ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНIНДЕГI АГЕНТТIГIНIҢ МЕМЛЕКЕТТIК ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘРТIБI ТУРАЛЫ<*>

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 22 сәуiр 1994 ж. N 430. Атауында сөздер алмастырылды - ҚРҮ-нiң 1997.07.22. N 1143 қаулысымен. ~P971143 Атауындағы және мәтiнiндегi сөздер алмастырылды - ҚРҮ-нiң 1997.12.18. N 1788 қаулысымен. ~P971788 Атауы жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 1999.04.27. N 481 қаулысымен. ~P990481

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшiн, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгiн жоғары деңгейде сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Республиканың елдi мекендерi мен объектiлерiнде мемлекеттiк өрт қадағалау мен өрт сөндiру Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметiнiң департаментi мен олардың бөлiмшелерiне жүктелетiн болып белгiленсiн. <*>
      <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.11.01.
               N 1345 қаулысымен. P961345_
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.22. N 1143
               қаулысымен. P971143_

      2. Қазақстан Республикасында Мемлекеттiк өрт қадағалау туралы Ереже:
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi Агенттiктiң қарамағына берiлмейтiн Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарының Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметтерiнiң тiзiмi N 1 қосымшаға сәйкес; <*>
      Мемлекеттiк өртке қарсы кәсiбилендiрiлген қызметтi Мемлекеттiк әскерилендiрiлген өртке қарсы қызмет етiп кезең-кезеңмен қайта ұйымдастыру кестесi 2 қосымшаға сәйкес. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақтағы сөздер ауыстырылды - ҚР Үкiметiнiң 1996.11.01.
               N 1345 қаулысымен. P961345_
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚР Үкiметiнiң 1997.07.22. N 1143
               қаулысымен. P971143_
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгердi - ҚР Үкiметiнiң 1999.04.27. N 481
               қаулысымен. P990481_

      3. Мемлекеттiк өрттен қорғау департаментi бастығы лауазымы бойынша әрi өрт қадағалау жөнiндегi Қазақстан Республикасының бас мемлекеттiк инспекторы, ал оның орынбасарлары - өрт қадағалау жөнiндегi Қазақстан Республикасы бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары болып табылады. <*>
      Мемлекеттiк өрттен қорғау департаментi құрылымдық басқармаларының, бөлiмдерiнiң бастықтары, олардың орынбасарлары лауазымдары бойынша әрi өрт қадағалау жөнiндегi Қазақстан Республикасының аға мемлекеттiк инспекторлары болып табылады. <*>
      Алматы қалалық, облыстар мен Ленинск қалалық Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi басқармаларының, бөлiмдерiнiң бастықтары, олардың орынбасарлары, аумақтық органдардың мемлекеттiк өрт қадағалау бөлiмдерi мен бөлiмшелерiнiң бастықтары, лауазымдары бойынша әрi тиiстi аймақтардың (облыстардың, қалалар мен аумақтардың) өрт қадағалау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары болып табылады. <*>
      Басқа мемлекеттiк өрт қадағалау органдарының бастықтары, олардың орынбасарлары, мемлекеттiк өрт қадағалау инспекторлары, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн қадағалауды қамтамасыз ететiн барлық мемлекеттiк өрт қадағалау органдарының бас мамандары, аға инженерлерi, аға инспекторлары, инженерлерi мен инспекторлары лауазымдары бойынша өрт қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар болып табылады деп белгiленсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.11.01.
               N 1345 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.22. N 1143
               қаулысымен.
      4. Жекелеген қалалар, поселкелер мен аудан орталықтары бойынша әскерилендiрiлген Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерiнiң санын өзгертудi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкiмдерiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi бекiтетiн болып белгiленсiн. <*> <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.11.01.
               N 1345 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.22. N 1143
               қаулысымен.
      5. Әскерилендiрiлген Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерiн ұстауға, өрт сөндiру депосының жайларын салуға, өрт сөндiру техникасын, жабдықтары мен мүлкiн сатып алуға арналған шығындар: <*> <*>
      - қалалардағы, поселкелер мен аудан орталықтарындағы әскерилендiрiлген Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерi бойынша жергiлiктi бюджет есебiнен; <*>
      - меншiк нысандарына қарамастан өнеркәсiп кәсiпорындары мен басқа да шаруашылық объектiлерiндегi әскерилендiрiлген Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерi бойынша тиiстi кәсiпорындармен, ұйымдар және мекемелермен жасалған шарттар бойынша алынатын қаражат есебiнен жұмсалатын болып белгiленсiн. <*>
      <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.11.01.
               N 1345 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгертiлдi және 2-бөлiгi алынып тасталды -
               ҚРҮ-нiң 1997.07.22. N 1143 қаулысымен.

      6. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiне: <*>
      - өнеркәсiптiк кәсiпорындар мен басқа да объектiлерде әскерилендiрiлген Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерiн тиiстi кәсiпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден шарттар бойынша алынатын қаржы есебiнен құру;
      - республикалық, облыстық, қалалық Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi басқармаларының, бөлiмдерiнiң, мемлекеттiк өрт қадағалау органдарының, оқу, ғылым орындары мен бөлiмшелерiнiң санын әскерилендiрiлген Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерiн ұстауға бөлiнетiн қаражат есебiнен, бiрақ осы санның 6 процентiнен аспайтындай мөлшерде көбейту;
      - қажет болған жағдайда қалалар арасында әскерилендiрiлген Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерiнiң санын белгiленген лимит шегiнде қайта бөлу;
      Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерiнiң типтiк штаттарын әзiрлеу және бекiту құқы берiлсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақта сөздер ауыстырылды - ҚРҮ-нiң 1996.11.01.
               N 1345 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.22. N 1143
               қаулысымен.
      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер таратылған жағдайда олардың аумағынан тысқары жерлердегi әскерилендiрiлген, кәсiби және ведомстволық Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерiнiң қызмет жайларын, өрт сөндiру техникасын, автокөлiгiн, мүлкiн, мүкәммалы мен басқа да материалдық құндылықтарын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет департаментiнiң балансын тегiн өткiзу тәртiбiн әзiрлесiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақта "өрттен қорғау" деген сөздер ауыстырылды -
               ҚРҮ-нiң 1996.11.01. N 1345 қаулысымен. P961345_
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.22. N 1143
               қаулысымен.
      8. Облыстардың, Астана және Алматы қаласының әкiмдерi: <*>
      - қалалық және ауылдық мекендердi, сондай-ақ өнеркәсiптiк тораптарды салу мен қайта жаңартуда қызмет көрсетудiң нормативтiк радиусына сәйкес өрт сөндiру деполарының жайларын жергiлiктi бюджеттер қаражаты мен кәсiпорындардың үлестi қатысуы есебiнен күнiлгерi салуды қамтамасыз етсiн;
      - әрбiр елдi мекенде, меншiк нысандарына қарамастан өнеркәсiптiк, ауыл шаруашылық және өзге де объектiлерде iске сақадай сай өртке қарсы құрамаларды (жасақтарды, командаларды, бөлiмшелердi, топтарды) нормативтерге сәйкес өрт сөндiру деполарымен, өрт сөндiру техникасымен және құрал-жабдықтарымен

олардың өз қаражаты есебiнен қамтамасыз ете отырып құратын 
болсын.
     ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.22. N 1143
              қаулысымен.
     ЕСКЕРТУ. 8-тармақ сөзбен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 1999.04.27.
              N 481 қаулысымен.  

P990481_

 

     9. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң
күшi N 3 қосымшаға сәйкес жойылған деп танылсын.

            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 22 сәуiрдегi
                                           N 430 қаулысымен
                                            бекiтiлген
     
            Қазақстан Республикасында мемлекеттiк өрт қадағалау
                              туралы
                               Ереже
     


      1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк өрт қадағалау республика қалаларында, басқа да елдi мекендерде және меншiк нысандарына қарамастан шаруашылық объектiлерiнде өрт қауiпсiздiгiн жоғары деңгейде ұстау мақсатында жүргiзiледi.
      2. Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi департаментi, Алматы қалалық облыстық Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi басқармалары, бөлiмдерi, мемлекеттiк өрт қадағалау бөлiмдерi, бөлiмшелерi мен инспекциялары, қалалардың, поселкелердiң, аудан орталықтарының, әскерилендiрiлген Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi отрядтары мен бөлiмдерi, бөлiмшелерi Қазақстан Республикасында мемлекеттiк өрт қадағалау органдары болып табылады. <*> <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.11.01.
               N 1345 жарлығымен.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.22. N 1143
               қаулысымен.
      3. Мемлекеттiк өрт қадағалауды қамтамасыз ететiн органдар мен лауазымды адамдар өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң өзге де шешiмдерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, қаулылары мен өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн, жергiлiктi өкiлеттi және атқару органдарының шешiмдерi мен өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi департаментi бастығының актiлерiн және басқа да қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бекiтiлген нормативтiк

актiлердi басшылыққа алады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.22. N 1143
              қаулысымен.
     4. Мемлекеттiк  өрт қадағалау органдарының негiзгi мiндетi
елдi мекендерде, меншiк нысанына қарамастан шаруашылық 
объектiлерiнде өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн қадағалауды қамтамасыз 
ету болып табылады.
     5. Мемлекеттiк өрт қадағалау органдары:
     өрт қауiпсiздiгiн қадағалауды жүзеге асыруға;
     өрт туралы iстер бойынша тексерулер жүргiзуге;
     әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер жүргiзудi жүзеге
асыруға мiндеттi.
     6. Мемлекеттiк өрт қадағалау органдары өздерiне жүктелген
мiндеттерге сәйкес;


      министрлiктерде, ведомстволарда, қарастылығына және меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда өрт қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдары актiлерiнiң орындалуына бақылау жасауды, әкiмшiлiк өкiлдерiнiң қатысуымен өртке қарсы талаптардың, стандарттардың, нормалар мен ережелердiң орындалуын тексерудi жүзеге асыруға;
      кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың басшыларына, басқа да лауазымды адамдар мен азаматтарға анықталған ереже бұзушылықтарды жою және өрттiң алдын алу жөнiндегi шаралар өткiзу туралы ұйғарымдар жiберуге;
      министрлiктердiң, ведомстволардың, меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң есебiнен өрт себептерiн айқындау үшiн өткiзiлуге мiндеттi сараптамалар, сондай-ақ құрал-жабдықтарды, бұйымдарды, заттарды, материалдарды олардың өрт туғызу қаупiнiң дәрежесiн анықтау үшiн бақылау сынақтарын тағайындауға;
      ведомстволық қарастылығына қарамастан елдi мекендер мен объектiлердiң өрт сөндiру бөлiмшелерiнiң өртпен күресуге әзiрлiгiн бақылауға;
      меншiктiң барлық нысандарындағы жобалау және құрылыс ұйымдарының кәсiпорындарды, үй-жайларды, ғимараттарды жобалау, салу және қайта жаңарту кезiнде стандарттарда, нормалар мен ережелерде көзделген өртке қарсы талаптарды орындауына бақылауды жүзеге асыруға;
      жер учаскелерiн таңдау және үй-жайларды, кәсiпорындар мен ғимараттарды пайдалануға қабылдап алу жөнiндегi комиссияның жұмысына қатысуға;
      өрт қауiпсiздiгi талаптарын белгiлейтiн стандарттар, нормалар мен ережелер жобаларын, сондай-ақ нормалар мен ережелер белгiленбеген объектiлердi салуға арналған жобалық шешiмдердi келiсуге;
      төтенше жағдайларда өрт сөндiру және апаттан құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын, ведомстволық қарастылығына қарамастан көлiк және басқа да материалдық-техникалық құралдарды жұмылдыруды;
      қажет болған жағдайда адамдарды, материалдық құндылықтарды қауiптi аймақтан көшiрiп әкетуге өкiм беруге, құтқару жұмыстарын жүргiзу және төтенше жағдайларды жою кезеңiне цехтар мен объектiлердiң жұмысын тоқтата тұруға;
      өрт сөндiруге, адамдар мен мүлiктi құтқаруда ерекше көзге түскен азаматтарды ынталандыруға;
      мемлекеттiк органдарға, қоғамдық бiрлестiктерге, лауазымды адамдарға, жеке меншiк иелерiне өрттiң шығуына мүмкiндiк беретiн жағдайларды, өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзуды болдырмау жөнiндегi шаралар туралы орындалуға мiндеттi ұсыныстар мен ұйғарымдар енгiзуге, ал олар қабылданбаған жағдайда айыптыларды заңда көзделген жауапкершiлiкке тартуға;
      бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың лауазымды адамдары мен басқа да қызметкерлерiнен, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын адамдардан объектiлердегi өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн сипаттайтын мәлiметтер мен құжаттар алуға;
      заңдарда әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделген өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзғаны туралы хаттамалар жасап, iстер қарауға құқылы;
      өрт қауiпсiздiгi мәселелерiн реттейтiн нормативтiк актiлердi жасау және келiсу;
      Қазақстан Республикасының аумағында болған барлық өрттердi (олардан келген зардаптарды) мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асыру. <*>
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ жаңа абзацтармен толықтырылды - ҚРҮ-нiң
               1996.11.01. N 1345 қаулысымен.

      7. Мемлекеттiк өрт қадағалау органдарының ұйғарымдары жазбаша түрде берiледi және ведомстволық қарастылығы мен меншiк түрiне қарамастан кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың лауазымды адамдары, сондай-ақ азаматтар үшiн орындауға мiндеттi болып табылады. Ұйғарым алған және онымен келiспейтiн лауазымды адамдар мен азаматтар ұйғарым тапсырылған күннен бастап 10 күндiк мерзiмде жоғары тұрған мемлекеттiк өрт қадағалау органына шағым беруге құқылы.
      8. Меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорында, мекемеде, ұйымда тiкелей өрт шығу қаупiн туғызатын өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзғанда, сондай-ақ объектiлердi, кәсiпорындарды, мекемелердi, ғимараттарды, үй-жайларды салу, қайта жаңарту, кеңейту немесе техникалық қайта жабдықтау кезiнде жобада немесе жобалау нормаларында көзделген өртке қарсы талаптар орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының өрт қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасының өрт қадағалау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, облыстардың, қалалардың және аумақтардың өрт қадағалау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары кәсiпорынның, жеке өндiрiстiң, өндiрiс учаскесiнiң, агрегаттың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтатуға, үйдi, құрылысты пайдалануға тыйым салуға, ал өрт қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар - кәсiпорынның (жеке өндiрiстiң) жұмыс iстеуiнiң тұтастай тоқтатылуына әкелiп соқпайтын болса, жекелеген жайларды пайдалануға тыйым салуға, өндiрiс учаскесiнiң немесе агрегаттың, электр торабының, жылыту құралының жұмысын және өрт шығу қаупi бар жұмыстардың жүргiзiлуiн тоқтатуға құқылы.
      Кәсiпорынның, өндiрiс учаскесiнiң, агрегаттың жұмысын тоқтатуға немесе үйдi, ғимаратты, жайларды пайдалануға тыйым салу туралы қаулы объектiнiң басшысына берiледi және осындай шешiм қабылдауға негiз болған ереже бұзушылықтар жойылғанға дейiн күшiнде болады.
      Кәсiпорынның, мекеменiң, ұйымның басшысы кәсiпорынның, өндiрiс учаскесiнiң, агрегаттың жұмысын тоқтату, үйдi, ғимаратты немесе жайды пайдалануға тыйым салу туралы қаулы жөнiнде ол берiлген күннен бастап 5 күндiк мерзiмде жоғары тұрған мемлекеттiк өрт қадағалау органдарына немесе сотқа шағымдануға құқылы. Шағымның берiлуi қаулының орындалуын тоқтатпайды.
      Кәсiпорынның, өндiрiс учаскесiнiң, агрегаттың жұмысын тоқтату, үйдi, ғимаратты немесе жайды пайдалануға тыйым салу туралы қаулыны, осы шешiмдi қабылдаған орган, лауазымды адам, оған қатысты жоғары тұрған мемлекеттiк өрт қадағалау органы немесе сот жоюы немесе өзгертуi мүмкiн.
      9. Мемлекеттiк өрт қадағалау органдарының жоғары тұрған лауазымды адамдарының нұсқаулары мен өкiмдерiн мемлекеттiк өрт қадағалау органдарының төменгi лауазымды адамдары орындауға мiндеттi.
      10. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Республикалық Ұланының, әуе, темiр жол, теңiз және су көлiктерiнiң объектiлерiнде мемлекеттiк өрт қадағалау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi мен Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiктерi мен ведомстволары арасындағы келiсiмдермен белгiленедi. <*>
      Шахталардың, рудниктердiң, кенiштердiң жер асты құрылыстарында, әуе, теңiз, су және автомотоэлектр көлiктерiнде, сондай-ақ орман, дала аумақтары мен тоғайлы алаптарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң орындалуына тиiстi министрлiктер мен ведомстволар бақылау жасайды.
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.22. N 1143
               қаулысымен.
      11. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң төрағасы қажет болған жағдайларда өзге министрлiктер мен ведомстволардың басшыларымен бiрлесiп шаруашылық объектiлерiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, осы Ереженi қолдану жөнiнде бұйрықтар мен нұсқамалар шығарады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.22. N 1143
               қаулысымен.
      12. Осы Ережеде көзделген мiндеттердiң мемлекеттiк өрт қадағалау органдарына жүктелуi министрлiктердiң, ведомстволардың, меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басшыларын, әкiмдердi елдi мекендердiң, объектiлердiң өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi белгiленген талаптардың орындалуына жүйелi түрде бақылау жасау мiндеттерiнен босатпайды және кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдар басшыларының өз қарамағындағы объектiлердiң өрт қауiпсiздiгi үшiн дербес жауапкершiлiгiн шегермейдi.
      13. Объектiлер, олардың өрт қауiптiлiгiнiң маңыздылығы мен дәрежесiне қарай I, II, III және IV топтарға бөлiнедi. Мұндай объектiлердiң тiзбесiн мемлекеттiк өрт қадағалау органдары айқындайды.
      IV топқа қатысты объектiлер мемлекеттiк өрт қадағалау органдарының жыл сайын паспорттау жүргiзуiне жатады. <*> Паспорттау жүргiзу туралы Ереженi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi жасайды және бекiтедi. <*>
      ЕСКЕРТУ. Ереже 13-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.11.01.
               N 1345 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 13-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.04.08.
               N 505 қаулысымен. P970505_
                                       Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 сәуiрдегi N 430 қаулысына N 1 қосымша


             Өртке қарсы қызметтi Қазақстан Республикасының

              Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң
      қарауына берiлмейтiн Қазақстан Республикасы министрлiктерi
                         мен ведомстволарының
<*>

                              Тiзбесi

     Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi

     Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi
<*>


     Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
     
<*>

     
<*>

     Әуе және темiр жол көлiктерi кәсiпорындары

     Ескерту. Қосымша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.22. N 1143
              қаулысымен.
                                           Қазақстан Республикасы
                                           Министрлер Кабинетiнiң
                                           1994 жылғы 22 сәуiрдегi
                                              N 430 қаулысына
                                                2-қосымша
<*>

     
     ЕСКЕРТУ. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.01.14. N 10
              қаулысымен.  

P980010_

 

              Кәсiби Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiн
             әскерилендiрiлген Мемлекеттiк өртке қарсы
              қызмет етiп кезең-кезеңмен қайта құрудың
                              КЕСТЕСI
___________________________________________________________________
                       Елдi мекендердiң атауы
___________________________________________________________________
                          Қайта құру жылы
___________________________________________________________________
     1997       |      1998      |      1999      |       2000
___________________________________________________________________
       1        |        2       |        3       |        4
___________________________________________________________________
                           Ақмола облысы

     Балкашин с.     Державин қ.     Ақкөл қ.        Краснознаменск с.
     Жақсы с.        Қорғалжын с.    Ерейментау қ.   Промышленный
                                                     пос.
     Вишневка пос.   Шортанды пос.   Астраханка с.
                     Атбасар қ.
                     Макин қ.
                     Есiл қ.

                           Ақтөбе облысы

     Батамашин пос.  Хромтау пос.    Қарабұтақ пос.  Кобда а.
     Қарғалы с.      Алға қ.         Мәртөк пос.     Ойыл с.
     Қандыағаш қ.    Ембi қ.         Темiр қ.        Ақраб с.
     Ырғыз с.        Шалқар қ.       Бөгеткөл пос.   Шұбарқұдық пос.
                                                     Байғани пос.

                           Алматы қаласы

     Алатау пос.

                           Алматы облысы

     Шелек с.        Сарыөзек пос.   Ақши с.         Кеген с.
     Қарабұлақ пос.  Жәркент қ.      Бақанас с.      Нарынқол с.
     Киров пос.                      Лепсi пос.      Қабанбай а.
                                     Жансүгiров пос. Қапал с.
                                     Сарқант қ.      Қоғалы с.
                                     Текелi қ.       Үшарал қ.
                                                     Үштөбе қ.

                           Атырау облысы

     Құлсары пос.    Индербор пос.   Мақат пос.      Миялы с.
                                     Махамбет пос.   Балықшы пос.

                       Шығыс Қазақстан облысы

     Шульбинск пос.  Жезкент пос.    Георгиев с.     Көкпектi с.
     Қарауыл с.      Жаңа шульба с.  Бақыршық пос.   Ақсуат с.
     Бородулиха с.   Большая         Шар қ.          Мақаншы с.
                     Владимировка с.                 Үржар с.
                     Аягөз қ.

                           Жамбыл облысы

     Ассы с.         Сарыкемер а.    Ақкөл с.        Луговое пос.
     Бауыржан        Төлеби а.       Байқадам с.     Фурмановка с.
     Момышұлы а.     Қаратау қ.      Құлан а.        Георгиев с.
                                     Шу қ.           Мерке с.

                       Батыс Қазақстан облысы

     Чапаев а.       Переметное с.   Федеровка с.   Казталовка с.
                     Жымпиты а.      Каменка с.     Жәнiбек с.
                                     Шыңғырлау с.   Қаратөбе с.
                                                    Сайхин а.
                                                    Жаңғала а.

                          Қарағанды облысы

     Қаражал қ.      Атасу пос.     Ағадыр пос.     Үлытау с.
                     Ақсу-Аюлы с.   Ақтоғай с.      Шашубай пос.

                          Қызылорда облысы

     Қазалы қ.       Арал қ.        Жалағаш пос.    Шиелi пос.
                     Жаңа Қазалы пос.               Жаңақорған пос.
                     Тереңөзек пос.

                          Қостанай облысы

     Боровской пос.  Уруцкий пос.   Қарасу с.       Ленинское с.
     Комсомолец пос. Федоров пос.   Қашар пос.      Тобыл пос.
     Құсмұрын пос.   Аманқарағай    Орджоникидзе с. Троебратский пос.
     Обаған с.       пос.           Октябрс с.      Торғай с.
                     Докучаев с.    Затобол пос.    Семиозерное с.
                     Камышное с.    Жiтiқара қ.     Таран с.
                     Арқалық қ.                     Жалдама с.
                     Амангелдi с.

