"Қылмысқа қарсы күрестi күшейту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 11 ақпандағы
N 1562
қаулысын орындау үшiн және Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрес және құқық тәртiбiн нығайту жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралардың 1993 - 1995 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ маскүнемдiкке, алкоголизмге, нашақорлыққа және есiрткi құмарлыққа қарсы күрестi күшейту мақсатымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына енгiзу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Iшкi iстер министрлiгiмен бiрлесе отырып жергiлiктi мәслихат - депутаттар жиналысы жанындағы маскүнемдiк пен алкоголизмге қарсы күрес жөнiндегi комиссиялар туралы ереженiң жобасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Iшкi iстер министрлiгiмен, Әдiлет министрлiгiмен, басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, алкоголизм, нашақорлық және есiрткi құмарлық дертiне шалдыққандарды мiндеттi түрде емдеу үшiн науқастарды жiберу мен болуының тәртiбiн, сондай-ақ мұндай мекемелердi қорғау режимiн реттейтiн Денсаулық сақтау министрлiгi жүйесiнiң мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерi туралы ереженiң жобасын 2 айлық мерзiм iшiнде әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына табыс етсiн.
3. Облыс, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен оның жергiлiктi органдары емдеу-алдын алу мекемелерiн ұйымдастыру үшiн үй-жай бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Iшкi iстер министрлiгiмен, Денсаулық сақтау министрлiгiмен; басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, "Алкоголизм, нашақорлық және есiрткi құмарлық дертiне шалдығудың алдын алу, емдеу және ондай науқастарды әлеуметтiк ақтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын екi айлық мерзiмде әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi және Сауда министрлiгi Қазақстан Республикасына алкогольдi iшiмдiктердi әкелу тәртiбiн әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне табыс етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Сауда министрлiгi спирттi iшiмдiктер мен темекi өнiмдерiн сатудың Қазақстан Республикасының аумағында барлық азаматтар, сондай-ақ ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан заңды ұйымдар мiндеттi түрде орындауға тиiстi тәртiбiн әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсынсын.
7. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi, "Қазақстанның теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарында салауатты өмiр салтын насихаттайтын, маскүнемдiктен, алкоголизмнен, нашақорлықтан және есiрткi құмарлықтан құтылудың медициналық әрi құқықтық жолдарын түсiндiретiн тұрақты айдарлар ашатын болсын.
8. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi Денсаулық сақтау министрлiгiмен бiрлесе отырып, маскүнемдiктiң, алкоголизмнiң, нашақорлықтың және есiрткi құмарлықтың алдын алу жөнiндегi оқу-әдiстемелiк құралдарын жасау мен басып шығаруды ұйымдастырсын.
9. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт мекемелерiнiң жүйесiн дамыту жөнiнде арнаулы бағдарлама дайындап, бекiтсiн.
10. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Iшкi iстер министрлiгiмен бiрлесе отырып, алкогольге қарсы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi күшейтудi көздейтiн Қазақстан Республикасы Заңының жобасын екi айлық мерзiмде әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
11. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Сауда ережелерiн бұзғаны үшiн және тұтынушылардың құқықтарына қысым жасағаны үшiн жауапкершiлiктi күшейту туралы" 1993 жылғы 25 ақпандағы N 152 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 5, 63-бап) 1-тармағының үшiншi абзацы "аумақтық органдарымен" деген сөздерден кейiн "ал алкогольдi iшiмдiктердi сатқан кезде - маскүнемдiкке және алкоголизмге қарсы күрес жөнiндегi жергiлiктi комиссиялармен" деген сөздермен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi