ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУ, ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БIЛIКТIЛIГIН АРТТЫРУ ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 10 мамыр 1994 ж. N 493. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының "Еңбектi қорғау туралы" Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi: 
      кәсiпорындардың және еңбектi қорғау басқармалары органдарының еңбектi қорғау қызметтерiн кадрлармен қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының мамандықтар тiзбесiн мамандықтар немесе мамандандырулар атауларымен толықтырсын; 
      тиiстi оқу-тақырыптық жоспарлар мен бағдарламаларды әзiрлеудi және бекiтудi қамтамасыз етсiн; 
      еңбектi қорғау мамандарын даярлау жөнiнде базалық жоғары оқу орындарын анықтасын. 
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi Бiлiм министрлiгiмен, басқа да мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен, холдинг компанияларымен, бiрлестiктермен және концерндермен бiрлесiп, экономиканың еңбектi қорғау туралы мамандарға деген қажеттiлiгiн анықтасын және аталған мамандарды даярлау және қайта даярлау жоспарын бекiтсiн. 
      3. Кәсiпорындардың және еңбектi қорғау басқармалары органдарының еңбектi қорғау жөнiндегi мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi жұмысты үйлестiру Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiне жүктелсiн. 

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi