Қазақстан Республикасына ақ қант әкелуге кеден бажының ставкасын белгiлеу туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 17 маусымдағы N 669 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 171 Қаулысымен

Күшін жойған

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20.  N 171 Қаулысымен.

      Отандық қант өндiрушiлердi қорғау және ұқсатушы кәсiпорындарды жүктемелеу мақсатында "Қазақстан Республикасының импортталатын товарларға кеден тарифi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1991 жылғы 11 қаңтардағы N 1498 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1994 ж., N 2, 14-бап) негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. 1994 жылғы 25 маусымнан бастап ақ қантқа 30 процент мөлшерiнде импорттық кеден бажы ставкасы белгiленсiн, код ТН СЭҚ 170199100.
      2. "Тағам" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы шикi-қанттан жасалған ақ қантты шарт бойынша Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне, консигнация шарттары негiзiнде 1 ай мерзiмге Қазтұтынуодағына өткiзетiн болсын.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi