Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 шiлдедегi N 604 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 29 қыркүйек 1994 ж. N 1077. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.08.03. N 826 Қаулысымен

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

      1. "Ұлттық қауiпсiздiк органдарының офицер құрамындағы адамдары мен iшкi iстер органдарының басшы құрамдағы адамдарын Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң Аппаратына iссапарға жiберудiң бiрыңғай тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 шiлдедегi N 604  қаулысына  мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      қаулының атауы мынадай редакцияда баяндалсын: 
      "Әскери қызметтегi офицерлер мен iшкi iстер органдарының басшы құрамдағы адамдарын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң, Президентiнiң және Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының Аппараттарына iссапарға жiберу тәртiбi туралы";

      Қаулының мәтiнiндегi "ұлттық қауiпсiздiк органдарының офицер құрамындағы адамдары" сөздерi "әскери қызметтегi офицерлер" сөздерiмен, ал 3-тармақтың екiншi абзацынан басқа мәтiнiндегi "Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң Аппаратына", "Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының", "Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратында" сөздерi тиiсiнше "Жоғарғы Кеңестiң, Президенттiң Аппараттарына және Министрлер Кабинетi Iс Басқармасына", "Жоғарғы Кеңестiң, Президенттiң Аппараттарының және Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының", "Жоғарғы Кеңестiң, Президенттiң Аппараттарында және Министрлер Кабинетi Iс Басқармасында" сөздерiмен алмастырылсын;

      1-тармақ "Қазақстан Республикасының" сөздерiнен кейiн "Қорғаныс министрлiгi" сөздерiмен толықтырылсын;

      2-тармақтың бiрiншi абзацындағы "ұлттық қауiпсiздiк және" сөздерi алынып тасталсын, ал үшiншi абзацы "тиiсiнше Қазақстан Республикасының" сөздерiнен кейiн "Қорғаныс министрлiгi" сөздерiмен толықтырылсын;

      3-тармақтың бiрiншi абзацынан "ұлттық қауiпсiздiк немесе iшкi iстер органдарындағы соңғы лауазымы бойынша белгiленген штаттық-лауазымдық санаты бойынша" сөздерi алынып тасталсын;

      3-тармақтың екiншi абзацындағы "тәртiппен" сөзiнен кейiнгi "Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппараты Басшысының" деген сөздердiң орнына "Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Жоғарғы Кеңестiң Аппараттары басшыларының және Министрлер Кабинетi Iс Басқарушысының" сөздерi жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 шiлдедегi N 604 қаулысымен белгiленген iссапарға жiберу тәртiбi енгiзiлген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкерлерiне қолданылатын болсын.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi