Балық аулау мен өндiру объектiсi болып табылатын, өте сирек және жойылып кету шегiнде тұрған су жәндiктерi түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1994 жылғы 22 желтоқсан N 1434

Қолданыстағы
      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" /Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 18, 440-бап/ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы

21 қазандағы N 2463а-ХII қаулысын орындау үшiн Қазақстан 
Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     Балық аулау мен өндiру объектiсi болып табылатын, өте сирек
және жойылып кету шегiнде тұрған су жәндiктерi түрлерiнiң қоса
берiлiп отырған Тiзбесi бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
                                          Қазақстан Республикасы
                                          Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 22 желтоқсандағы
                                            N 1434 қаулысымен
                                                бекiтiлген
          
             Балық аулау мен өндiру объектiсi болып табылатын,
             өте сирек және жойылып кету шегiнде тұрған су
                            жәндiктерiнiң
                               ТIЗБЕСI

            1. Балық аулау және өндiру объектiсi
               болып табылатын су жәндiктерi
     Қортпа
     Бекiре /сiбiрлiктен басқасы/
     Шоқыр
     Пiлмай /арал популяциясынан басқа/
     Сүйрiк
     Түлкiбалықтар /шабақ/
     Қарынсау /бадырақ көздi және дөңгелек бастыларын қоса/
     Бражников /долгинскiлiк/ майшабағы
     Қара жон
     Құбылмалы бахтақ
     Майқан
     Көкшұбар балық
     Көкшарбы
     Пайда балық
     Шыр
     Мұқсын
     Сiбiр хариусы
     Тiкендi балық
     Шортан
     Торта, қаракөз
     Қарапайым және талас тарақ балығы
     Тұрпа балық
     Аққайран
     Қызыл қанат
     Ақ амур
     Ақмарқа
     Оңғақ
     Қызылкөз
     Қарапайым шармай
     Қабыршақты және жалаңаш көкбас
     Шемей май балық
     Үкiшабақ
     Балпан /шұбар/ балық
     Бiлеу балық
     Табан
     Айнакөз
     Көкше
     Қылышбалық
     Алтын және күмiс түстi мөңке балық
     Сазан /тұқы/
     Ақ және шұбар дөңмаңдай
     Қарапайым жайын
     Лаха 
     Қарапайым және балқаш /балқаш-iлелiк популяциясынан басқа/
     алабұғасы
     Көксерке
     Берш
     Таутан
     Жыланбас балық
     Буффало
     Қамбала-глосса
     Каспий итбалығы
     Ұзын саусақты шаян /түркiстандық түрiнен басқа/
                  
            II. Су жәндiктерiнiң сирек және жойылу
                     шегiнде тұрған түрлерi
     Каспий жыланбалығы
     Сырдарияның жалған тасбекiрелерi
     Пiлмай /арал популяциясы/
     Волга майшабағы
     Каспий және Арал албырты
     Таймень
     Сылан /бұқтырма-зайсандық популяциясы/
     Ақ балық
     Күтiм
     Шортан тәрiздi ақмарқа
     Арал және түркiстан қаязы
     Iле шармайы /iле популяциясы/
     Шу сүйрiкқанаты
     Балқаш алабұғасы /балқаш-iлелiк популяциясы/
     Шатқалдық тас тасалғыш
     Сiбiр бекiресi
     Ұзын саусақты шаян /түркiстандық түрi/
     
     Ескерту. Тізбеден сөздер алынып тасталды - ҚР Үкіметінің              
              2000.11.14. N 1712. 

P001712_