдiрмей, айналып өтетiн бұрылыстарға қада қағылып, қауiптiлiк жойылады. Бұлар кесуге ағаштар қатарынан iрiктелiп, алқаптың кесу жұмыстары аяқталған соң жинап алынады.
      Қия беткейге кесе-көлденең қойылған белгiлер бағытына қарай ағаш тасу жолдары оған қатарластырыла тартылады немесе тiк беткейде көлбеулiгi 5 градусқа дейiн негiзгi ағаш тасу жолына көлбеулiгi 30-40 градус деңгейiнде келiп жанасады. Олар биiк дөңес жерлерде қияны азайту мақсатымен серпантиндi жүйемен тартылады. Шынжыр табанды тракторлар үшiн жолдың ылдилығы - қыста, жауынды кездерде жазда көлбеулiгi 15 градустан артпауға тиiс; жаздың құрғақ кезiнде - 25 градустан артпайды. Доңғалақты тракторларды өрдiң биiктiгi 7 градустан, жазғы құрғақ кездерде жолдың ылдилығы 17 градустан, қыста және жазғы құрғақ кездерде 13 градустан артпайтын жағдайда пайдалану ұсынылады.
      Ағашты бiртiндеп және iрiктеп кесу жағдайында тасу жолдарын кейiнгi ағаш кесу кезiнде де пайдалануға болатындай етiп салған дұрыс.
      Ағаш сүйреп шығаратын соқпақтарда тұрақты және уақытша су жүретiн арналардың бойында, сондай-ақ қорғалатын учаскелер шегiнде ағаш тартатын жол салуға рұқсат етiлмейдi.
      Ағаш сүйрейтiн жолдың көлемi алқап алаңының 15 %-нен аспайтындайы болуға тиiс.
      64. Жоғары қоймалары мен тиеу алаңдары бар көлемi 10 гектардан кем алқаптар үшiн алқап көлемi 4 проценттен, ал 10 гектардан асса - 2 процентiнен артпауға тиiс. Алаңдарды орналастыру үшiн, әдеттегiдей бос жерлердi, орман жолдарын, ағаштан бос басқа да жерлер пайдаланылады. Қоймалар мен алаңдарды ерекше қорғалатын учаскелерге орналастыруға жол берiлмейдi.
      65. Технологиялық тәртiптi сақтау, ауытқу бағытын қамтамасыз ету, өскiндердi, топырақтың орман өсiрудегi қасиетiн сақтау үшiн алқапты шағын алаңдарға бөледi. Тегiс жерлерде олар белгiлi бiр нысана бойынша белгiленедi. Су жырып кеткен сай-жыралардағы учаскелердi алқаптың шекарасы оларға белгiленген енiн сақтай отырып, қисық жүргiзiлуi де мүмкiн.
     66. Шыбықтар бiркелкi орналастырылған жағдайда алқапты енi ағаштың бiр жарым биiктiгiнен аспайтын бөлiктерге бөлу керек (8-сурет). Олардың әрқайсысының ортасынан ағаш тасу жолдары тартылады, оның бел ортасына қатарластыра ағаштың басы тиеу және сүйреп тасу бағытына қарай кесiлiп құлатылады. Сонан соң жанындағы бөлiктерден кесуге арналған ағаштар бас жағымен ағаш тасу жолына 30-45 градус бұрыштай, соның өзiнде осы жолға таяу жердегiлерi қырымен құлатылады. Бұл орайда ағаштың басы жолға қарай құлатылуына тырысу керек. Ағаштарды құлату кезiнде өскiндер мен жас шыбықтардың, әсiресе құлама жерде орналасуына назар аударылады. Тракторлардың жүруi мен айналуы ағаш сүйреу жолдарымен, тиеу алаңдарымен ғана жүзеге асырылады. Ағашты топтап тиеу кезiнде трактор жолдан шықпауға тиiс; сүректер жолға шынжыр арқан арқылы сүйреледi. Ағаштарды алаңшылар iшiнде дөңгелете айналдыруға болмайды.
      Ағашты сүйреу өрiмталдарда немесе түрлi ағаштарда жүргiзiледi. Жас шыбықтар бұтақтары бiркелкi кесiп сүйреп шығарылады. Ағашты тамырынан сүйреп шығару жолға қарай қарама-қарсы орналасқан және белгiленген тәртiптi бұзып құлатылған ағаштарда ғана рұқсат етiледi. Мұндай ағаштарды жинастыру алқаптағы ағаштарды сүйреп шығарған соң жүргiзiледi; трактор алқаптың ең шетiне кiрiп, қоймаға қарай жылжи отырып оларды жинап әкеледi.
      67. Өскiндер құламалы жерде орналасқанда алқап енi 80-100 метр, бiртiндеп және iрiктеп кесу кезiнде алаңшаларға бөлiнедi, жаппай кескенде алқап енi шегiнде бөлiнедi. Тасу алқабы ағаш кесу жұмыстары кезiнде оның өскiндерi мен жас шыбықтар топтары бүлiнбейтiндей орналасуы керек. (9-сурет).
      Әрбiр алаңшаның төменгi бөлiгiнде ағаш материалдарын тиейтiн алаңдар әзiрленедi. Ағаш кесетiн алаңшаларды одан әрi дайындау өскiндер мен жас шыбықтар егiлген топырақтан ағаштарды бiр шетке қарай құлата отырып Ереженiң 66-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
      68. Өскiндер сақталмайтын алқапты әзiрлеу схемасы жас шыбықтарды бас жағынан сүйреп шығару әдiсi шағын алқаптардағы әдiске ұқсас (66-тармақ). Осындай жағдайда алаңшалардың енi 30-45 (50) метр, ағаштар жолға 45-60 градус көлбеулiкпен құлатылады. Алаңшаларды әзiрлеудi жеңiлдету үшiн олардың енi 8-10 м жолақтарға бөледi: бiрiншi алқапқа сүйрейтiн жол салу, ал оларды құлату және тасу аяқталған соң сүйреу жолының қарсы бетiне салу одан әрi жүргiзiледi. Сонан соң алаңша ортасына таспа жол салу одан әрi жүзеге асырылады.
      69. Ағашы кесiлген орман дақылдары егiлетiн алқаптарда, сондай-ақ тамыр атпалары арқылы қайта қалпына келтiрiлетiн кесiлген көктеректi жерде құлатылған ағаштар түпкi жағынан сүйреп шығарылады, бұл жұмысты ағаш таситын жолға қатарластыра салынған жолмен атқарады. Енi 5 м жол алқаптың ұзын қанаты жағынан тартылады, сонан соң енi 6-8 метр қанаттас жолақтарда ағаштарды бас жағымен ағаш тасу жолына құлатады, ал келесi жолақтарда бас жағымен ағашы кесiлген жерге құлатылады. (10-сурет). Ағаштар жолға бұрышымен 45-60 градус деңгейiнде құлатылады. Таспалы жолдар негiзгi жол бiртiндеп алыстаған сайын тартыла бередi. Әрбiр таспалы жол орман қабырғасынан басталады. Кейiн орман қабырғасы ағаш кесу жолынан 50-60 метр қашықтаған соң қажетiнше трактор (алаң бойынша шоқ ағаштарды кесу кезiнде, Ереженiң 21-тармағы) келесi жолды салады. Ағаш бумаларын трактормен алаңшалардағы таспалы жолдарға шығарады, ал сонан соң оларды құрастырып трактор ағаш таситын жолға шығады.
      70. Кесудiң әрбiр кезегiн аяқтаған соң алқапта кесуге жатпайтын ағаштар қалуы тиiс. Бүлiнген ағаштардың саны (жоғары жағы омырылған, қабығы сыдырылған, жалаңаштанған, дiңi мен түбiрi терең жарылған) қия беткей көлбеулiгiнiң 10 градусқа дейiнгi учаскелерiнде 8 проценттен, ал үлкен қия беткейлерде кесiлмей қалдырылғаны ағаштардың санының 12 процентiнен артпауға тиiс. Бұл ағаштар бiртiндеп және iрiктеп кесу үшiн Ережеде белгiленген iрiктеп алынған ағаштарды кесудiң жалпы қарқынына қосылады.
      71. Бүкiл ағаш кесу жұмыстары аяқталған соң, ағаш тасу жолы мен тиеу алаңын қосқанда, минералданған топырақтың жалпы процентi алқап алаңының 20 процентiнен артпауға тиiс.
      72. Iрiктеп, бiртiндеп және жаппай кесу жүргiзген жағдайда 66-68-тармақтарда көрсетiлген технология, ал 69-тармақта келтiрiлген технология тек қана жаппай кесу кезiнде қолданылады. Жаппай санитарлық кесу технологиясы - жаппай алқаптық кесуге қолданылатын әдiстегiдей болады.
      73. Белдеулi-бiртiндеп кесу кезiнде тар алқаптық кесу технологиясы, ал тамырынан түлетiп өсiруге бағдарланған жапырақты ормандарда алқапты кең-соқпақты етiп әзiрлеу әдiсi (Ереженiң 68-тармағы) қолданылады.
      74. Техника қауiпсiздiгi жағдайына байланысты тiк қия беткейлерде тракторларды қолдануға мүмкiндiк жоқ жерде негiзгi ағаш таситын жолда арқанды қондырғылар, жеңiл қозғалатын машиналар мен механизмдер, ағашты атпен, қолмен сүйреп тасу әдiсi пайдаланылады. Ағашты әуемен тасуда алқапты ұзына бойлай тасу әдiсi қолданылады.
      75. Сексеуiлдi алқаптарда өзiндiк ерекшелiктерiне қарай ағашты темiр арқанмен құлату тәсiлi қолданылады. Бұл үшiн ұзындығы 30-35 метрлiк темiр арқан қос трактор аралығына байланады, олар алаңшалармен қатарласа жүргенде сексеуiл омырыла құлайды. Мұнда сексеуiлдiң жас өскiндерiнiң түлеп өсуiн қамтамасыз ету мақсатында мынадай талаптар сақталынады: темiр арқан мен жердiң бетi арасындағы саңылау 30 см дейiнгi мөлшерде болуы тиiс. Құлатылмай қалдырылған түбiрлер биiктiгi дiңнiң жуандығына байланысты 5-8 см-ден артпауға тиiс. Дайындалған сексеуiл жиналып, автомобиль көлiгiмен немесе трактор тiркемесiмен тасылады.
      76. Алқаптағы жұмыстарды аяқтаған соң ағаш дайындаушылар ой-шұқырды тегiстеу, топтастыра байлаған шыбықтармен толтыру, қалдықтармен нығыздап, тегiстеу жолымен топырақ эрозиясының мүмкiн болатын барлық ошағын жоюы, сондай-ақ жоғарыдағы қоймалар мен тиеу алаңдарын орманды қалпына келтiру жұмысын жүргiзуге жарамды күйге келтiруге мiндеттi.

           Кесiлген қалдықтарды пайдалану және ағашы
                 кесiлген жерлердi тазарту

      77. Алқапты кесiндiлерден тазартуды (бұтақ, топырақ, ағаштың жоғары басы) ағаш дайындаушылар орманның түлеп өсуiн, санитарлық және өртке қарсы жәй-күйiн жақсарту мақсатымен ағашы кесiлген жерлердi тазарту жөнiндегi қолданылып отырған Ережелерге сәйкес ағаш дайындаумен бiр мезгiлде жүргiзуге тиiс.
      78. Кесу қалдықтары бiрiншi кезекте өнеркәсiпте ұқсату немесе халыққа сату үшiн пайдаланылады. Бұл жағдайларда қалдықтар, ашық жерге және ағаштардың бойындағы жолдардың жарық жерлерiне (бос тұсына) өрт қауiпсiздiгiн сақтай отырып үйiледi.
      79. Кесу қалдықтарын пайдалану мүмкiндiгi болмаған жағдайда алқапты тазарту былайша:
      кесу қалдықтары бiр жерге үйiледi немесе сол жерде ол шiруi үшiн жал-жал етiп жинастырылады немесе өрт қауiпсiздiгi жоқ кезде өртеу:
      ағашы кесiлген жерлерде ұсақтала кесiлген қалдықтарды (ұзындығы 1 метрден аспайтын жаңқа немесе кесiндi, құрғақ ағаш түрiнен басқа), егер орманның өсу жағдайын жақсартуға жәрдемдессе, жер бетiне шашып тастау;
      қалдықтарды ағаш тасылатын жолдарға төсеп, ағашты сүйреу процесiнде берiк нығыздау арқылы жүргiзiледi.
      Алқаптарды қалдықтардан тазартудың аталған тәсiлдерi аралас түрде қолданылуы мүмкiн.
      Жоғарғы қоймаларда үйiлiп қалған және сатуға немесе ұқсатуға арналмаған қалдықтар олардың жиналуына орай арнайы бөлiнген жерде орманды өрттен сақтану Ережелерiн сақтай отырып, жағып жiберiледi.
      80. Ағашы кесiлген жерлердi тазарту тәсiлдерiн ағаш кесуде қолданылатын тәсiлдi, ағаш өсетiн жердiң жағдайларын, орманның түлеп өсу ерекшелiктерiн ескере отырып, орман шаруашылығын жүргiзуге жауапты орман шаруашылығы кәсiпорындары белгiлейдi, бұл мiндеттер ағаш кесу билетiнде атап көрсетiледi.
      81. Орман дақылдарын егу немесе жас шыбықтардың түлеп өсуi көзделген жаппай кесу алаңында кесу қалдықтары биiктiгi 1-1, 2 метр, бiр-бiрiнен қашықтығы кемiнде 20 м етiп, қатар-қатар үйiледi немесе жал жасалады (мүмкiндiгiнше ағаш тасу жолдарында), кейiннен олар өртеледi немесе шiруге қалдырылады. Кейiн қалдықтар үйiндiсiн трактормен таптаған жөн. Осы қалдықтар астында қалатын жер алқап алаңының 20 процентiне аспауға тиiс. Қалдықтарды алқаптан тыс бос жерге апарып өртеу үшiн жинастыруға, үюге рұқсат берiледi.
      Алқапты тазартудың аталған тәсiлдерi кейiннен орман дақылдарын еге отырып бiртiндеп кесудiң соңғы кезеңiнен жүргiзу кезiнде қолданылады.
      82. Өскiндердiң түлеп өсуi қанағаттанарлық ағашы жаппай кесiлетiн жерлердi тазарту, өскiндердi сақтауды қамтамасыз ететiн және олардың сол кезде және кейiннен түлеп өсуiне әсер ететiн жағдайларды жақсартатын тәсiлмен:
      топырағы жұтаң ормандар қалдықтарды ұсақтап ұзындығы 1 метрге дейiн етiп ағашы кесiлген жерлерге бiркелкi етiп шашу;
      топырағы саздақ және сазды ормандарда қалдықтарды көлемi 1 м, биiктiгi, 0,5 м үйiндi етiп бос жерге жинап өртеу жолымен тазарту;
      ылғалды және дымқыл ормандарда өскiндерi жоқ жерге үйiп, шiрiтуге қалдыра отырып кесiндi қалдықтарын жинап, бiр жерден шағын үйiндi жасау (биiктiгi 1 м дейiн) тәсiлiмен жүргiзiледi.
      Шiрiту және өртеу үшiн қалдықтарды үю және жал етiп жинау, сондай-ақ ұсақтап алқапқа шашу орман қабырғасына 10 метрден жақын болмауға тиiс.
      Ағаштарды ұсақтап кесетiн жылжымалы машинаның көмегiмен жаңқа етiлiп ұсақталған қалдықтар, орманның құрғақ түрлерiнен басқа жерде, барлық алаңға бiркелкi шашылуы керек.
      83. Ағашты бiртiндеп, белдеулi-бiртiндеп және ерiктi-iрiктеп кесу барысында, сол сияқты Ереженiң 64 тармағында көрсетiлген жағдайда қалдықтар ағаш тасылатын жолдарға төселiп, үстiнен трактормен тапталады. Топырақты саздақ және сазды алқапта ағашты кесуден қалған қалдықтарды ұсақтап, топырағы жұтаң жерлерге шашады немесе өскiндер жоқ бос жерге шағын етiп үйiп (1х0,5), шiрiтуге қалдырады. Олар қыс кезеңiнде жағып жiберiлуi мүмкiн.
      84. Үйiндiлер мен жалдарды жағу өскiндердiң, жас шыбықтардың, кеспей қалдырылған ағаштардың отқа шарпылмауы қамтамасыз етiле отырып алқаптың шеткерi бөлiгiнен басталады.
      Кесiлген ағаштардың қалдықтарын шiрiтуге қалдырылған алқап пен мөлдектiң шекарасы (әсiресе құрғақ тұрпатты ормандарда) енi 1,4 метрден кем болмайтындай минералды жолақпен дөңгелете қоршалады.
      85. Көктемде, қар ерiгеннен кейiн дайындаушылар ағаш кесу билетiнде көрсетiлген әдiстермен қыста кесiлген жерлердi қалдықтардан қайта тазартулары қажет.
      86. Алқапта кесiлген және қалдырылған ағаштар өрт қаупi бар кезеңде бұтақтарынан тазартылады, ал дайындалған ағаш өнiмдерi ашық жерлерге қатарластыра немесе текшелей үйiлген жапырақты ағаштардан кемiнде - 20 м, ал қылқан жапырақты немесе аралас орманда - 40 м қашықтықта жиналады. Бұл орайда iске жарамды қылқан жапырақты ағаштарға зиянды жәндiктер ұяламас үшiн ағаштар қабығынан аршылады немесе химикатпен өңделедi.
      87. Ағаш дайындаушылар алқаптарды тазарту кезiнде осы Ережелерде аталған шараларды орындаумен бiрге Қазақстан Республикасының ормандарында өрт қауiпсiздiгi ережесi мен Санитарлық ережесiнiң талаптарын қатаң сақтауға мiндеттi.

            Ағашы кесiлген жерлерде орманды қалпына
                 келтiру жөнiндегi шаралар

      88. Қазақстан Республикасының жазық жерлердегi ормандарында ағашты басты мақсатта пайдалану үшiн кесу ағашы кесiлген алаңдарда орманды қалпына келтiру мақсатына жауап беретiндей болуы тиiс. Осыған байланысты ағаш кесу қорын әзiрлеу және әрбiр алқаптағы ағашы кесiлетiн жерлерге куәлiк беру кезiнде орман өсiру жағдайларын ескере отырып, орманды қалпына келтiру, ағаш тұқымдарының орман өсiрудегi ерекшелiктерi, оны кесудегi қолданылатын тәсiлдер, сондай-ақ табиғи түлеп өсудiң жәй-күйi жөнiнде шаралар белгiленедi.
      89. Алқапты әзiрлеу және ағаш дайындаушылардан орманды қалпына келтiру жөнiнде жүргiзiлген шаралармен қоса ағашы кесiлген жерлердi қабылдап алу барысында өскiндердi есепке алу, ағаштардың шаруашылық жағынан құнды тұқымдарының өскiндерi мен жас шыбықтарын сақтау жөнiндегi Нұсқауға сәйкес жүргiзiледi, ал тек басты мақсатта пайдалану үшiн кесуге белгiленген ағаш тұқымдары үшiн түлеп өсудi бағалау шкала бойынша (Ереженiң 2-9 қосымшасы) анықталады. Теректердiң, ағаш тәрiздi талдар мен қандыағаштардың түлеп өсуiн бағалау, арнайы шкала жасалғанға дейiн, қайыңдардың табиғи түлеп өсуiнiң шкаласы бойынша жүзеге асырылады.
      Ағаштардың басты тұқымдарының түлеп өсуi жақсы болғанда, өскiндердi сақтау және оларды күтiп-баптаудан басқа орманды қалпына келтiру шаралары жүргiзiлмейдi, ал қанағаттанарлық жағдайда - табиғи түлеп өсуiне немесе жекелеген орман дақылдарына көмектесу шаралары белгiленедi. Осы шаралар ағаштарды жаппай отырғызуды қоса отырып алқаптарда өскiндер саны жағынан жеткiлiксiз болғанда қамтамасыз етiлуге тиiс.
      90. Ағаштарды бiртiндеп, белдеулi-бiртiндеп және iрiктеп кесудi жүргiзген кезде әрбiр келесi кезек алқапта басты тұқымдардың түлеп өсуi қанағаттанарлық болған жағдайда жүзеге асырылады. Өскiндер саны жағынан жеткiлiксiз болғанда табиғи түлеп өсуiне жәрдемдесу шаралары белгiленедi.
      91. Ағаштары кесiлген жерде табиғи түлеп өсудi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларға мыналар жатады: ағаш дайындау кезiнде өскiндердi және олардың өсуi үшiн қажеттi жағдайларды сақтау, тұқым беретiн ағаштарды қалдыру, сүректiң астындағы немесе ағашы кесiлген жерлердегi топырақты өңдеу, шаруашылық жағынан құнды ағаш тұқымдарының өздiгiнен тұқым шаша өсуiн және өскiндердi күтiп-баптау, оны малдың бүлдiруiнен қорғау. Бұл шаралар Қазақ КСР (1988) мемлекеттiк орман қорында орманды қалпына келтiру және орман өсiру жөнiндегi Нұсқауына сәйкес және табиғи түлеп өсуге жәрдемдесу мен орман дақылдарын егу жөнiндегi аймақтық ұсыныстарға сәйкес жүзеге асырылады.
      92. Ережеде көзделген ағаш кесудiң барлық түрлерiн жүргiзу кезiнде шаруашылық жағынан құнды ағаштар тұқымдарының өскiндерi мен жас шыбықтарын, өздiгiнен тұқым шаша өсетiн ағаш түрлерiн сақтау керек. Қылқан жапырақты және қатты жапырақты ормандарда түлеп өсудiң қандай да деңгейiнде болсын өскiндерi сақталады, ал жұмсақ жапырақты өскiндер қанағаттанарлық және одан жоғары болғанда сақталады.
      93. Өздiгiнен тұқым шашатындарды, өскiндер мен жас шыбықтарды, сондай-ақ өскiндердiң түлеп өсуiнiң пайда болу жағдайын сақтауды мыналар қамтамасыз етедi:
      ереженiң "Ағаш кесу жұмыстарына қойылатын экологиялы-орман жүргiзу талаптары" бөлiмiнде көрсетiлген өскiндердi сақтай отырып алқапты әзiрлеу технологиясын қолдану және ағаш кесу жұмыстарын жүргiзуге қойылатын орман жүргiзу-техникалық талаптарды сақтау;
      ағаш кесу жұмыстарын аяқтағаннан кейiн өскiндердi түзету, оларды және жас шыбықтарды кесiлген ағаш қалдықтары мен топырақ басып қалудан босату iсiн атқару. Ағаш дайындау процесiне сынған және қатты бүлiнген өскiндер мен жас шыбықтар шауып тасталады, олар кесiлген ағаш қалдықтарымен бiрге жинап алынады;
      Ереженiң 23-тармағында көрсетiлген кесуден соң өскiндердiң өсуi мен түбiр биiктiгi үшiн оңтайлы мерзiмдi сақтау; өскiндер қалыптастыратын түбiрлердi жаруға жол берiлмейдi. Түбiрiнiң жоғары жағынан су тұрып қалмауы әрi шiрiмеуi үшiн оған көлбеу қалқан жасалуы керек;
      алқаптан ағаштарды сүйреп шығаруды өскiндердiң пайда бола бастауына дейiн аяқтау;
      ағашы кесiлген жерлерде ағашты сүйреу мен механикалық тазарту кезiнде түбiрлердi жұла тартуға, оларды топырақ пен кесiлген қалдықтармен басылып қалауына жол бермеу. Мұның өзi түлеп өсудi нашарлатады, өскiндердi қатты майыстырып тастайды;
      қайың ағаштарының баяу дамыған, қатты қисайған өскiндерi мен жас шыбықтарын, басқа да жапырақты ағаш тұқымдарын "түбiрге отырғызу". Мұның өзi ағаш өскiндерiнiң өнiмдiлiгiн 20-30 процентiн арттыруға мүмкiндiк бередi. Түбiрдiң биiктiгi 5-7 см. Түбiрге отырғызу мерзiмi - мамыр-маусым және қыркүйек-қараша айлары.
      94. Алқаптың барлық түрiнде ағаш кесу жұмыстары аяқталған

соң, ағаш кесiлген жерлердi тазарту мен сүректердi тасып шығаруды
қоса отырып, өскiндер сақталған алаңшалар көлемi алқаптың жалпы
көлемiнiң кемiнде 75 процентiн құрауға тиiс.
     Алаңшалардағы өскiндер мен жас шыбықтардың сақталуы
ағашты кесуге дайындау мерзiмi мен оның тәсiлдерiне қарай
кесуге дейiнгi ескерiлген мөлшердiң 50-ден 80 процентiне дейiнiн
құрауға тиiс (7-кесте).
        Ағашы кесiлген жерлерде  өскiндердi сақтаудың
                   нормативтiк көрсеткiштерi
-------------------------------------------------------------------
       Кесу тәсiлi және қия беткейлердiң | Өскiн мен жас шыбықтың
                      көлбеулiгi         |сақталуы,процент есебiмен
                                         |-------------------------
                                         |  қыста    |қарсыз кезеңде
--------------------------------------------------------------------
Беткейдiң көлбеулiгi 10 градусқа дейiн
болғандағы жаппай кесу                        70            60
Беткейдiң көлбеулiгi 10 градустан жоғары
болғандағы жаппай кесу                        60            50
Беткейдiң көлбеулiгi 10 градусқа дейiн
болғанда бiртiндеп, белдеулi және iрiктеп
кесу                                          80            70
Беткейдiң көлбеулiгi 10 градустан жоғары
болғанда бiртiндеп, белдеулi-бiртiндеп
және iрiктеп кесу                             70            60



      95. Тұқымдық немесе өскiндiк-тұқымдық ағаштардың түлеп өсуiне арналған жаппай кесiлуге тиiстi алқапта өздiгiнен тұқым шашатын ағаштарды қалдырғанда олардың орман қабырғасынан едәуiр қашықтығы (50 м астам) немесе соңғысының жоқтығы салдарынан толық түрде тұқым шашуы үшiн мүмкiндiгi болмауы себебi көзделген.
      Қарағайлы ормандарда тұқымдық ағаштарды бiр гектар жерде саны жағынан 15-20 дана тұрғысында желектерi жақсы жетiлген, өсу мүмкiндiгi 1-2 класты 3-5 ағаштардан тұратын топ етiп қалдырады. Бұлар ағаш кесу жұмысын жүргiзуге қиындық келтiрмеуi үшiн алаңда бiр-бiрiнен қашықтығы 50 метрден аспайтын деңгейде бiркелкi жүйеде орналастырылады. Тұқымдық ағаштардың әр алаңдағы саны ағаш кесудiң жай-күйiн ескеру арқылы реттеледi: түлеп өсуi неғұрлым баяу, ал топырақтың беткi қабаты күштi жетiлген болса, тұқымдық ағаштар соншалық көп қалдырылады. Өскiндер тiк қия беткейлерге орналасқан жағдайда, олар тек сондай өскiндер жоқ жерлерде қалдырылады. Тұқымдық ағаштар қабығы сәл-пәл қызғылттанып тұратын бояумен нөмiрленiп, таңбаланады.
      Тұқымдық ағаштар мынадай алқаптарда:
      табиғи жақсы түлеп өсетiн немесе жасанды тұрғыда қалпына келтiрiлуi көзделген;
      сексеуiл ормандарынан басқа жапырақты ағаштар тұқымында;
      құмды, құмдақ және тасты топырақты жердегi құрғақ тұрғыдағы қарағайлы ормандарда, сол сияқты топырағының қыртысы қалың жердегi жас әрi дымқыл қарағайлы ормандарда қалдырылмайды.
      Өз маңызын атқарған қарағай тұқымдығын күтiп-баптау және санитарлық кесу кезiнде жинап алу жүргiзiледi.
      96. Топырақты өңдеу жолымен табиғи түлеп өсуге ықпал ету әдiсi орман өсiру көздерi бар ағашы жаппай кесiлетiн (орман қабырғасы, тұқымдықтар), сондай-ақ Ереженiң "Ағашты басты мақсатта пайдалану үшiн кесу тәсiлi мен техникасы" бөлiмiнде көрсетiлген мерзiмдi сақтай отырып, өнiмнiң түсiмдiлiгi ортадан төмен болмаған жылдары сүрек астындағы ағаштарды бiртiндеп; белдеулi-бiртiндеп және iрiктеп кескенде қолданылады. Топырақты тұқым пiсiп түсер алдында жазда немесе күзде өңдейдi.
      97. Құмды, құмдақ және тасты топырақты жерлердегi қарағайлы құрғақ орманда қына мол басқан, орман төсенiшiнiң қалыңдығы 3 см және одан көбiрек болғанда топырақты қопсытпай енi 10 см дейiнгi таспа жолмен жабады. Төсенiштiң қалыңдығы 1-2 см дейiн жеткiзiледi. Топырақтың жоғарыда аталған категорияларындағы жас қарағайлы ормандарда енi 0,5-1 м дейiн жеткiзiледi.
      Ағашты және жас дымқыл топырақты жерлердегi қарағайлы ормандарда, сондай-ақ қарағаймен аралас қайыңды және көктеректi өндiрiстiк ормандарда топырақты алаңша ете, көлемiн 2 Х 1,5; 2Х2, 2Х2, 2Х2,5 м, тереңдiгiн 12-15 см етiп бульдозермен тiлiп, бiр гектарда 400-600 мөлшерiнде осындай тiлiм жасалады.
      Саздақ және сазды ылғалды топырақты ағашы кесiлген жерлерде топырақтың минералды қабатын жалаңаштамай тек мүк қабаты мен төсенiштiң әлi шiри қоймаған беткi қабатын алып тастайды. Қарағайлы ормандардың дымқылды түрлерiнде биiктiгi 15-20 см, бiр-бiрiнен қашықтығы 6-8 метр микрожамылғы (жалдар, қырлар) жасалады.
      Ағаш өсiруге арналған сүйреп шығаратын жолдарда топырақты тапталып қалуын жою және өздiгiнен төгiлген тұқымның өнiп-өсу жағдайларын жақсарту мақсатында ол тереңдiгi 12-15 см етiлiп кесуден бiр жылдан соң қопсытылады. Алаңдар мен белдеулер жасау ағашты жаппай кесу жүргiзiлген жылы, ал ағашты бiртiндеп кескенде Ереженiң 26 және 32 тармақтарында көрсетiлген мерзiмде, iрiктеп алып кесу жағдайында - ағаштарды бiрiншi кескенде оның жуандығы 0,7 және одан кем болғанда, ал қажет болған жағдайда кейiнгi кесу кезегiнде атқарылады.
      Топырақты минералдандыру алаңы, ағаш сүйреу кезiнде жарақат алған жерiн қоса отырып, қарағайлы ормандардағы ағашы кесiлген жердiң 20-30 процентi мөлшерiн құрайды. Жаңа қарағайлы ормандарда топырақты өңдеу жаздың екiншi жартысында, ал ағаштың жапырақты тұқымдары 20 проценттен астам мөлшерде болса, онда күзде жапырақтар түгел түскеннен кейiн жүргiзiледi (қазан айы). Алаңды әзiрлеудi қарағайлар тұқымын жаппай шашуын аяқтағанға дейiн ерте көктемде жүргiзуге де болады (сәуiр, мамырдың 1-онкүндiгi).
      98. Емендi ормандарда табиғи түлеп өсуге ықпал жасау оның жуандығы 0,4-0,6 болғанда, өнiм мол жылдары ағашты кесуден 2 жыл бұрын жүргiзiледi. Әрбiр 4-6 метр сайын тартылатын енi 1-2 м жолақтарда құндылығы аз ағаш тұқымдарының шыбықтары мен өскiндерi оталады; тапталған жерiнiң топырағы қопсытылады.
      Өнiм түсiмi жақсы әрi орташа болған жағдайда еменнiң ойдағыдай түлеп өсуi барысында ағаш кесу және оны сүйреп шығару күзде емен жаңғақтары түскеннен кейiн қамтамасыз етiледi. Ағашты сүйреп шығару кезiнде жаңғақтар топыраққа араластырылады, мұның өзi жақсы өскiндер бередi.
      99. Ережеде көрсетiлген су жайылмалы және тоғайлы ормандарда ағаш кесу түрлерi өскiндерiнiң түлеп өсуiнiң пайда болуына есептелген, өйткенi тал мен терек тұқымынан өнiп-өсу жолымен түлеп өсуi тек өздерiнiң ылғалды шөгiндерiнде ғана болады.
      Теректiң, үйеңкiнiң және көктеректiң түбiрлеп атпалар арқылы түлеп өсуiне ықпал ету көктем кезiнде олардың тамыры ағашқа жақын жерде дискалы тырмамен жарақаттанғанда, 1-2 жылдық ағаштарды кесу кезiнде жүзеге асырылады. Жас, дымқыл және сулы көктерек пен терек ормандарында ағаш кесу жұмыстарын қарсыз кезеңде Ережеде көзделген ағаш кесу мерзiмдерiн сақтай отырып жүргiзу жақсы нәтижелер бередi.
      100. Шөлейт жердегi ормандарда табиғи түлеп өсуге ықпал ету шаралары қара сексеуiл ормандарында мына алқаптарда: өзен арнасы iргесiндегi құмды-саздақ жазық жерлерде, құмды төбелер алдындағы құмда, Балқаш көлiнiң төңiрегiндегi шiлiктi алқаптарда, сондай-ақ сексеуiл орманы аралас құмды аймақ алдындағы және Мойынқұмның сусымалы құм төбелерiндегi ормандарда жүргiзiледi. Осы мақсатта мына шаралар көзделген:
      бiрiншi кезекте ағашты кесудi тұқым өнiмi орташа және жақсы ағаштарда белгiлеу және Ережеде көзделген тұқымның пiсiп-жетiлген кезiнде сексеуiл омыру мерзiмiн сақтай отырып жүргiзу;
      алқапқа оларда сақталған тұқымдарымен кесiндi қалдықтары ұсақтап сеуiп тасталады;
      күзде топырақ қыртысын қайырмай жыртып, әрбiр 10 м сайын енi 1,4 метрлiк белдеулер жасалады.
      101. Шаруашылық жағынан құнды ағаштар тұқымдарының өсуi әрi тұқым шашуының, өскiндерi мен жас шыбықтарының дамуына қолайлы жағдайлар жасау мақсатында бұларды былайша күтiп-баптау:
      таяудағы 5-6 жылда кесуге жатқызылған ағашы өсiп-толысқан орман қабырғасына жанасатын қарағайлар 1-2 жыл бұрын кесiлген жерде қарағайдың өздiгiнен тұқым шашуынан өсiп-өнген және ұсақ өскiндердiң жай-күйiн жақсарту мақсатында орман қабырғасы тұсындағы енi 4-6 метр жолақта тамырларды қопсыту жолымен отау жұмысы жүргiзiледi;
      ағашы 5 - 10 жыл бұрын кесiлген жерде қарағайлы-жапырақты ағаштармен аралас түлеген өскiндердi кесiп алып тастайды немесе ағаштың жапырақты тұқымдарының жас шыбықтарын тiршiлiк қабiлетi күштi жеке ағаштар мен қарағай өскiндерi төңiрегiне шоғырландырады;
      ағаштың жапырақты тұқымы кесiлген жерде қабысуы 0,8-ден астам бiр гектарға шаққанда дымқыл жерде қарағайдың өздiгiнен тұқым шашуы арқылы өскен, жасы екi жылдан асқан 5 мың дана, жас топырақта 7 мың дана, құрғақ жағдайда өскен 10 мың дана өскiндерiне енi 2-2,5 м бiр-бiрiнен қашықтығы 2-4 метр дәлiз жүйесiмен күтiп-бапталады немесе кесiлген жердiң бүкiл алаңы бойында жапырақты ағаштардың жас шыбығы алабына сирету жүргiзiледi;
      қарағай мен көктерек аралас өскен ормандарда қарағай өскiндерiнiң булықпауы үшiн көктеректiң түбiрiнде өсiп атпаларының түлеп өсуiн төмендету шаралары жүргiзiледi;
      еменнiң өздiгiнен тұқым шашуынан шыққан өскiндерi күтiп-баптау үшiн мiндеттi түрде оларды шөп басудан қорғау және шiлiктер мен ағаштың жұмсақ жапырақты жас шыбықтарына көлеңке түсiру әсерiн жою шарасы қолданылады. Бүкiл емен өскiндерiне жарық түсiрiледi. Кесiлген жердегi емендi ормандарда алғашқы саңлаулау ағашты кескеннен кейiнгi екiншi жылы жүргiзiледi, төртiншi жылы қайталанады. Келесi күтiп-баптау қажеттiлiгiне қарай атқарылады. Келесi күтiп-баптау терек ағаштары құрамында емен болғанда бiрiншi жарық түсiру ағашты кескен соң екiншi жылы жүзеге асырылады, сонан соң үшiншi және төртiншi жылы қайталанады, ол кейiн қажеттiлiгiне қарай;
      ағашы кесiлгенiне 10 жылдан асқан жерде орманды күтiп-баптау жөнiндегi кесу аймақта қолданылып жүрген нұсқаулар мен орманды күтiп-баптау үшiн кесудi жүргiзу жөнiндегi ұсыныстарға сәйкес атқарылады.
      102. Ағашы кесiлген жерде ағаштардың басты тұқымдарының түлеп өсуi қамтамасыз етiлмесе, онда барлық жағдайда бұл алқапты кесуден кейiн 1-2 жылдан соң шаруашылық жағынан құнды ағаш тұқымдары егiлуi керек. Бұл шара орман дақылдарын егудiң бекiтiлген түрлерi мен схемаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      Орманды жасанды қалпына келтiруге мыналар жатады:
      байырғы қарағай ағаштарын қалпына келтiру мақсатымен өндiрiстiк ағаштардың жаппай алқабын құру. Қарағай дақылдары кесуден бiр жылдан соң егiледi;
      қайың ағашы басымырақ, жуандығы 0,3-0,4 байырғы жапырақты ағаштардың жаппай алқабы, сондай-ақ жас шыбықтар мен түбiр атпаларының түлеп өсуiнiң қанағаттанғысыздығы. Бұл категорияға Арал өңiрiндегi, Қарақұмның, Мойынқұмның терiскендi дөңестерi мен жазығындағы қара сексеуiлдi ормандарды кесу де жатады. Мұнда, әдеттегiдей, табиғи түлеп өсуi қанағаттанғысыз жағдайда өтедi, оған қолданылатын шаралар жеткiлiксiз болып табылады. Өскiндердiң жәй-күйiне қарай жекелеген немесе жаппай дақыл егу жүргiзiледi;
      өсуi қанағаттанғысыз емендi және теректi емен ағаштарындағы жаппай кесу белдеуi; оларда емен дақылдары отырғызылады;
      қарағайының түлеп өсуi қанағаттанғысыз қарағайлы және қарағаймен аралас қайыңды, көктеректi өндiрiстiк ормандарда бiртiндеп кесуге қабылдау аяқталуынан кейiнгi алқаптар. Кесуден кейiнгi бiрiншi жылы қарағай дақылдары егiледi;
      жуандығы 0,3-0,5 қарағай өскiндерiнiң саны жеткiлiксiз болған жағдайда қарапайым таза және қарағайдың аралас ағаштарындағы жаппай алқаптарда ағаштың басты тұқымы кесуден кейiнгi алғашқы екi жылда отырғызылады;
      жаппай санитарлық кесу. Қарағай мен басқа да басты ағаш тұқымдарын егу кесуден кейiнгi бiрiншi жылы жүзеге асырылады.
      103. Орман қорында мал жаюды реттеу тәртiбi Ереженiң 18-тармағында жазылған.
      Мал жаюға тыйым салынған ағаш кесетiн жерлерде өскiндердiң сақталуы қамтамасыз етiлмейтiн болса (елдi мекендер, мал фермалары, тұрақты мал айдайтын жолдар, су құбыры жақын болғанда), ағашы кесiлетiн жерлер қоршалуға тиiстi.

     Өскiндердi және жас шыбықтарды тағы жануарлардың бүлдiруiнен
қорғау оларды үркiтетiн құралдар арқылы, олардың санын аңшылық
жолмен азайту немесе басқа жерге ауыстыру, сондай-ақ қоршау
арқылы жүзеге асырылады.
                                                
          Ағаш кесу ережелерiн сақтамағаны үшiн жауапкершiлiк

     104. Осы Ережедегi орман тәртiбiн бұзғаны үшiн жазықты
ағаш дайындаушылар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жауап бередi.
     105. Ағаш кесу Ережелерiн орындауды бақылау және алқапты
бөлу кезiнде оларды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк - орман қоры 
өз қарамағына берiлген орман шаруашылығы кәсiпорнының директорына
жүктеледi.
                                              1 Қосымша
                 
            Орман шаруашылық кәсiпорындарын әкiмшiлiк облыстар
              шегiнде табиғат аймақтары мен орман шаруашылық
                         аудандар бойынша бөлу
---------------------------------------------------------------------
Орман шаруашылық   |  Әкiмшiлiк  |  Орман шаруашылық кәсiпорындары
   аудандары       |   облыс     |
---------------------------------------------------------------------
         1               2                        3
----------------------------------------------------------------------
                  Орманды дала аймағы
Қайыңды-көктеректi   Қостанай,      Ұзынкөл, Урицк, Петропавл, Булаев,
шоқ ағашты-алапты    Солтүстiк      Жамбыл, Ленинск, Мамлют, Октябрь, 
ормандар             Қазақстан      Преснов, Совет, Соколов
Қайыңды-көктеректi   Көкшетау       Айыртау, Бұрлық, Орлиногорск
шоқ ағашты ормандар                 (барлығы да қазақтың шағын адырлы
                                    ормандарынсыз)
                  Далалық аймақ
Қайыңды-көктеректi   Ақмола         Степное, Арықбалық, Куйбышев,
шоқ ағашты ормандар  Көкшетау       Озерное (бәрi қазақтың шағын
                                    адырлы қарағайлы ормандарынсыз),
                                    Бұқпа, Источное, Самарбай
                     Қостанай       Бурабай, Қостанай (бәрi адырлы
                                    қарағайлы ормандарсыз),Михайловск,
                                    Таран
                     Павлодар       Павлодар, Максим Горький, Үрлiтүп
                                    (бәрi су жайылмалы ормандарсыз),
                                    Шалдай (ұзына бойы созылған 
                                    қарағайсыз ормандар)
Қазақтың шағын       Ақмола         Алексеев, Үлкен тоқты, Кеңес,
адырлы қарағайлы                    Краснобор, Маралды, Отрадный,
ормандары                           Степногор, Сандықтау
                     Қарағанды      Қарқаралы, Қу орман аңшылық
                                    кәсiпорындары
                     Көкшетау       Арықбалық, Куйбышев, Озерное
                                    (бәрi қайыңды-көктеректi
                                    ормандарсыз), Бұланды, Зерендi,
                                    Малотюктинское, Шортанды, 
                                    Бұрабай орман шаруашылығы,
                                    КазНИИЛХА
                     Павлодар       Баянауыл ұлттық табиғат бағы
Ұзына бойы созылған  Павлодар       Бесқарағай (су жайылмалы 
қарағайлы ормандар                  ормандарсыз), Шалдай (қайыңды-  
                                    көктеректi шоқ ормандарсыз)
                     Семей          Долонское, Ертiс (су жайылмалы 
                                    ормандарсыз), Бөген, Бородулиха,
                                    Бөкебаев, Жаңа Семей,Канонерское
                                    Морозов, Новошульба, Семей
Аралды қарағайлы     Қостанай       Қостанай (қайыңды-теректi шоқ
ормандар                            ағашты ормандарсыз),Семиозерное, 
                                    Наурызым мемқорықтары
Шағын адырларды шоқ  Ақмола         Целиноградское
қайыңды ормандардың  Қарағанды      Темiртау, Қарағанды
оңтүстiк аймағы      Семей          Степное
Жазық жерлердегi шоқ Ақтөбе         Ақтөбе, Мәртөк,Қобда (бәрi су
қайыңды ормандардың                 жайылмалы ормандарсыз),
оңтүстiк аймағы                     Қарабұтақ
                     Торғай         Арқалық, Есiл
                     Батыс          Ақжайық, Шыңғырлау (бәрi су
                     Қазақстан      жайылмалы ормандарсыз)
Су жайылмалы         Ақтөбе         Ақтөбе, Мәртөк, Қобда (бәрi 
ормандар                            жазық жерлердегi шоқ ағашты  
                                    ормандардың оңтүстiк шетiнсiз)
                     Павлодар       Бесқарағай (ұзына бойы 
                                    созылған қарағайлы ормандарсыз),
                                    Максим Горький, Павлодар, Үрлiтүп
                                    (бәрi қайыңды-көктерексiз шоқ
                                    ағашты ормандарсыз)
                     Семей          Долонское, Ертiс (бәрi ұзына бойы
                                    созылған қарағайлы ормандарсыз)
                     Батыс          Бөрлi, Орал, Шыңғырлау (жазық
                     Қазақстан      жерлер бойынша шоқ ағашты
                                    ормандардың оңтүстiк шетiнсiз),
                                    Январцев
                Жартылай шөлейт аймақтар
Жазық жерлердегi     Ақтөбе         Темiр, Ойыл
шоқ ағашты
ормандардың 
оңтүстiк шетi
Су жайылмалы         Батыс          Ақжайық (жазық жерлердегi шоқ
ормандар             Қазақстан      ағашты ормандардың оңтүстiк
                                    шетiнсiз), Чапаев және Тайпақ 
                                    (солтүстiк бөлiгi)
                       Шөлейт аймақ
Шағын адырлардағы    Жезқазған      Жезқазған
шоқ ағашты  
ормандардың оңтүстiк
шетi
Жазық жерлердегi     Ақтөбе         Үлкен Борсық
ағашты ормандардың   Батыс         Орда
оңтүстiк шетi        Қазақстан 
Су жайылмалы         Атырау         Теңiз, Индер, Махамбет
ормандар             Батыс          Тайпақ (оңтүстiк бөлiгi)
                     Қазақстан
Сексеуiлдi және      Алматы         Ақши, Бақанас, Қаскелең,
тоғайлы ормандар                    Балқаш өңiрi      
                                    Ұйғыр және Шелек (тау
                                    ормандарынсыз)
                     Атырау         Құлсары, Миялы,
                     Жамбыл         Жамбыл, Көктерек, Қосқұдық,
                                    Луговой, Мойынқұм, Сарысу
                     Қызылорда      Арал ЛМС, Қызылорда, Қазалы,
                                    Қармақшы, Тереңөзек, Шиелi,
                                    Жаңақорған
                     Маңғыстау      Сам, Бейнеу
                     Талдықорған    Алакөл, Панфилов, Сарқант
                                    (тау ормандарынсыз), Үштөбе
                     Оңтүстiк       Арыс, Созақ, Түркiстан, шардара
                     Қазақстан      (тау ормандарынсыз)

            2 қосымшадағы қолдану тәртiбi


      1. Орман аясында немесе ағашы кесiлген жердегi өскiндер бiр биiк топта болған жағдайда түлеп өсудi бағалау кесте графасындағы мәлiметке сәйкес берiледi.
      2. Өскiндердiң екi және одан да көп топтары болса, оның әр топтағы саны көшiрудiң тиiстi коэффициенттерiне көбейтiледi, алынған көрсеткiш жинақталып "көшiру коэффициенттерiн есептегенде барлығы" деген бағандағы мәлiметтермен салыстырылады.
      Есепке алынған сома "шартты" өскiннiң аталған бағанның алымында көрсетiлген көрсеткiшiнен жоғары болса, онда түлеп өсу "жақсы" деп саналып, өскiндердi сақтаудан басқа, орманды қалпына келтiру жөнiнде ешқандай шаралар жүргiзiлу жоспарланбайды, ал қалыптастырылып отырған ағаштардың жуандығы 0,8-1,0 шамасында болады деп күтiледi.
      Егер "Шарттыға" көшiрiлген өскiннiң саны анықтамада көрсетiлген көрсеткiшке сәйкес болса, онда қайта түлеп өсу "қанағаттанарлық" деп саналады. Мұндай жағдайда ағаштарды қалыптастырудың жуандығы 0,5-0,7 мөлшерiнде күтiледi. Ашық және саңылауы бар жекелеген ағашы кесiлген алқапта жекелеген орман дақылдары егiледi.
      Егер өскiндердiң саны баға берiлiп отырған шкала көрсеткiшiнiң ең азынан төмен болса, онда түлеп өсу "жеткiлiксiз" деп саналады. Мұндай жағдайда ағаштардың жуандығы 0,3-0,4 болмақ. Мұндай учаскелерде орманды қалпына келтiру шараларын жүргiзу керек.
                                               2 Қосымша



                  Орман аясында қарағайдың табиғи түлеп

                         өсуiн бағалау шкаласы
-------------------------------------------------------------------
  Орман түрлерiнiң   |Өздiгiнен тұқымдануы және өскiндер саны, 
       негiзгi       |гектарына мың дана биiктiк топтары бойынша
       топтары       |           өскiндер, метр  
                     |----------------------------------------------
                     |  өз тұқымынан  |    ұсақ      |  орташа
                     |өскенде биiктiгi|  0,1-0,5     |  0,6-1,5 
                     |     0,1 кем    |              |
-------------------------------------------------------------------- 
             1. Қазақтың шағын адырлы ормандарындағы қарағайлар
Өте қуаң                37,5 астам       25 астам       21 астам
                        -----------     -----------    -----------
                        22,5-37,5          15-25          13-21
Қуаң                    25 астам         17 астам       14 астам
                        -----------     -----------    ------------
                           15-25           10-17        8,5-14
Жас                     19 астам         12,5 астам       10,5 астам
                      -------------     ------------     ------------
                         10-19            6,5-12,5         6,5-10,5 
Ылғал                   15 астам         10 астам       8,5 астам
                        -----------     -----------     ------------
                         7,5-15             5-10          4,5-8,5
     
            2. Аралды және ұзына бойы созылған қарағайлы ормандар
     
Қуаң және өте қуаң       26 астам         17,5 астам     15 астам
                        ----------      -----------    ------------
                          16-26           11-17,5        9,5-15
Жас және ылғал          20 астам         13,5 астам     11,5 астам
                        ----------      -----------     ------------
                           11-20          7,5-13,5        6,5-11,5
Өскiндi "шартты"
көшiру коэффициентi       0,4                0,6            0,7

-------------------------------------------------------------------
                                          |  Топтық өскiндер,
------------------------------------------|  1 гектар жердегi
     iрi,          |көшiру коэффициенттерiн  топтар саны
   1,6 жоғары      | есептегенде, барлығы |
-------------------------------------------------------------------
   18,5 астам             15 астам                800 астам
 ---------------        ------------             -------------
   11-18,5                 9-15                      700
   12,5 астам             10 астам                600 астам
  --------------        ------------             -------------
    7,5-12,5               6-10                      500
   9 астам                7,5 астам               500 астам
  --------------        -------------            -------------
     5-9                   4-7,5                      400
   7,5 астам              6 астам                 400 астам
  --------------        --------------           -------------
    4-7,5                   3 - 6                    300


   13 астам               10,5 астам              600 астам
  -------------         ---------------          --------------
     8-13                 6,5-10,5                    500
   10 астам               8 астам                 500 астам
  -------------         ---------------          ---------------
    5,5-10                 4,5-8                      400
      0,8




                                                 3 Қосымша



                Ағашы кесiлген қарағайдың табиғи түлеп өсуiн

                             бағалау шкаласы 
-------------------------------------------------------------------
   Орман түрiнiң       |Өздiгiнен тұқымдану және өскiндер,
 негiзгi топтары       |гектарына мың дана                
                       |-------------------------------------------
                       |өз тұқымынан  |өскiндер биiктiк топтары
                       |  өскенде,    |----------------------------
                       | биiктiгi 0,1 |    Ұсақ      |   Орташа
                       |      кем     |   0,1-0,5    |  0,6-1,5 
-------------------------------------------------------------------
             1.Қазақтың шағын адырлы ормандарындағы қарағайлар
Өте қуаң                  22,5 астам      15 астам      13 астам
                         -------------   ------------  -----------
                           14-22,5          9-15           8-13
Қуаң                      15 астам         10 астам     8,5 астам
                         ------------    ------------  ------------
                            9-15            6-10          5-8,5
Жас                       10 астам         7 астам      6 астам
                         ------------    ------------  ------------
                           6-10             4-7           3,5-6
Ылғал                     7,5 астам        5 астам      4,5 астам
                         ------------    ------------   -----------
                           5-7,5           3,5-5          3-4,5
     
            2. Аралды және ұзына бойы созылған қарағайлы ормандар
     
Қуаң және өте қуаң        15,5 астам       10,5 астам    8,5 астам
                        -------------    -------------  ------------
                          9-15,5            6-10,5        5-8,5
Жас және ылғал            12,5 астам       8 астам       7 астам
                        -------------    -------------  ------------
                          7,5-12,5           6-8           4-7
Өскiндi "шартты"
көшiру коэффициентi         0,4              0,6          0,7
     Ескерту: Шкаланы пайдалану тәртiбi 2 қосымшадағы сияқты
------------------------------------------------------------------
                       бойынша, м       |  Топтық өскiндер,
----------------------------------------|  бiр гектар жердегi
     iрi,          |   Көшiру           |  өскiндер саны
  1,6 жоғары       |коэффициенттерiн    |  
                   |есептегенде, барлығы|
-------------------------------------------------------------------
   11 астам             9 астам                 800 астам
 -------------       -------------             -------------
    7-11               5,5-9                      700
   7,5 астам            6 астам                 600 астам
 -------------       -------------             -------------
   7-7,5               3,5-6                       500
   5 астам              4 астам                 500 астам
 -------------       -------------             -------------
  3-5                  2,5-4                        400
   4 астам              3 астам                  400 астам
 -------------       ------------              -------------
   2,5 - 4               2-3                        300

  7,5 астам            7,5 астам                  600 астам
 ------------         -------------              --------------
  4-7,5                3,5-6                        500
  6 астам               5 астам                     500 астам
 -----------          -------------               --------------
  3,5-6                  3-5                         400
  0,8     

                                                  4 Қосымша
     
               Ағашы кесiлген жердегi қайыңның табиғи өсуiн
                            бағалау шкаласы
-------------------------------------------------------------------
 Орман түрiнiң негiзгi |          Саны, 1 гектарға мың дана
    топтары            |-------------------------------------------
-----------------------|   тұқымдық және жас бұтақшалар өсiмдiктер
          Жас          |-------------------------------------------
                       | 0,1-0,5 м | 0,6-2,5 | 2,5 м    | Көшiру
                       |  ұсақ     |(орташа  | жоғары   |коэффициент-
                       |           |және iрi)| және жас |терiн есеп-
                       |           |         | ағаштар  |тегенде,
                       |           |         |          | барлығы
--------------------------------------------------------------------
Жас                      7 астам    6,5 астам   6 астам    6 астам
                        ----------  ----------  ---------  ---------
                          3,5-7       3-6,5       3-6        3-6
Ылғал                    8 астам    7,5 астам   7 астам    7 астам
                        ----------  ----------  ---------  ----------
                          4-8        3,5-7,5     3,5-7     3,5-7
Сызатты                  9 астам    8,5 астам   8 астам    8 астам
                        ----------  ----------  ---------  ----------
                         4,5-9       4-8,5        4-8        4-8
Дымқыл                   6 астам    5,5 астам   5 астам    5 астам
                        ----------  ----------  ---------  -----------
                          3,5-6       3-5,5       3-5         3-5
Уақытшалары              7 астам    7 астам     6,5 астам  6,5 астам
                        ----------  ----------  ----------  ----------
                          4-7         3,5-7       3,5-6,5    3,5-6,5
Өскiндердi "шартты"
көшiру коэффициентi        0,9        0,95        1,0

----------------------------------------------------------
 ---------------------------------------------------------
           Өскiндiк шiлiктер
----------------------------------------------------------
   Өсiп-жетiлген ағаштар    |  өскiндер мен жас ағаштар
        түбiрiнен           |        түбiрiнен
-----------------------------------------------------------
       0,8 астам                    1 астам
     -------------                 -----------
       0,4-0,8                       0,5-1
       0,9 астам                    1,1 астам
     -------------                 ------------
      0,5-0,9                       0,6-1,1
       1 астам                      1,2 астам
    ------------                   ------------
      0,6-1                          0,7-1,2
       0,8 астам                    1 астам
    ------------                   ------------
      0,4-0,8                        0,5-1
       0,9 астам                     1,1 астам
    --------------                 ------------
       0,5-0,9                      0,6-1,1

          4. Қосымшадағы шкаланы қолдану тәртiбi



      1. Ағашы кесiлген және өскiндердiң қандай да болмасын бiр биiк топтары немесе өсiп-жетiлген ағаштардың түбiрлерiнен өсiп шыққан шыбықтар болған жағдайда түлеп өсудi бағалау кестесiнiң тиiстi графасының мәлiметi бойынша берiледi.
      2. Өскiндердiң екi және одан көп биiк топтары болған кезде әрбiр биiк топтардағы оның саны тиiстi көшiру коэффициентiне көбейтiледi, одан алынған мәлiметтер жинақталып "көшiру коэффициенттерiн есептегенде барлығы" деген бағанның мәлiметтерiмен салыстырылады.
      3. Егер өскiн немесе шыбық ағашты кескеннен кейiн түбiрде "тұрып" қалса, онда әрбiр топтағы түлеп өсудiң жинақталған санын көшiру коэффициентiне көбейту жолымен кестенiң соңғы бағаны бойынша бағаланады.
      4. Анықтамада көрсетiлген түлеп өсудiң саны "жақсы" деген бағамен, көрсеткiште - "қанағаттанарлық", ал аз мәндi болғанда "жеткiлiксiз" деп сипатталады.
      5. Қия беткейдегi түлеп өсу кезiнде және алаңның жартысынан астамын алып жатқан бос алаң болғанда, онда түлеп өсудi бағалау бiр саты кемiтiледi.
      6. Ағашы кесiлген жерде түрлi өскiндер болса, онда түлеп өсудi бағалау тұқымдық және жас шыбықты өсiмдiктердiң, сондай-ақ кесiлген ағаштардың жасына қарамастан, барлық түбiрлiк жас шыбықтардың саны 0,1 коэффициентке көбейту және алынған көрсеткiштердi кестенiң соңғы бағанының мәлiметтерiмен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
      7. Теректiң, ағашқа ұқсас талдардың және қандыағаштың табиғи түлеп өсуiн бағалау осы шкала бойынша жүргiзiледi.
                                        5 Қосымша



            Ағашы кесiлген жердегi көктеректердiң табиғи

                   түлеп өсуiн бағалау шкаласы
------------------------------------------------------------------
 Орман түрiнiң негiзгi   |   Өсiмдiктердiң саны, мың га/дана
         топтары         |----------------------------------------
                         | 1,5 м дейiн | 2,6 м дейiн |  4 м дейiн
------------------------------------------------------------------
Жас және ылғал             60 астам        20 астам     10 астам
                         ------------     -----------  -----------
                            20-60            10-20       8-10
Сызатты                    70 астам        25 астам      15 астам
                         -------------    -----------  -----------
                            25-70            15-25        10-15
     Ескерту:  Ағашы кесiлген жердегi орманның түлеп өсуiн 
қамтамасыз ететiн өсiмдiктердiң саны анықтамада "жақсы",
көрсеткiште - "қанағаттанарлық", ал аз мәндi болғанда - 
"жеткiлiксiз" деп көрсетiлген.
                                              6 Қосымша
           Жайық өзенiнiң су жайылмалы шатқалдарының
           ағашы кесiлген жерлердегi еменнiң табиғи
                 түлеп өсуiн бағалау шкаласы
-------------------------------------------------------------------
  Табиғи түлеп    | Тұқымдық  | Тұқымды  | Қайта   | Шаруашылық
  өсудi бағалау   | ағаштың   | тектес   |өскен    | шаралары
                  | түлеп     |өскiндер. |түбiрлер |
                  | өсуiнiң   |дiң саны  |саны,мың |
                  |жалпы саны |биiктiгi  | дана/га |
                  |мың дана/га|1,5м астам|         |
                  |           |мың дана/га         |
-------------------------------------------------------------------
Жақсы             2,0 астам   1,0 астам  ескерiлмейдi  Өскiндердi
                                                       күтiп баптау
Қанағаттанарлық   0,3-2,0     0,3-1,0    0,2 астам     Жекелеген     
                                                       дақылдар,
                                                       өскiндi
                                                       баптау
Жеткiлiксiз       0,3 кем     0,3 кем    0,2 астам     орман
                                                       дақылдары
     Ескерту: 1. Өскiндер бiркелкi орналастырылмағанда 0,75
коэффициент қолданылады.
     2. Өскiндердiң биiктiгi 0,5 м дейiнгi жағдайда тұқымның
түлеп өсуiнiң жалпы санын бағалау барысында 0,7 коэффициентi
қолданылады.
     3. Түлеп өсудi бағалау тұқымдық қайта түлеп өсудiң жалпы саны 
немесе биiктiгi 1,5 м астам тұқымдық өскiндер саны бойынша 
жүргiзiледi. Бағалау барысында көтергендерi ескерiлмейдi.
                                            7 Қосымша
          Тұқым тектi қатқыл жапырақты тұқымдарының
              табиғи түлеп өсуiн бағалау шкаласы
-------------------------------------------------------------------
Түлеп өсуiн бағалау  | Топырақты   |Биiктiгi 0,5м| Орманды қалпына
                     |ылғалдылық   | одан жоғары | келтiру шаралары
                     |дәрежесi     |өскiн саны   |
                     |             | мың дана/га |
-------------------------------------------------------------------
Жақсы                   Қуаң         4 астам     Орманды қалпына 
                        Жас          3 астам     келтiру шаралары
                        Ылғал        2 астам     қажет етiлмейдi
Қанағаттанарлық         Қуаң         2-4         Жекелеген дақылдар
                        Жас          1-3         егу немесе түлеп
                        Ылғал        1-2         өсуге ықпал ету
Жеткiлiксiз             Қуаң         2 және кем  Орман дақылдарын
                        Жас          1 және кем  егу
                        Ылғал        1 және кем  
     Ескерту. Тапал дiңдi қатқыл жапырақты ағаш өсiретiн 
шаруашылықта түлеп өсу жас шыбықтар өскен 400 астам түбiр
болғанда "жақсы" деп, 200-400 дана болғанда "қанағаттанарлық",
онан кем мөлшерде "жеткiлiксiз" деп саналады.
                                            8 Қосымша
              Қара және ақ сексеуiлдiң табиғи түлеп өсуiн
                       бағалау шкаласы
------------------------------------------------------------------  
    Түлеп өсуiн бағалау     | 3-5 жылдық өскiндер саны, дана/га
                            |-------------------------------------
                            |   қара сексеуiл    | ақ сексеуiл
-------------------------------------------------------------------
Жақсы                              1000 астам       500 астам
Қанағаттанарлық                    500-1000         200-500
Жеткiлiксiз                        200-500          100-200
Өнбей қалған                       200 және         100 және        
                                   кемiрек          кемiрек


                                              9 Қосымша



              Тоғайлы ормандардың табиғи түлеп өсуiн

                      бағалау шкаласы
-------------------------------------------------------------------
  Түлеп өсуiн бағалау       |  Өскiндер саны, дана /га
                            |-------------------------------------
                            | 3 жасқа дейiнгiлер | 3 жастан және   
                            |                    | одан көп
-------------------------------------------------------------------
Жақсы                           3000 астам           1500 астам
Қанағаттанарлық                 1500-3000            800-1500
Жеткiлiксiз                     1500 және            800 және 
                                кемiрек              кемiрек


                                             10 Қосымша



               Ағашты басты мақсатта пайдалану үшiн кесудi
               белгiлеу барысында қос қабатты ағаштардың
                     жуандығын анықтау тәртiбi

      Ағаштарды кесу Ережелерiнде орман орналастыруға мынадай тәсiлмен қабылдаумен анықталатын жалпы жуандықтың шарттары ескерiледi:
      1. Бiрiншi және екiншi қабаттардың қоры жинақталады (1 гектарға немесе жалпы бөлiктерге).
      2. Барлық ағаштардың жалпы орташа биiктiгiн бiрiншi және

екiншi қабаттағы тұқымдар құрайтын қорлар бойынша орташа өлшемi
есептеп шығарылады.
     3. Негiзгi қабаттағы басымырақ тұқым, қос қабатты ағаштың
жалпы орташа биiктiгi және оның жинақтық қоры жөнiндегi стандартты
жуандық пен қорлардың кестесi бойынша шартты жалпы жуандық 0,1
дәлдiкпен анықталады. Мұнда ағаштың көлемi шартты жалпы жуандығы
1,0 астам болғанда Ереже кестелерiндегi ағашты кесудiң 1,0 жуандығы 
бойынша керiледi, бiрақ өсiп-жетiлген және ұзақ тұрып қалған iрiктеп 
алынатын сүректiң көлемiн анықтау кезiнде, оның нақты есептелген 
маңызы ескерiледi.
                                            11 қосымша
             Ағаш кесу Ережелерiнде пайдаланылатын орманның
                   негiзгi терминдерi мен анықтамалары
-------------------------------------------------------------------
  Терминдер            |             Анықтамалар
-------------------------------------------------------------------
Жоғары қойма           Алқапта немесе оған тiкелей жақын орналасқан,
                       алқаптан онда дайындалған ағаштар жеткiзiлетiн,
                       өрiмталдар мен ағаш сорттарына арналған тиеу
                       алаңы
Кесiлетiн ағаштың      Ормандардың мақсатты пайдаланылуына сәйкес
жасы                   кесу үшiн белгiленген, өсiп-жетiлген 
                       ағаштардың жасы
Ағашты сүйреу жолы     Өскiндердiң, топырақтың және тамырға
                       қалдырылған ағаштың сақталуын қамтамасыз
                       ететiн кесiлген ағаштарды, өрiмталдарды
                       немесе ағаштың дөңгелек сорттарын сүйреу
                       жүзеге асырылатын алқаптағы арнайы дайындалған
                       қысқа жол
Iрiктеп кесу           Белгiлi жастағы, көлемдегi, сапасы мен жайына
                       қарай ағаштардың  бiр бөлiгiн ұдайы кесу 
                       барысында басты мақсатта пайдалану үшiн кесу
Ағашы кесiлген алқап   Өсiп тұрған ағаштарды кесiлген, ал жас
                       ағаштары қабысқан беткi қабатынан әлi 
                       өспеген орман алаңы
Өртең жер              Өрт жойып жiберген немесе содан едәуiр
                       зақымданған өсiмдiк учаскесi (орманды қоса)
Орманның генетикалық   Түр, түр тармағы популяциясы бөлiгiнiң
резерваты              генетикалық-селекциялық тұрғыдан бағалы
                       орман учаскесi
Ағаштың басты тұқымы   Белгiлi өсiмдiкте және экономикалық
                       жағдайда шаруашылық мақсатына барынша сай
                       келетiн ағаш тұқымы
Тау ормандары          Жергiлiктi салыстырмалы биiктiгiнiң 100
                       метрден астам ауытқулары бар және тау
                       жоталарының етегiнен басына дейiнгi орташа
                       көлбеулiгi 5 градустан астам тау жүйелерi
                       мен жекелеген алқаптарда, сондай-ақ беткейдiң
                       қиялығына қарамастан, таулы үстiрт пен
                       қырқада орналасқан ормандар
Қала ормандары         Қала шегiнде өсетiн және орман қорының
                       құрамына кiретiн орман
Ерiктi-iрiктеп кесу    Ағашты дер кезiнде пайдалану және оның
                       қорғаныштық қасиетiн сақтау үшiн фаутты,
                       ұзақ тұрған, өсiп-жетiлуiне орай өсуi
                       баяулаған ағаштарды бiрiншi кезекте кесу
                       барысында басты мақсатқа пайдалану үшiн кесу
Мөлдек                 Ағаш дайындауды ұтымды ұйымдастыру үшiн
                       нақты түрде бөлiнген алқаптың бөлiгi
Ағаштар жиынтығы       Өскiндердiң негiзгi құрамы болып табылатын
                       ағаштардың жиынтығы
Табиғи өсiп-жетiлу     Ағаштың жаңа тұқымының табиғи жолмен
                       пайда болу процесi
Ағаштың табиғи құлауы  Жасына және басқа себептерiне орай ағаштарды
                       табиғи түрде кесу нәтижесiнде ағаштардың
                       құлауы, өскiндерде олардың жойылуы
Iрiктеу                Iрiктеп және бiртiндеп кесуге кезектi қабылдау
интенсивтiлiгi         барысында таңдалатын ағаш (процентпен)
                       қорының үлесi
Интрааймақтық орман    Дербес аймағы жоқ, тек аймақтық орманға 
                       енгiзiлген бiр немесе бiрнеше аймақ орманы
Орманды жасанды түрде  Бұрын ағаштар отырғызылған алқаптарда
қалпына келтiру        орман дақылдарын егу
Тұқымдандыру көздерi   Тұқымдандыру қызметiн атқаратын ағаштар
                       олардың топтары немесе орман қабырғасы
Қорғаныштық            Ерекше қорғауға, су қорғау, санитарлық-
категория              гигиеналық, рекреациялық, ғылыми немесе
                       басқа арнаулы мақсаттарға байланысты бөлiнген
                       орман қорының бөлiгi. Бiрдей мақсатқа 
                       пайдалану үшiн бөлiнген барлық ормандар орман
                       шаруашылығын жүргiзу мен оны пайдаланудың
                       белгiленген режимiмен бiр қорғаныштық 
                       категориясына жатқызылады.
Алқаптың ықтырмалы     Кезектi алқап алқаптың екi немесе үш енiне
жанасуы                тең орман белдеуiнен аттамалы түрде 
                       орналасқан кездегi алқаптың жанасуы
Орман                  Бiр немесе бiрнеше түрлi ағаш өсiмдiгiнен
                       тұратын, бiр-бiрiне жақын өсетiн және
                       организмдердiң көпшiлiгi биологиялық өзара
                       байланысты және бiр-бiрiне, сыртқы ортаға
                       ықпал ететiн ағаштардың табиғи кешенi
Орман дақылдары        Ағаш және бұта тұқымдарын себу немесе
                       отырғызу арқылы жасалған орман дақылдары
Алқап (ағаш кесетiн    Басты мақсатқа пайдалану үшiн кесуге және
жер)                   орманды күтiп-баптау үшiн кесу мен    
                       санитарлық кесуге бөлiнген орман алқабы
Орман шаруашылық       Орман шаруашылығы орман шаруашылық-
ауданы                 техникалық тәсiлдерi мен бiрдей жүргiзiлетiн,
                       табиғи және экономикалық жағдайы 
                       салыстырмалы түрде бiрдей аумақ бөлiгi
Жас шыбықтар           Өсу кезiнен бастап негiзiнен сырықтай ағаш
(өскiндер)             кезеңiне дейiнгi ағаштардың алғашқы өсу
                       кезеңi
Алқаптың бағыты        Алқаптың ұзына бойы жарық бағытына немесе           
                       жел өтiне қарай орналасады
Кесудiң бағыты         Әрбiр келесi алқап алдындағы алқапқа
                       қатысты орналасатын бағыт
Егiлген ағаштар        Ағаштар отырғызылған және оған қоса
                       басқа орман дақылдары бар қарапайым, бiркелкi
                       белгiлi бiр шекарадағы орман учаскесi
Өсiмдiк (жас           Өсiмдiктiң, оның iшiнде түбiрлi бұтақты,
бұтақшалық) ағаштар    тамырлы атпа бұтақты және өркендi ағаштардан
                       қалыптасқан ағаштар
Тамырлы ағаштар        Табиғи жағдайда қалыптасқан және аталған
                       орман өсiмдiктерiнiң жағдайына сәйкес келетiн
                       басым тұқымдарымен сипатталатын ағаштар
Бiркелкi жастағы       Жастары бiр кластан аспайтын ағаштар
Өндiрiстiк ағаштар     Адам қызметiнiң немесе табиғи табиғат
                       процестерiнiң нәтижесiнен бүлiнген жағдайда
                       тамырдың орнында қалыптасқан ағаштар
Қарапайым ағаштар      Ағаштары бiр қатар құрайтын ағаш алқабы
Әртүрлi жастағы        Жастары бiр кластан жоғары ағаштар
ағаштар  
Тұқымдық ағаштар       Тұқымдық ағаштар отырғызылған ағаш алқабы
Күрделi ағаштар        Ағаштары екi және одан да көп қатар
                       құрайтын ағаш алқабы
Аралас ағаштар         Екi және одан да ағаш тұқымынан тұратын
                       ағаш алқабы
Таза ағаштар           Бiр ағаш тұқымынан тұратын немесе басқа
                       ағаш тұқымының бiр қоспасы бар ағаштар
Алқаптың тiкелей       Кезектi алқап алдындағысымен (бұрынғысымен)
жанасуы                қатар орналасқан кездегi алқаптың өзара
                       орналасуы
Орманды үздiксiз       Ұзақ уақыт бойы (кесу айналымы) ағаш
таусылмастай түрде     ресурстарын пайдалану көлемiнiң кейiннен
пайдалану              азайып кетпеуiне немесе ормандардың сапасының
                       нашарлауына апарып соқтырмайтындай орман
                       пайдалану деңгейi
Алқаптың бiр бөлiгi    Ағаштар, өрiмталдар мен сорттар алқаптың
                       тасу жолымен сүйрелiп шығарылатын алқаптың
                       бiр бөлiгi немесе мөлдектер
Ағаштар (өрiмталдар,   Болашақ технологиялық немесе көлiктiк
сортты түрлер)         (сүйреу) операциялары үшiн бiрге жиналған
бумасы                 кесiлген ағаштар
Орман дақылдарын       Жасы мен жайына қарай белгiлi бiр сапалық
жерге ағаш отырғызу    көрсеткiшке жеткен орман дақылдары учаскесiн
үшiн көшiру            жерге ағаш отырғызу категориясына көшiру
Шiрiген ағаштар        Энтомо-және фитозиянкестердiң, өнеркәсiп
                       қалдықтарының, су өтiп кетудiң, рекреациялық
                       салмақтың және басқа да себептер - жаппай
                       дауылдың (қар басып қалу), боран құлатудың
                       (қар құлатудың) салдары нәтижесiнде ағаштары
                       тамырынан шiрiген өнiмдi орман учаскелерi
Жас шыбықтар           Орман аясында өсетiн және биiктiгi 
(өскiндер)             ағаштардың негiзгi қабатының биiктiгiнен
                       1/4 аспайтындай болып өсуге жарамды табиғи
                       жаратылған ағаш өсiмдiктерi
Су жайылмалы ормандар  Өзен аңғарында уақытша су басқан жерлерде
                       өскен ормандар
Белдеулi-бiртiндеп     Бiр бiрiмен алмасып отыратын өсiп тұрған
кесу                   ағаштарды жаппай белдеулермен және 
                       тереңдеп-бiртiндеп кесу барысындағы кесу
                       жүйесi. Теңдей-бiртiндеп кесу белдеуi, енi 
                       бойынша жаппай кесудiң екi-үш белдеуiне тең.
Орманның кейiннен      Кесiлген және өртең жерлерде орманның
түлеп жетiлуi          табиғи түрде түлеп-өсуi
Бiртiндеп кесу         Өсiп-жетiлген ағашты жасының бiр немесе
                       екi класы кезiнде бiрнеше кезекте алқапта 
                       кесу барысында ағашты басты мақсатқа
                       пайдалану үшiн кесу
Орманның алдын ала     Өсiп тұрған ағаштар аясында (кесуге дейiн)
түлеп өсуi             табиғи түрде түлеп өсуi
Ағаштың басымырақ      Ағаштарды есепке алу кезiнде оның көп
тұқымы                 бөлiгiн құрайтын ағаш тұқымы. Егер барынша
                       бағалы ағаш тұқымының құрамында қордың
                       4/10 кем болмайтынын құраса ол ағаштың 
                       басымырақ тұқымы деп саналуы мүмкiн.
Алқаптың жанасуы       Өсiп-жетiлген орманның ағаштары кварталында
                       немесе учаскесiнде алқапты орналастыру тәртiбi.
                       Алқаптың жанасуы төрт тәсiлге бөлiнедi:
                       тiкелей, аттамалы, ықтырмалы, шахматты
Уақытша сынау алаңы    Қандай да бiр көрсеткiштердi өлшеу немесе
                       көз өлшемiн жаттықтыруға арналған ағашты
                       алаң учаскесi. Сынау алаңы уақытша және
                       тұрақты болады.
Орман жолы             Орман кварталдарының шекарасын белгiлеу
                       үшiн салынған ормандағы ағашы тазартылған
                       белдеу (жол)
Басты мақсатқа         Ағаш дайындау және орманды қалпына 
пайдалану үшiн кесу    келтiру үшiн өсiп-жетiлген және одан мерзiмi
                       асып кеткен ағаштарды кесу
Орманды күтiп-баптау   Жоғары өнiмдi сапалы ағаштарды қалыптастыру
үшiн кесу              және ағаштарды дер кезiнде пайдалану 
                       мақсатында  алқаптан керексiз ағаштарды
                       шабу және басты тұқымдардың жақсы
                       ағаштарының өсуi үшiн қолайлы жағдай жасау
                       жолымен жүзеге асырылатын орманды күтiп-баптау
Санитарлық кесу        Орманның санитарлық жайын жақсарту
                       мақсатымен жекелеген ауру, зақымдалған және
                       кеуiп кеткен ағаштарды немесе бүкiл ағаштарды
                       кесу барысында жүргiзiлетiн кесу жұмысы
Орманның өздiгiнен     Ағаштарды бiртiндеп немесе iрiктеп кесу 
түлеп өсуi             барысында оларда пайда болатын табиғи өсу
Өсiп-жетiлген          Белгiленген кесу жасына жеткен ағаштар
ағаштар 
Жаппай алқаптық        Алқаптағы бүкiл ағашты бiр кезекте кесу
кесу (жаппай кесу)     кезiндегi ағашты басты мақсатта кесу
Алқаптың жанасу        Тiкелей жанасу кезiнде алқапты кезектi
мерзiмi                кесуге белгiлеу кезiндегi уақыт аралығы
Құламалы жарлар        Өзендердiң құламалы тiк жарлы жағаларындағы
                       аймақтың 20 метрлiк белдеуiне орналасқан
                       топ ағаштар мен жекелеген ағаштар
Тоғайлы орман          Шөлейт аймақтағы су жайылмалы орман
Тар алқапты кесу       Алқаптың енi 30 метрден аспайтын кездегi
                       жаппай кесу
Өрiмталдар             Бұталарынан тазартыла кесiлген ағаштың дiңi
Алқаптың аттамалы      Кезектi алқап орман белдеуiне енiмен
түрде жанасуы          аттамалы түрде алқаптың енiне тең орналасқан
                       кездегi алқаптың жанасуы
Алқаптың енi           Қысқа жағы бойынша алқаптың ұзына бойы
                       (созылмалылығы)
Қабат                  Ағаштың тiк құрылымының (қабатының)
                       элементi. Ағаштарда әдетте, қабат бiр немесе
                       екiге (көп болуы сирек) бөлiнедi.