1. Суды кешендi пайдалану мен қорғаудың схемаларын әзiрлеу және бекiту тәртiбi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Су ресурстары жөнiндегi комитет мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен және облыстардың әкiмдерiмен бiрлесе отырып Суды кешендi пайдалану мен қорғаудың схемаларын жасау жөнiндегi әзiрленетiн схемалар мен әдiстемелiк нұсқауларды келiсу тәртiбiн үш ай iшiнде әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
3. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Суларды комплекстi пайдалау мен қорғаудың схемаларын әзiрлеу және бекiту тәртiбi туралы" 1976 жылғы 30 шiлдедегi N 359 қаулысы /Қазақ ССР ҚЖ., 1976 ж., N 17, 54-бап/ күшiн жойған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 тамыздағы N 932 қаулысына Қосымша
Суды кешендi пайдалану мен қорғаудың
схемаларын әзiрлеу және бекiту
ТӘРТIБI
1. Халықтың, экономика салаларының суға деген алдағы уақыттағы қажетiн қанағаттандыру үшiн және айналадағы ортаның экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн суды сақтаудың негiзгi су шаруашылық және басқа да шараларын белгiлеу мақсатында суды кешендi пайдалану мен қорғаудың бас, бассейндiк аумақтық схемалары, шағын өзендердiң суын қорғаудың схемалары әзiрленедi.
Суды кешендi пайдалану мен қорғаудың бас схемалары Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдаған шешiмдер негiзiнде Қазақстан Республикасының су шаруашылығын дамытудың принципi бағыттарын белгiлеу мақсатымен әзiрленедi.
Бассейндiк схемалар бас схеманың негiзiнде өзендердiң бассейндiк және басқа да су объектiлерi үшiн әзiрленедi.
Аумақтық схемалар бас және бассейндiк схемалардың негiзiнде республика мен облыстардың экономикалық аудандары үшiн әзiрленедi.
Шағын өзендердiң суын қорғау схемалары суды кешендi пайдалану мен қорғаудың бассейндiк және аумақтық схемаларында бекiтiлген ережелер негiзiнде 200 километр қашықтыққа дейiн созылатын өзендер үшiн әзiрленедi.
Бассейнiнiң бiр бөлiгi Қазақстан Республикасынан тысқары орналасқан өзендер үшiн суды кешендi пайдалану мен қорғаудың бассейндiк схемалары:
егер шектес мемлекетпен бiр мезгiлде бассейн схемасын жасау туралы келiсiм болса, бассейнге тұтас әзiрленедi. Бұл ретте мұндай схеманы жасау тәртiбi әрбiр жеке жағдайда осы келiсiммен белгiленедi;
егер аталған келiсiм жоқ болса, Қазақстан Республикасының аумағында ғана әзiрленедi. Шектес мемлекеттiң суға деген қажетi мұндай жағдайда мемлекеттер арасында су бөлу туралы келiсiммен белгiленген мөлшерде есепке алынады.
2. Суды кешендi пайдалану мен қорғаудың схемалары мемлекеттiк және жергiлiктi маңызы бар схемаларға бөлiнедi.
Мемлекеттiк маңызы бар схемаларға:
суды кешендi пайдалану мен қорғаудың бас схемалары;
бассейн екi немесе одан да көп облыстардың аумағында орналасқан болса, сондай-ақ бассейн бiр облыстың аумағында орналасып, бiрақ схемаларда белгiленетiн шаралар басқа облыстарды сумен қамтамасыз ету шарттарын және олардың су жағдайын өзгертетiн реттерде суды кешендi пайдалану мен қорғаудың бассейндiк схемалары;
схемаларда белгiленетiн шаралар екi немесе бiрнеше облысты сумен қамтамасыз ету шарттарын және олардың су жағдайын өзгертетiн реттерде суды кешендi пайдалану мен қорғаудың аумақтық схемалары;
суы екi және одан да көп облыстардың аумағы бойынша ағатын жағдайда шағын өзендердiң суын қорғау схемалары жатады.
Суды кешендi пайдалану мен қорғаудың бұдан басқа бассейндiк және аумақтық схемалары, сондай-ақ шағын өзендердiң суын қорғау схемалары жергiлiктi маңызы бар схемаларға жатқызылады.
Суды кешендi пайдалану мен қорғаудың схемаларын әзiрлеудi мемлекеттiк су ресурстарын басқару органы қажет болған жағдайда басқа министрлiктер мен ведомстволардың мамандандырылған ұйымдарын қатыстыра отырып жүзеге асырады.
3. Суды кешендi пайдалану мен қорғаудың бас, бассейндiк және аумақтық схемаларында белгiленген шаралар су ағысын реттеу, оны үнемдеп жұмсау, тазартылмаған немесе толық тазартылмаған ағын суды тоқтату және өндiрiс технологиясы мен сумен жабдықтау схемаларын жетiлдiру негiзiнде /сусыз технологиялық процестердi, ауамен суытуды, сумен айналмалы жабдықтауды және басқа техникалық тәсiлдердi қолдану/ суаттардың жайын жақсарту жөнiнде шаралар қолдану жолымен суды неғұрлым тиiмдi және ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге тиiс.
Шағын өзендердiң суын қорғау схемаларында белгiленетiн шаралар осы өзендердiң ластануының, былғануы мен сарқылуының алдын алу мен оны жоюды, өзендердiң қолайлы су режимi мен тиiсiнше санитарлық жағдайын сақтау жөнiндегi жұмыстың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге, жағалаулардың және су экожүйелерiнiң сақталуы мен қалпына келтiруiне жәрдемдесуге, су пайдалануда басымдықтар белгiлеуге тиiс.
4. Суды кешендi пайдалану мен қорғау схемалары мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiмен әзiрленедi.
Схемаларды әзiрлеудiң перспективалық және жылдық жоспарларын республиканың жекелеген аймақтарындағы су шаруашылығы мен экологиялық жағдайды талдау негiзiнде облыстар әкiмдерiнiң ұсыныстарын ескере отырып мемлекеттiк су ресурстарын басқару органы жасайды.
5. Табиғат пен қойнауын қорғау органдары экологиялық сараптама жасағаннан кейiн мемлекеттiк су ресурстарын басқару органының ұсынысы бойынша суды кешендi пайдалану мен қорғаудың мемлекеттiк маңызы бар схемаларын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi, ал жергiлiктi маңызы бар схемаларды облыстардың әкiмдерi бекiтедi.
Су шаруашылығы балансы аталған схемалардың құрамды бөлiгi болып табылады және ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша тұтынушылар арасында су ресурстарын қайта бөлу мен жаңа өндiрiстiк күштердi орналастыру мүмкiндiгiн табу үшiн бөлек жасалып, бекiтiле алады.
Бекiтiлген схема су шаруашылығы балансы тұтынушыларға немесе олардың топтарына су лимитiн белгiлеудiң, сондай-ақ схемада қарастырылған аумақта су ресурстарын пайдалану мен қорғау жөнiндегi шараларды жоспарлаудың, әзiрлеу мен олардың жүзеге асырудың негiзi болып табылады.