"Сарышаған" сынақ полигонының босаған объектiлерiн пайдалану жөнiндегi кейбiр шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 11 қазан N 1155. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998.12.18. N 1299 қаулысымен. ~P981299
Күшін жойғанҚазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника және байланыс жөнiндегi ұлттық орталығына Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң келiсуiмен "Сарышаған" сынақ полигонының iске қосылмай қалған шаруашылық алаңдарын, тұрғын үй және қонақ үй қорын, полигонның тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн жекелеген объектiлердi Россия Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери бөлiмдерi мен мекемелерiнен қабылдап алуға және кейiннен, қажет болған жағдайда оларға ұзақ мерзiмге жалға беруге, балансқа өткiзуге немесе Қазақстан Республикасының кәсiпорындарына, ұйымдары мен басқа да заңды ұйымдарына сатуға құқық беру туралы ұсынысы қабылдансын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi