Қазақстан Республикасы Байланыс министрлiгiнiң жанындағы Телекоммуникациялар жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияны тарату жөнiнде

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1994 жылғы 15 желтоқсан N 1412

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Байланыс министрлiгiнiң жанындағы Телекоммуникациялар жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi бұрынғы Байланыс министрлiгiнiң жанындағы Телекоммуникациялар жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияның қызметiн және 5 адамнан тұратын жұмыс аппаратын Байланыс департаментiне берсiн.
      3. "Қазақстан Республикасы Байланыс министрлiгiнiң жанынан

Телекоммуникациялар жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия
құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 7 қаңтардағы N 37 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
     4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы
19 шiлдедегi N 804 "Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң
мәселелерi" қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Көлiк
және коммуникациялар министрлiгiнiң қарамағына кiретiн кәсiпорындардың 
тiзбесiне тиiстi өзгертулер енгiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-министрiнiң
     бiрiншi орынбасары