1. Шұбарқұдық пен Жақсымай кен орындарында шығарылып, тоқтатылған көмiрсутегi шикiзатын игере түсу, өндiру, тасымалдау, экспорттау мен өткiзу жөнiнде "Ақтөбемұнай" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң және "ДиСизар ойл" американ мұнай компаниясының қатысуымен "Дамұнай" бiрлескен кәсiпорнының құрылғаны мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiне:
бiр ай мерзiмi iшiнде "Дамұнай" бiрлескен кәсiпорнын құру туралы Келiсiмдi пысықтай түсудi, мүдделi министрлiктермен келiсудi және оның Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына ұсынылуын;
"Дамұнай" бiрлескен кәсiпорнының жұмыс атқаруы барысында республиканың мүддесi көзделуiне бақылау жасауды қамтамасыз ету жүктелсiн.
3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, Ақтөбе облысының әкiмi "Дамұнай" бiрлескен кәсiпорны қызметiнiң ұйымдастыру мәселелерiн шешкен кезде жәрдемдесетiн болсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi