Алкогольді өнiмдер өндiру құқына рұқсат беру тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 21 қазан N 1182

Қолданыстағы
      Арақ-шарап бұйымдарын өндiрудi тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. 1994 жылдың қазанынан алкогольді өнiмдер өндiру құқына рұқсат беру жүйесi енгiзiлсiн.
      2. Алкогольді өнiмдер өндiру құқына рұқсат беру тәртiбiн және ол үшiн төлем алуды Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет белгiлейдi деп белгiленсiн.
      3. Алкогольді өнiмдер өндiру құқына рұқсат беру жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау метрология және сертификаттау жөнiндегi комитеттiң орталық аппаратының саны 2 адамға көбейтiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған жұмыстарды қаржыландыру көздерiн айқындайтын болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi облыс,

қала және аудан әкiмдерi осы қаулының орындалуына тиiстi 
дәрежеде бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
     6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 9 айдың
нәтижелерi бойынша бюджеттi нақтылау кезiнде 30 млн. теңге
сомасында Өскемен қаласында, 50 млн. теңге сомасында Павлодар
қаласында спирт өндiрiсi бойынша салынып жатқан қуаттарды аяқтау 
үшiн және оларды осыған орай 1994 жылдың IҮ тоқсаны мен 1995
жылдың II тоқсанында өндiрiске енгiзу үшiн қаржы бөлудi
көздесiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi