Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының Су Кодексiн күшiне енгiзу туралы" 1993 жылғы 31 наурыздағы N 2062 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Арнайы су пайдалануға келiсiм және рұқсат беру Тәртiбi бекiтiлсiн /қоса берiлiп отыр/.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Су ресурстары жөнiндегi Комитет Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiмен, Экология және биоресурстар министрлiгiмен бiрлесе отырып үш ай мерзiмде арнайы су пайдалануға келiсiм және рұқсат беруге, сондай-ақ арнайы су пайдалануға рұқсаттың бiрыңғай үлгiсiне байланысты мәселелер жөнiндегi нұсқауды әзiрлеп, мүдделi мемлекеттiк ұйымдармен келiсе отырып бекiтетiн болсын.
3. "Халық депутаттары жергiлiктi Советi атқару комитеттерiнiң Қазақ ССР-i территориясында жүзеге асырылатын арнайы су пайдалануға келiсiм және рұқсат беру тәртiбi жөнiндегi Нұсқауды бекiту туралы" /Қазақ ССР ҚЖ, 1979 ж., N 13, 33-бап/ Қазақ ССР-i Министрлер Советiнiң 1979 жылғы 4 маусымдағы N 226 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1482 қаулысымен
Бекiтiлген
Арнайы су пайдалануға келiсiм және рұқсат беру
ТӘРТIБI
1. Арнайы су пайдалануға рұқсатты:
жер бетiндегi суларды пайдалануға - табиғат қорғау мемлекеттiк органдарының келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Су ресурстары жөнiндегi комитет пен оның жергiлiктi органдары;
жер асты суларын пайдалануға - су ресурстары мен табиғат қорғауды мемлекеттiк басқару органдарының келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi және оның жергiлiктi органдары бередi деп белгiленсiн.
2. Арнайы су пайдалануға рұқсат су пайдаланушыларға, олардың меншiк нысанына қарамастан, осы су пайдаланудың шарттары келiсiлгеннен кейiн берiледi:
мемлекеттiк табиғат қорғау органдарымен - барлық жағдайларда;
мемлекеттiк санитарлық қадағалауды жүзеге асыратын органдармен - барлық жағдайда /Қазақстан Республикасы Су Кодексiнiң 74-бабына сәйкес ағашты сал ғып ағызуға, сондай-ақ ағаш сүрегiн кемемен сүйремей буып және топтап алғызуға рұқсат беруден басқа/;
мемлекеттiк тау-кен қадағалау органдарымен - гидроминералдық ресурстарды пайдалануға /емдiк минералды, жылу-энергетикалық және өнеркәсiп сулары/;
мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қызмет органдарымен - мал шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал өнiмдерi мен шикiзатын ұқсату және сақтау кәсiпорындарының мұқтажы үшiн су алғанда.
Су пайдалану шарттарын келiсу, сондай-ақ арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы мәселенi әрбiр оған құқықты орган бiр ай мерзiмде қарауы тиiс.
3. Жаңадан салынып жатқан кәсiпорындар, ғимараттар мен басқа объектiлер үшiн арнайы су пайдалануға рұқсат жобаға тапсырыс берушiге немесе олардың тапсырмасы бойынша - объектiлердi жобалау барысында оларды бекiткенге дейiн, бас жобалаушыларға берiледi. Егер жобалау мен бекiту, сондай-ақ құрылыс барысында берiлген рұқсатта белгiленген шарттардан ауытқу қажеттiлiгi туындаса, арнайы су пайдалануға жаңа рұқсат алынуға тиiс.
4. Жобаларды бекiту, сондай-ақ судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды, ғимараттар мен басқа объектiлердi салуды қаржыландыру, немесе су тұтынудың, пайдаланылған ағынды суды ағызудың ұлғаюына немесе олардың сапалық құрамының нашарлауына байланысты оларды қайта құру осы Тәртiптiң 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк басқару органдары беретiн арнайы су пайдалануға рұқсат болғанда ғана жүзеге асырылады.
5. Қорғаныс және басқа арнайы объектiлер, сондай-ақ әскери бөлiмдер үшiн арнайы су пайдаланудың шарттарын келiсу мен оған рұқсат берудi тиiстi министрлiктер мен ведомстволардың келiсiмi бойынша, белгiленген тәртiппен, осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк басқару органдары жүзеге асырылады.
6. Арнайы су пайдалану шарттарын келiсу барысында су пайдаланушылар мен осы Тәртiптiң 2-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк қадағалау органдарының арасындағы келiспеушiлiктi қарамағында аталған су пайдаланушы бар министрлiктер мен ведомстволар және тиiстi мемлекеттiк қадағалау органдары қарайды. Министрлiктер, ведомстволар және мемлекеттiк қадағалау органдарының арасында келiспеушiлiк болған жағдайда соңғы шешiмдi осы Тәртiптiң 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк басқару органдары қабылдайды.
7. Арнайы су пайдаланудың шарттарын өзгерту және оған рұқсаттың күшiн жою Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
8. Арнайы су пайдалануға рұқсат алмай су пайдаланған заңды ұйымдар, сондай-ақ азаматтар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.