Қазақстан Республикасының Ғылым және техника жөнiндегi жоғары консультативтiк кеңесiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1994 жылғы 21 желтоқсан N 1428

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ғылым және техника жөнiндегi жоғары консультативтiк кеңесi туралы" 1994 жылғы 6-желтоқсандағы N 1979 U941979_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының құрамында құрылымдық бөлiмше құқындағы Қазақстан Республикасының Ғылым және техника жөнiндегi жоғары консультативтiк кеңесi аппараты құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ғылым және техника жөнiндегi жоғары консультативтiк кеңесi төрағасының басқа қызметтен босатылған орынбасары ақы төлеу, медициналық, тұрмыстық қамтамасыз ету және көлiк қызметiн көрсету жағдайы жөнiнде республика министрiне, ал жауапты хатшы-Кеңес аппаратының басшысы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының бөлiм меңгерушiсiне теңестiрiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ғылым және техника жөнiндегi жоғары консультативтiк кеңесi аппаратын ұстауға 1994 жылдың соңына дейiн қажеттi қаражат бөлетiн болсын және оны республиканың мемлекеттiк басқару органдары бойынша 1995 жылғы арналған бюджетте қарастырсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


                                      Қазақстан Республикасы  

Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 21 желтоқсандағы N 1428 қаулысына Қосымша


               Қазақстан Республикасының Ғылым және техника

              жөнiндегi жоғары консультативтiк кеңесi
                   аппараты лауазымдарының
                    ТIЗБЕСI  МЕН  САНЫ
----------------------------------------------------------------
       Лауазым атауы                 Бiрлiк саны
----------------------------------------------------------------
Кеңес төрағасының басқа
қызметтен босатылған орынбасары                 1
Кеңестiң жауапты хатшысы-аппараты
басшысы                                         1
Консультанттар                                  5
Аға маман                                       1