Қазақстан Республикасының Халықаралық Архивтер кеңесiне мүшелiгi туралы<*> ЕСКЕРТУ. Қаулының мәтiнiнен сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. N 1031 қаулысымен. ~P961031

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 29 маусым 1994 ж. N 728

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Халықаралық архивтер кеңесiне кiруiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Архивтер мен құжаттар бас басқармасына Халықаралық архивтер кеңесiнде архив iстерi мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының атынан сөйлеу құқы берiлiп, ХАҚ Жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасының оның мүшесi болуына туындайтын мiндеттердi орындау үшiн тиiстi өкiлеттiктер берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен бiрлесе отырып Қазақстан Республикасының Архивтер мен құжаттар бас басқармасының Халықаралық архивтер кеңесi мен оның органдарындағы қызметiн қамтамасыз ету үшiн жыл сайын қажеттi қаржы, оның iшiнде валюта қаржысын бөлудi көздесiн.
      3. Қазақстан Республикасының Архивтер мен құжаттар бас басқармасы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне Халықаралық архивтер кеңесi мен оның органдары шеңберiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы жылына кемiнде бiр рет ақпар берiп отырсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi