1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 29 желтоқсандағы N 1483 қаулысымен бекiтiлген су тоғандары жеке пайдалануға беру тәртiбi жөнiндегi Нұсқаудың күшi су тоғандарын әуе көлiгiнiң мұқтажы үшiн пайдалануға қолданылсын.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, меншiк нысанына қарамастан, барлық министрлiктер, ведомстволар мен заңды ұйымдар үшiн мiндеттi болып табылатын су тоғандарын әуе көлiгiнiң мұқтажы үшiн пайдалану Ережесiн әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Су ресурстары жөнiндегi комитетiмен, Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiскен соң бекiтетiн болсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi