Патенттiк баж салығы туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1994 жылғы 5 желтоқсан N 1369

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының "Тауар таңбалары, қызмет көрсету белгiлерi және тауардың шыққан жерiнiң аты туралы" Заңның және "Қазақстан Республикасының Патент Заңын" тиiмдi жүзеге асыру, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне отандық және шетелдiк арыз берушiлердiң мемлекеттiк қорғау құжаттарын уақтылы берудi қамтамасыз ету, республиканың патент жүйесiн одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн мемлекеттiк қорғауға байланысты заңдық маңызы бар әрекеттерi үшiн қазақстандық және шетелдiк арыз берушiлерден патенттiк баж салығын Қазақстан Республикасы Ұлттық патент ведомствосы алады деп белгiленсiн. <*>
      Патенттiк баж салығы өнертабыстарға, өнеркәсiп үлгiлерiне, пайдалы модельдерге, тауар таңбаларына және қызмет көрсету белгiлерiне, патент грамоталарын және өнертабыс сипаттамалары жарияланымдарына, өнеркәсiп меншiгiнiң тiркелген объектiлерi туралы ведомствоның ресми бюллетеньдерiне, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны дамытуға, кадр даярлауға және халықаралық патенттiк келiсiмдерге қатынасуға берiлген өтiнiмдерге сараптау жүргiзуге бағытталған қызметтi атқару үшiн ведомствоның арнаулы қаражат жөнiндегi ағымдағы есепшотына аударылады.
      Арнаулы қаражат бойынша табыстың шығыннан асқан сомасы 25 процент мөлшерiнде тоқсан сайын республикалық бюджет табысына аударылып отырылады.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
               N 1031 қаулысымен. P961031_
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жаңа қаржы

жылында Қазақстан Республикасы Ұлттық патент ведомствосына жыл 
сайын бөлiнетiн бюджеттiк қаржы көлемiн ведомствоның өткен қаржы 
жылының патенттiк баж салығынан алған сомасын есептей отырып, 
айқындайтын болсын.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
              N 1031 қаулысымен. 
     3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне енгiзiлген
ұсынылып отырған өзгертулер бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-министрiнiң
     бiрiншi орынбасары


                                       Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 желтоқсандағы N 1369 қаулысымен Бекiтiлген


          Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
                      шешiмiне енгiзiлетiн
                           ӨЗГЕРТУЛЕР

      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық патент ведомствосы туралы" 1992 жылғы 21 шiлдедегi N 622 қаулысының /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 30, 446-бап/ 10-тармағы күшiн жоғалтты деп танылсын.
      2. <*>
      Ескерту. 2-шi тармақ күшiн жойған - ҚР Үкiметiнiң 1996.02.06.
               N 284 қаулысымен. P960284_
      3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Өнертабыстарды, өнеркәсiптiк үлгiлер мен пайдалы модельдердi патенттеу, тауар таңбалары мен қызмет көрсету белгiлерiн тiркеу, тауардың шыққан жерiнiң атын пайдалану құқығын тiркеу және беру үшiн алынатын баж салықтарын төлеудiң тәртiбi мен мөлшерi туралы" 1992 жылғы 20 қазандағы N 889 қаулысында /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 41, 605-бап/:
      2 және 3 тармақтардың күшi жойылған деп танылсын;
      аталған қаулымен бекiтiлген Өнертабыстарды, өнеркәсiп үлгiлерiн және пайдалы модельдердi патенттеу үшiн, тауар таңбалары мен қызмет көрсету белгiлерiн тiркеу, тауардың шыққан жерiнiң атын пайдалану құқығын тiркеу және беру үшiн алынатын баж салықтарының мөлшерi мен оны төлеу тәртiбiнiң 30-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Баж салығын Қазпатент алады және ол ведомствоның арнаулы қаражат жөнiндегi ағымдағы есебiне аударылады".