Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы экономикалық реформалар орталығы туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1994 жылғы 26 желтоқсан N 1470

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикада экономикалық өзгертулердi жеделдету мен тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Экономикалық реформалар орталығы құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Экономикалық реформалар орталығы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасындағы экономикалық өзгерiстер жөнiндегi тұжырымдамалық және бағдарламалық құжаттарының жобаларын әзiрлеудi, сондай-ақ экономикалық реформаның жекелеген мәселелерi бойынша нормативтiк құжаттардың жобаларын дайындауды жүзеге асыратын талдамалы және консультативтiк орган болып табылады деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Экономикалық реформалар орталығы туралы осыған қосылған Ереже бекiтiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Экономикалық реформалар орталығы қызметкерлерiнiң шектi штаттық саны 15 адам болып және қызмет бабында пайдаланылатын 1 жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Экономикалық реформалар орталығының басшылықтағы есеп қызметкерлерiне Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Iс басқармасы бөлiмдерi үшiн көзделген еңбек ақы төлеу шарттары қолданылсын.
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Экономикалық реформалар орталығының аппаратын ұстау үшiн республикалық бюджеттен қажеттi қаражатты қарастырсын.

     7.
<*>

     Ескерту. 7-тармақ күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1995.06.12.
              N 813 қаулысымен.
     8. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Iс басқармасы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Экономикалық
реформалар орталығының қызметкерлерiн Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Резиденциясында орналастыру, оның қызмет-жайын
қажеттi байланыс, көлiк құралдарымен және өзге де ресурстармен 
жабдықтауды қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi
                                      Қазақстан Республикасы   
                                      Министрлер Кабинетiнiң
                                    1994 жылғы 26 желтоқсандағы
                                         N 1470 қаулысымен
                                            Бекiтiлген

              Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi
           жанындағы Экономикалық реформалар орталығы туралы  
                               ЕРЕЖЕ
     
        I. Жалпы қағидалар



      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Экономикалық реформалар орталығы /бұдан әрi - Орталық/ жүйелi талдау қызметi мен Қазақстан Республикасын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың өзектi проблемалары бойынша практикалық ұсыныстар әзiрлейтiн талдамалы және консультативтiк орган болып табылады, ол нарықтық реформаның стратегиялық мәселелерi бойынша, экономикалық саясаттың бағыттары және оны жүзеге асырудағы министрлiктер мен ведомстволардың iс-қимылын келiсу жөнiнде ұсыныстар дайындайды.
      2. Орталыққа Қазақстан Республикасының Премьер-министрi тiкелей басшылық жасайды.
      3. Орталық әзiрлеген материалдар Қазақстан Республикасының Премьер-министрiне түсiрiледi және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң немесе Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Төралқасының қарауына енгiзiлуi мүмкiн.

           II. Орталықтың мiндетi мен функциясы

      4. Орталықтың басты мiндетi:
      Қазақстан Республикасында экономикалық өзгерiстердi жүзеге асыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тұжырымдамалық және бағдарламалық құжаттарын әзiрлеу;
      экономикалық реформаның жекелеген мәселелерi бойынша заң актiлерi мен нормативтiк құжаттардың жобаларын әзiрлеу болып табылады.
      5. Өзiнiң басты мiндетiн жүзеге асыру үшiн Орталық:
      нарықтық реформаларды жүзеге асырудың барысында талдау жасайды, маңызды әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды қарайды және оларды шешу жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      экономикалық реформаның стратегиялық және тұжырымдамалық мәселелерi бойынша, мемлекеттiң экономикалық саясатының өзектi бағыттары бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзiрлейдi;
      перспективалық тұжырымдамалар мен елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының бағдарламаларын әзiрлеуге ғылыми-әдiстемелiк басшылық жасайды;
      экономикалық реформаны тереңдету жөнiнде министрлiктер, ведомстволар мен бас ұйымдар әзiрлеген жобалар мен ұсыныстарды қарап, қорытады;
      Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң тапсырмасы бойынша экономикалық саясаттың өзектi мәселелерi жөнiнде министрлiктер, ведомстволар және басқа ұйымдар түсiрген материалдарға қорытындылар әзiрлейдi.

         III. Орталықтың өкiлеттiлiгi

      6. Жүктелген мiндет пен функцияның орындалуы үшiн Орталықтың:
      Үкiмет деңгейiнде шешiлетiн экономикалық саясат проблемаларының талқылануына, экономикалық саясаттың аса маңызды бағыттарын белгiлейтiн тұрақты ведомствоаралық комиссиялардың жұмысына қатысуға;
      министрлiктерден, ведомстволардан, жергiлiктi әкiмшiлiктер мен басқа да мемлекеттiк басқару органдарынан өзiнiң құзiретiне жататын мәселелер жөнiнде қажеттi негiздемелердi есептеулер мен басқа да материалдарды сұратып алуға;
      жаңа экономикалық қатынастардың нормативтiк негiзiн жасау жөнiндегi Қазақстан Республикасының Президентi Жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулыларының, Қазақстан Республикасының Премьер-министрi өкiмдерiнiң жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы тиiстi заңдарының жобаларын әзiрлеуге құқы бар.

            IV. Орталықтың басқару органдары

      7. Орталықты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайтын басшы басқарады.
      8. Басшының орынбасарын, лауазымына Орталық басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайды.
      9. Орталық басшысының лауазымы Қазақстан Республикасы министрiнiң бiрiншi орынбасарының лауазымына теңестiрiледi.
      10. Орталық басшысы орынбасарларының лауазымы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Iс басқармасы бөлiмiнiң меңгерушiсi орынбасарының лауазымына теңестiрiледi.
      11. Орталық басшысы Орталықтың жұмыс атқаруын қамтамасыз етедi және Қазақстан Республикасының Үкiметi, Премьер-министрi тапсырмаларының, сондай-ақ осы Ережемен оған жүктелген функциялар мен мiндеттердiң дер кезiнде, әрi сапалы орындалуы үшiн дербес жауап бередi.
      12. Орталық басшысының орынбасары басшы белгiлеген қызмет аясы шегiнде шешiмдер қабылдайды.
      13. Орталық басшысы болмаған кезеңде оның мiндетiн орталық басшысының орынбасары атқарады.
      14. Орталық жұмысына қызмет көрсетудi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Iс басқармасы жүзеге асырады.