былай деп белгiленсiн:
судың ласталмауы қамтамасыз етiлетiн болса өрт сөндiруге қажеттi суды кез келген су тоғандарынан ерекше рұқсатсыз алуға болады;
осы мақсат үшiн су алу орнын таңдауды су ресурстарын басқару, табиғатты қорғау және денсаулық сақтау мемлекеттiк органдары қоятын шарттарды орындай отырып, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жергiлiктi өрттен қорғау органдары, ал оларды жабдықтауды /бекеттер, кiрме жолдар, жарық белгiлерi және т.б./ - жергiлiктi әкiмдер жүзеге асырады;
қай ведомствоға жататынына және меншiк нысанына қарамастан, су құбырлары ғимараттары мен жүйелерiнен өрт сөндiруге қажеттi су алу қолданылып жүрген нормативтiк актiлерге сәйкес жүзеге асырылады;
өз балансында су құбырлары ғимараттары мен жүйелерi бар заңды ұйымдар өрт сөндiру ғимараттары мен қондырғыларының жарамды күйде болуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi