Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 28 желтоқсан 1994 ж. N 1478

Жаңартылған
      Құқықтық реформаны жүзеге асыру жөнiндегi жұмыстарды жандандыру мен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң заң шығару қызметiндегi ролiн көтеру мақсатында және "Қазақстан Республикасының әдiлет органдары, мекемелерi және нотариат қызметкерлерiнiң сыныптық шендерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 18 сәуiрдегi N 1669 Жарлығына сәйкес

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     1. Мыналар бекiтiлсiн:
     Қазақстан Республикасының әдiлет органдары мекемелерi және
нотариат қызметкерлерiнiң сыныптық шенi туралы Ереже бекiтiлсiн және ол 
1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзiлсiн (N 1 қосымша); 
<*>

     Ескерту. 1-тармақтың 3-шi абзацы күшiн жойды - ҚР Үкiметiнiң
              1995.12.19. N 1741 қаулысымен.
     Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2002.01.11. N 41 
              қаулысымен.  

P020041_

 
     2.
<*>

     3.
<*>

     Ескерту. 2,3-шi тармақтар күшiн жойған - ҚР Үкiметiнiң 1995.
              12.19. N 1741 қаулысымен.
     4. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi орталық
аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетiнiң 1994 жылғы 9 қарашадағы N 1250 қаулысының күшi
жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                     1994 жылғы 28 желтоқсандағы
                                         N 1478 қаулысына
                                           N 1 қосымша

            Қазақстан Республикасының әдiлет органдары,
      мекемелерi және мемлекеттiк нотариат қызметкерлерiнiң
                   сыныптық шендерi туралы
                            Ереже 
<*>

     
     Ескерту. Тақырыбы өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2002.01.11. N 41 
              қаулысымен.  

P020041_

 
     


      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi

жүйесiндегi органдар мен мекемелердiң басшыларына және мамандарына
қоса облыстардың, Алматы қалалық басқармасының және Ленинск
қалалық әдiлет бөлiмiнiң, мемлекеттiк нотариалдық кеңселердiң,
сондай-ақ әдiлет жүйесiне енетiн ғылыми-зерттеу институттарының
қызметкерлерiне сыныптық шендер беру тәртiбiн анықтайды.
     2. Әдiлет органдары, мекемелерi және мемлекеттiк нотариат
қызметкерлерiнiң сыныптық шенi мынадай 10 сыныпқа бөлiнедi.
     Қазақстан Республикасының бас мемлекеттiк заң кеңесшiсi
     бiрiншi сыныпты мемлекеттiк заң кеңесшiсi
     екiншi сыныпты мемлекеттiк заң кеңесшiсi
     үшiншi сыныпты мемлекеттiк заң кеңесшiсi
     бiрiншi сыныпты заң кеңесшiсi
     екiншi сыныпты заң кеңесшiсi
     үшiншi сыныпты заң кеңесшiсi
     бiрiншi сыныпты заңгер
     екiншi сыныпты заңгер
     үшiншi сыныпты заңгер
     3. Атқаратын қызметi бойынша шектi шендер мыналар болып
табылады:
Қазақстан Республикасының    Қазақстан Республикасының Әдiлет
бас мемлекеттiк заң          министрi үшiн
кеңесшiсi                      

бiрiншi және екiншi          Қазақстан Республикасы Әдiлет 
сыныпты мемлекеттiк заң      министрiнiң орынбасарлары үшiн
кеңесшiсi

үшiншi сыныпты мемлекеттiк   облыстық және соларға теңестiрiлген
заң кеңесшiсi                әдiлет басқармаларының
                             бастықтары, Қазақстан 
                             Республикасының Әдiлет министрлiгi
                             басқармаларының бастықтары үшiн
                             ғылыми-зерттеу институттарының
                             басшылары үшiн

бiрiншi сыныпты заң          басқарма бастықтарының орынбасарлары,
кеңесшiсi                    бөлiм бастықтары, 
                             кеңесшi-консультанттар, Қазақстан
                             Республикасы Әдiлет министрiнiң 
                             көмекшiсi үшiн

                             ғылыми-зерттеу институттары 
                             басшыларының орынбасарлары, ғылыми
                             хатшылар үшiн

екiншi сыныпты заң           Бiрiншi мемлекеттiк нотариалдық
кеңесшiсi                    кеңселердiң мемлекеттiк аға
                             нотариустерi мен олардың орынбасарлары
                             үшiн

                             бөлiм бастықтарының орынбасарлары, бас
                             мамандар мен бас ғылыми қызметкерлер
                             үшiн

үшiншi сыныпты заң           жетекшi мамандар, жетекшi (аға) ғылыми
кеңесшiсi                    қызметкерлер мен аға сарапшылар үшiн

                             мемлекеттiк нотариалдық кеңселердiң
                             мемлекеттiк аға нотариустерi, Бiрiншi
                             мемлекеттiк нотариалдық кеңселердiң
                             мемлекеттiк нотариустерi үшiн

бiрiншi сыныпты заңгер       мемлекеттiк нотариалдық кеңселердiң
                             мемлекеттiк нотариустерi үшiн
                             
                             бiрiншi және екiншi санаттағы 
                             мамандар, ғылыми қызметкерлер, 
                             сарапшылар үшiн

екiншi сыныпты заңгер        мамандар, кiшi ғылыми қызметкерлер
                             үшiн

үшiншi сыныпты заңгер        Мемлекеттiк нотариалдық кеңселердiң
                             консультанттары үшiн
     


      4. Жұмысқа тұңғыш рет қабылданып отырған қызметкерлерге

сыныптық шен беру сабақтастық тәртiбiмен жүргiзiледi.
     Бiлiктiлiгiн, атқаратын лауазымын, жұмыс стажын, сыныптық
шенiн, бұрынғы жұмыс iстеген немесе қызмет атқарған жерi берген
арнаулы және әскери атағын ескере отырып, жұмыс iстейтiн 
қызметкерлерге, әдiлет органдарына, мекемелерiне және мемлекеттiк
нотариатқа басшы қызметке тағайындалған адамдарға, сондай-ақ
ғылыми дәрежесi мен атағы бар адамдарға бастапқы сыныптық шендi
сабақтастық тәртiбiн сақтамай-ақ беруге болады.
     5. Әрбiр шенде болу мерзiмi:
     үшiншi сыныпты заңгерлер үшiн                    - 2 жыл
     екiншi және бiрiншi сыныпты заңгерлер үшiн        - 3 жыл
     екiншi және үшiншi сыныпты                    
     заң кеңесшiлерi үшiн                             - 4 жыл
     бiрiншi сыныпты заң кеңесшiлерi үшiн             - 5 жыл
     Мемлекеттiк заң кеңесшiсiнiң шенiнде болудың мерзiмi 
белгiленбейдi.
     Қызметкердi жоғары лауазымға тағайындаған кезде сыныптық
шен мерзiмiнен бұрын берiлуi мүмкiн.


      6. Жұмысты айрықша жақсы атқарғаны үшiн қызметкерге атқаратын лауазымы бойынша көзделген шенге қарамастан және онда болудың сабақтастығы мен мерзiмiн сақтамай-ақ екiншi сыныпты мемлекеттiк заң кеңесшiсi шенiне дейiн (қоса) беруге болады.
      7. Мамандығы бойынша жұмыста тәжiрибесi жоқ қызметкерлерге сыныптық шен лауазымға тағайындалғаннан кейiн кемiнде 6 айдан соң, ал жас мамандарға - сынақ мерзiмi бiтiп, лауазымға бекiтiлгеннен кейiн берiледi.
      8. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк заң кеңесшiсi, 1, 2 және 3 сыныпты мемлекеттiк заң кеңесшiсi сыныптық шендерiн Қазақстан Республикасы Конституциясының 78 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi орталық аппаратының, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлерi үшiн 1, 2 және 3 сыныпты заң кеңесшiсi сыныптық шендерiн, сондай-ақ 1, 2 және 3 сыныпты заңгер шендерiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бередi.
      1, 2 және 3 сыныпты заңгер сыныптық шендерiн облыстардың, Алматы және Ленинск қалалары әдiлет басқармаларының (бөлiмдерiнiң) бастықтары бередi.
      9. Әдiлет органдары мен мекемелерiнде және мемлекеттiк нотариатта жұмыс iстеумен сыйыспайтын әрекетi үшiн жұмыстан шығарылған әдiлет қызметкерлерi сыныптық шеннен айырылуы мүмкiн.
      10. Қызметтегi парызын өрескел бұзғаны, ұятқа қалдыратын терiс қылығы немесе қызметтiк мiндеттi ұдайы дұрыс атқармағаны үшiн қызметкердiң шенi төмендетiлуi мүмкiн, бiрақ оны иелiгiндегi шеннен екi сыныптық шеннен әрiге төмендетуге болмайды.
      11. Сыныптық шеннен айыруды және шенiн төмендетудi сол шендi берген лауазымды адамдар жүргiзедi.
      12. Сыныптық шеннен айыру және шенiн төмендету туралы

Қазақстан Республикасының Президентi қабылдаған шешiм түпкiлiктi
әрi шағым жасауға жатпайды.
     Сыныптық шеннен айыру және шенiн төмендету туралы басқа
лауазымды адамдар қабылдаған шешiмге бағыныстылық тәртiбiмен шағым
жасалуы мүмкiн.
     13. Әдiлет органдары, мекемелерi және мемлекеттiк нотариат
қызметкерлерiнен сыныптық шен беруге ұсынудың тәртiбiн Қазақстан
Республикасының Әдiлет министрi айқындайды.
     14. Әдiлет органдарының, мекемелерiнiң және мемлекеттiк
нотариаттың сыныптық шенi бар қызметкерлерiнiң лауазымдық
жалақыларына ай сайын мынадай мөлшерде (процентпен) қосымша
ақы белгiленедi:
     Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк
     заң кеңесшiсi                                         30
     I сыныпты мемлекеттiк заң кеңесшiсi                   30
     II сыныпты мемлекеттiк заң кеңесшiсi                  25
     III сыныпты мемлекеттiк заң кеңесшiсi                 25
     I сыныпты заң кеңесшiсi                               22
     II сыныпты заң кеңесшiсi                              22
     III сыныпты заң кеңесшiсi                             20
     I сыныпты заңгер                                      20
     II сыныпты заңгер                                     17
     III сыныпты заңгер                                    15
     15. 
<*>

     Ескерту. 15-тармақ алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2002.01.11. N 41 
              қаулысымен.  

P020041_

 
     16. Мамандығы бойынша жұмыс стажына: 
<*>

      а) жоғары және орталау заң бiлiмi бар мамандар орнын алмастыруға жататын сот орындарындағы лауазымдарда жұмыс iстеген уақыты;
      б) жоғары заң бiлiмi бар мамандар орнын алмастыруға жататын әдiлет органдарындағы, мекемелерiндегi және адвокаттар алқаларындағы лауазымдарда жұмыс iстеген уақыты;
      в) мемлекеттiк төрелiк органдарында төрелiк соттың төрешiсi мен судья ретiнде жұмыс iстеген уақыты;
      г) сыныптық шен берудi көздейтiн лауазымға тағайындалған күннен бастап прокуратура органдарындағы қызмет уақыты;
      д) офицерлiк жедел тергеу лауазымында iшкi iстер және мемлекеттiк (ұлттық) қауiпсiздiк органдарындағы қызмет уақыты;
      е) заңгер мамандығы бойынша мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарында, кәсiпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде жұмыс iстеген уақыты;
      ж) заңгер мамандығы бойынша ғылыми және педагогикалық жұмыста болған уақыты енгізіледi. <*>
      Ескерту. 16-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2002.01.11. N 41
               қаулысымен. P020041_
      17. Мамандығы бойынша жұмыс стажын, құрылымы мен қызмет тәртiбiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi белгiлейтiн комиссия айқындайды. <*>
      Ескерту. 17-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2002.01.11. N 41
               қаулысымен. P020041_
                                       Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 28 желтоқсандағы N 1478 қаулысына N 2 қосымша


             Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi

                       орталық аппаратының
                            Құрылымы
     Басшылық
     Заң шығару бас басқармасы
     Халықаралық құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (жетекшi)
     Соттардың жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы (жетекшi)
     Қоғамдық және дiни бiрлестiктер iстерi жөнiндегi басқарма 
     (жетекшi)
     Кадр және оқу орындары басқармасы (жетекшi)
     Әскери сот басқармасы (жетекшi)
     Бiрiншi және құқықтық статистика бөлiмi (жетекшi)
     Нотариат, азаматтардың хал актiлерiн тiркеу және адвокатура
     бөлiмi (жетекшi)
     Заң қызметi және құқықтық тәрбие бөлiмi (жетекшi)
     Жоспарлау-қаржы бөлiмi (жетекшi)
     Бухгалтерлiк есеп және есеп беру бөлiмi (дербес)
     Ұйымдастыру-бақылау басқармасы (дербес)
     Шаруашылық қамтамасыз ету және жабдықтау басқармасы (дербес)