1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi комитеттiң төрағасы, мүшесi және хатшысы мiндеттерiнен қызмет орындарының өзгеруiне байланысты Т.Жүкеев, Б.Рүстембаев, Г.Бельгер, Т.Тiлегенов босатылсын.
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi комитет мүшелерi болып А.Есiмов - төрағасы, Е.Никитинский, Н.Асқаров - комиссия мүшелерi, Ф.Фатина -комиссия хатшысы болып бекiтiлсiн.
3. Өнер, спорт, ғылым, драматургия, орындаушылық шеберлiк, музыка, театр-кино саласында жетi "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi