өтем төленетiн болады. Аталған Келiсiмдi орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасында тұратын фашизмнiң бұрынғы тұтқындарының құжаттарын қарау және оларға өтем төлеу жөнiнде мына құрамда Мемлекеттiк бiлiктi комиссия құрылсын: Сағдиев - Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымы Махтай Рамазанұлы Орталық кеңесiнiң төрағасы (комиссия төрағасы) Романов - Халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң орынбасары Владимир Ильич (комиссия төрағасының орынбасары) Чередниченко - фашизмнiң бұрынғы тұтқындарының қазақстандық Павел Яковлевич қауымдастығының төрағасы (комиссия хатшысы) Комиссия мүшелерi: Әмiрова - Әдiлет министрлiгiнiң басқарма бастығы Мүгүлсiн Мухаметқазықызы Астрадамов - зейнеткер, "Освенцим" концлагерiнiң бұрынғы Иса Лепович тұтқыны Балахметов - Қазақстанның Балалар қорының төрағасы Қожахмет Балахметұлы Ефанов - Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң қызметкерi Геннадий Петрович Оганов - фашизмнiң бұрынғы кәмелетке толмаған Николай Иванович тұтқындарының қазақстандық одағының төрағасы Сұлтанов - Сыртқы iстер министрлiгiнiң бөлiм меңгерушiсi Болат Қылышбайұлы
2. Комиссияға бұрынғы КСРО азаматтарының басып алынған аумақтардан күштеп әкетiлу фактiлерiн, олардың концентрациялық лагерьлер мен "остарбайтерлер" тұтқыны екенiн, геттода болғандығын және олардың мәжбүр етiп ұстайтын жерде болу мерзiмдерiн растайтын тиiстi құжаттарды, сондай-ақ басқа да қажеттi құжаттарды тексеру тапсырылсын.
3. Комиссияға Өзара түсiнiстiк және татуластық қорының шарттарына сәйкес өтем төлеу туралы түпкiлiктi шешiм қабылдау құқы берiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қаржы министрлiгiмен және Фашизмнiң бұрынғы тұтқындарының қазақстандық қауымдастығымен бiрлесiп, өтем төлеу тәртiбiн белгiлеп, оны тек қана комиссия қорытындысы негiзiнде төлейтiн болсын.
5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi өтем алушыларға ақша аударғаны үшiн төлем алмайтын болсын.
6. Сыртқы iстер министрлiгi Комиссия жұмысына, оның iшiнде Қазақстан Республикасы азаматтарының фашистiк концентрациялық лагерьлерде, геттоларда және басқа да мәжбүр етiп ұстайтын орындарда болған фактiлерiн анықтауда көмек көрсетсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi