Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1994 жылғы 9 қараша N 1242

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi орталық аппаратының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң саны шегiнде 81 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiне министрдiң екi орынбасарын, сондай-ақ құрамында 11 адамы бар алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн қызметтiк 3 жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
     Қазақстан Республикасының
        премьер-министрi


                                         Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 9 қарашадағы N 1242 қаулысына қосымша


               Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық

              ақпарат министрлiгi орталық аппаратының
                            ҚҰРЫЛЫМЫ
     
     Бұқаралық ақпарат құралдары, сараптау-талдау жұмысы және
баспасөзде заңдылықтың сақталуын бақылау Бас басқармасы
     Баспа қызметi, маркетинг және кiтап тарту жетекшi басқармасы
     Қаржы-экономикалық жетекшi басқармасы
     Өндiрiс, полиграфияны ғылыми-техникалық дамыту және сыртқы
байланыстар жетекшi басқармасы
     Құқықтық реттеу бөлiмi
     Кадр бөлiмi
     Әкiмшiлiк-шаруашылық басқармасы