                          Павлодар облысы

     Ақсу пос.       Шiдертi пос.   Железинка с.    Майқайың пос.
     Қалқаман пос.   Баянауыл с.    Көктөбе с.      Төртқұдық пос.
     Ақтоғай с.      Ертiс с.       Лебяжье с.      Успенка с.
                                    Качир с.        Ленинск пос.

                     Солтүстiк Қазақстан облысы

     Бескөл с.       Возвышенка с.  Тимирязев с.    Корнеев с.
     Преснов с.      Благовещенка с.Явленка с.      Соколов с.
     Заозерный пос.  Арықбалық с.   Чистополье      Чкалов с.
     Саумалкөл пос.  Келлеровка с.  Рузаев с.       Ленинград с.
     Зерендi с.                     Булаев қ.       Уәлиханов с.
                                    Тайынша қ.      Смирнов пос.
                                    Мамлютка қ.     Кiшкенекөл пос.
                                    Сергеевка қ.    Новоишимск пос.
                                    Степняк қ.      Талшық пос.
                                    Боровое пос.

                     Оңтүстiк Қазақстан облысы

     Тұрар           Темiрлан с.    Асықата пос.    Шәуiлдiр с.
     Рысқұлов а.     Шардара қ.     Ильич пос.      Бәйдiбек с.
     Көксаяқ с.      Абай с.        Мырзакент пос.  Шолаққорған с.
     Қазығұрт а.     Арыс қ.        Леңгiр қ.       Жетiсай қ.
                                    Сарыағаш қ.     Ақсу с.


     ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.22. N 1143
              қаулысымен.


                                       Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 сәуiрдегi N 430 қаулысына N 3 қосымша


             Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшiн жойған
                        кейбiр шешiмдерiнiң
                            Тiзбесi

      1. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1953 жылғы 26 қыркүйектегi "Архив сақтау орындарындағы өрт қауiпсiздiгiнiң уақытша ережелерiн бекiту туралы" N 728 қаулысы.
      2. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1977 жылғы 5 қыркүйектегi "СССР Министрлер Советiнiң 1977 жылғы 15 шiлдедегi "Елдi мекендер мен халық шаруашылығы объектiлерiнде өрт қауiпсiздiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы" N 654 қаулысын жүзеге асыру туралы" N 429 қаулысы.
      3. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетi мен Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1981 жылғы 8 шiлдедегi "Республика халық шаруашылығы объектiлерi мен елдi мекендерiн өрттен қорғауды күшейту туралы" N 310 қаулысы.
      4. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1983 жылғы 7 шiлдедегi "Республика Үкiметiнiң Қазақ ССР-i қалаларының, басқа елдi мекендерi мен халық шаруашылығы объектiлерiнiң өрт хауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiн бiрiктiру туралы" N 283 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1983 ж., N 15, 55-бап).
      5. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1987 жылғы 29 мамырдағы "Республика халық шаруашылығы объектiлерi мен елдi мекендерiн өрттен қорғауды күшейту жөнiндегi қосымша шаралар туралы" N 264 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1987 ж., N 17, 65-бап).
      6. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1988 жылғы 26 қазандағы "СССР Министрлер Советiнiң 1988 жылғы 29 тамыздағы "Елiмiзде өрт қауiпсiздiгiн одан өрт нығайту жөнiндегi шаралар туралы" N 1058 қаулысын жүзеге асыру туралы" N 489 қаулысы.
      7. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1990 жылғы 2 ақпандағы "Қазақ ССР Iшкi iстер министрлiгi жанындағы өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi ведомствоаралық Совет туралы" N 41 қаулысы.
                                            Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 22 сәуірдегі N 430 қаулысына 4-қосымша <*>


     ЕСКЕРТУ. Қаулы жаңа 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 
              1999.05.22. N 616 қаулысымен.  

P990616_

  
     
              Міндетті түрде өртке қарсы қызмет
                  құрылатын ұйымдардың
                       Тізбесі
     
 ________________________________________________________________________
|N |     Ұйымдар               |      Үй-жайлар,        |  Өртке қарсы   |
|  |                           |    нормативтер         | қызметтердің   |
|  |                           |                        |    түрлері     |
|__|___________________________|________________________|________________|
|1 |             2             |          3             |       4        |
|__|___________________________|________________________|________________|
|1 |Өнеркәсіптік ұйымдар       |                        |                |
|  |1) өндірістік ғимараттар   |"В" санатындағы аумағы  |көшпелі техника.| 
|  |                           |700 және одан да көп    |сы өртке қарсы  | 
|  |                           |шаршы м өндірістік      |қызмет          |
|  |                           |үй-жайлары, А,Б,В сана. |                | 
|  |                           |тындағы ені 60 және одан|                |
|  |                           |да көп м жарылыс және   |                | 
|  |                           |өрт қаупі бар өндірістік|                | 
|  |                           |үй-жайлары барлар алаңы.|                |
|  |2) энергетикалық объекті.  |на қарамастан           |көшпелі техника.| 
|  |лер: атом электр станцияла.|                        |сы өртке қарсы  |
|  |ры, жылу электр станцияла. |                        |қызмет          | 
|  |ры, мемлекеттік аудандық   |                        |                | 
|  |электр станциялары, жылу   |                        |                |
|  |энергия орталықтары, су    |                        |                | 
|  |электр станциялары және    |                        |                |
|  |т.с.с.                     |                        |                | 
|  |3) ағаш өңдеу, жиһаз, фа.  |алаңы 1500 шаршы м және |көшпелі техника.| 
|  |нерлер, ағаш жаңқасы немесе|одан артық үйлер мен    |сы бар өртке    |
|  |ағаш талшықты плиталар жа. |үй-жайлар               |қарсы қызмет    | 
|  |сайтын ағаш шеберлігі,     |                        |                |
|  |ағаштан конструкциялар және|                        |                | 
|  |бөлшектер жасайтын, ағаш   |                        |                | 
|  |кесетін және басқа да цех. |                        |                |
|  |тар                        |                        |                | 
|  |4) құю кәсіпорындары (шойын|алаңына қарамастан      |көшпелі техника.|
|  |болат және түрлі-түсті ме. |                        |сы бар өртке    | 
|  |талдарды құю)              |                        |қарсы қызмет    | 
|  |5) мұнай-газ өндіру және   |алаңына қарамастан      |көшпелі техника.| 
|  |мұнай-газ өңдеу кешенінің  |                        |сы бар өртке    |
|  |объектілері                |                        |қарсы қызмет    | 
|  |6) мұнай базалары, газ     |алаңына қарамастан      |                | 
|  |толтыру станциялары        |                        |көшпелі техника.|
|  |                           |                        |сы бар өртке    | 
|  |                           |                        |қарсы қызмет    |
|2 |Қоймалары бар ұйымдар      |                        |                | 
|  |1) жеңіл металл конструк.  |жанатын және жанғыш     |***             | 
|  |циясынан жасалған полимерлі|орамдағы жанбайтын жүк. |                |
|  |жанғыш жылытқышы бар қойма.|терді сақтауға арналған |                | 
|  |лар (отқа төзімділігі IVа  |аумағы 500 және одан да |                |
|  |дәрежедегі)                |көп шаршы м қойма үй-   |                | 
|  |                           |жайлары                 |                | 
|  |2) биіктігі 18 метрге дейін|алаңы 1000 шаршы м одан |                | 
|  |жоғары механикаландырылған |да көп жанғыш жүктерді  |                |
|  |әмбебап мақсаттағы қоймалар|немесе алаңы 1500 шаршы |                | 
|  |                           |м жанғыш орамдағы жан.  |                | 
|  |                           |байтын жүктерді сақтауға|                |
|  |                           |арналған биіктігі 5,5   |                | 
|  |                           |метр және одан да биік  |                |
|  |                           |сөрелері бар үй-жайлар  |                | 
|  |                           |                        |                | 
|  |3) жарылғыш заттарға (ЖЗ)  |алаңына қарамастан      |                |
|  |арналған қоймалар          |                        |***             | 
|  |4) бір қабатты қоймалар    |алаңы 1000 және одан да |                |
|  |                           |көп шаршы м жанғыш жүк. |                | 
|  |                           |терге арналған қойма    |                | 
|  |                           |үй-жайлары              |                |
|  |                           |алаңы 1500 және одан көп|                | 
|  |                           |шаршы м жанғыш орамдағы |                |
|  |                           |жанбайтын жүктерге ар.  |                | 
|  |                           |налған қойма үй-жайлары |                | 
|  |                           | жанатын және жанғыш    |                |
|  |                           |орамдағы жанбайтын      |                | 
|  |                           |жүктерге арналған 300   |                |
|  |                           |және одан да көп шаршы  |                | 
|  |                           |м подвалдағы қабаттарға |                | 
|  |                           |орналасқан қойма үй-жай.|                |
|  |                           |лары                    |                | 
|  |                           | Алаңы:                 |                |
|  |                           |отқа төзімділігі V дәре.|                | 
|  |                           |жедегі 1200 шаршы м.    |                | 
|  |                           |үйлердегі отқа төзімді. |                |
|  |                           |лігі IV дәрежедегі 1600 |                | 
|  |                           |және одан да көп шаршы  |                |
|  |                           |м отқа төзімділігі ІІІ  |                | 
|  |                           |дәрежедегі аумағы 1200  |                | 
|  |                           |және одан көп шаршы м   |                |
|  |                           |отқа төзімділігі І және |                | 
|  |                           |ІІ дәрежедегі 300 және  |                |
|  |                           |одан көп шаршы м        |                | 
|  |                           |қоймалар                |                | 
|3 |Ауылшаруашылығы кешенінің  |                        |                |
|  |ұйымдары                   |                        |                | 
|  |1) мал өсіру, аң өсіру,    |алаңы 1500 шаршы м және |                |
|  |құс өсіру, шаруашылықтары  |одан көп үйлер          |көшпелі техника.| 
|  |және мал тұқымын асылданды.|                        |сы бар өртке    | 
|  |ру станциялары             |                        |қарсы қызмет    |
|4 |Ғылым зерттеу және қаржы   |                        |                | 
|  |мекемелері                 |                        |                |
|  |1) банктер, биржалар,      |жердегі жоспарланған    |                | 
|  |кеңселер және ғылыми зерт. |белгіден соңғы қабаттың |көшпелі техника.| 
|  |теу институттары           |еденіне дейін биіктігі  |сы жоқ өртке қар|
|  |                           |30 метр үйлер, алаңына  |сы қызмет       | 
|  |                           |қарамастан              |                |
|5 |Сауда кәсіпорындары және   |                        |                | 
|  |қоғамдық тамақтандыру ұйым.|                        |                |
|  |дары                       |                        |                | 
|  |1) дүкендер, универмагтар, |жалпы сауда алаңы 3500  |                |
|  |универсамдар, гастрономдар,|және одан да көп шаршы  |көшпелі техника.| 
|  |жабық рыноктар, базарлар,  |м барлық екі қабатты    |сы бар өртке    | 
|  |жәрмеңкелер, супермаркет.  |үйлер                   |қарсы қызмет    |
|  |тер және басқа да сауда    |                        |                | 
|  |кәсіпорындары              |                        |                |
|6 |Халыққа тікелей қызмет     |                        |                | 
|  |көрсетуге арналған көлік   |                        |                | 
|  |ұйымдары                   |                        |                |
|  |1) теміржол, автобус, әуе, |есепті жолаушылар сиым. |                | 
|  |өзен, теңіз вокзалдары     |дылығы:                 |***             |
|  |                           |аумағына қарамастан     |                | 
|  |                           |аэровокзалдарда, әуе    |                | 
|  |                           |жайларда 1000 адамнан,  |                |
|  |                           |теміржол және теңіз     |                | 
|  |                           |вокзалдарында 700 адам. |                |
|  |                           |нан, қалалық аэровок.   |                | 
|  |                           |залдарда 600 адамнан,   |                | 
|  |                           |өзен вокзалдарында 400  |                |
|  |                           |адамнан, автоквокзалдар.|                | 
|  |                           |да 300 адамнан астам жо.|                |
|  |                           |лаушыларға арналған     |                | 
|  |                           |                        |                | 
|7 |Білім беру, тәрбие және    |                        |                |
|  |кадрларды даярлау ұйымдары |                        |                | 
|  |1) кәсіптік техникалық және|алаңына қарамастан жос. | ***            |
|  |арнаулы оқу орындары,      |парланған жердегі белгі.|                | 
|  |акедемиялар, университеттер|ден соңғы қабаттың еде. |                | 
|  |                           |ніне дейін биіктігі 30 м|                |
|  |                           |үйлер                   |                | 
|8 |Дене тәрбиесі-сауықтыру,   |                        |                |
|  |спорт, мәдени-ағарту, діни |                        |                | 
|  |және демалыс ұйымдары      |                        |                | 
|  |1) шіркеулер, мешіттер     |алаңына қарамастан      |көшпелі техника.|
|  |және басқа да діни үйлер   |                        |сы жөқ өртке қар| 
|  |мен ғимараттар             |                        |сы қызмет       |
|  |2) стадиондар, ипподромдар |                        |                | 
|  |                           |сиымдылығы 3000 және    |көшпелі техника.| 
|  |                           |одан да көп адамдық     |сы бар өртке    |
|  |                           |трибуналары бар         |қарсы қызмет    | 
|  |3) спорт сарайлары, жабық  |                        |                |
|  |спорт манеждері, бассейін. |аумағы 500 шаршы м және |көшпелі техника.| 
|  |дер, мұз айдындары, тирлер |одан көп, сиымдылығы 800|сы жоқ өртке    | 
|  |                           |және одан да көп адамдық|қарсы қызмет    |
|  |4) көрме павильондарының   |жабық спорт ғимараттары |                | 
|  |ғимараттары:               |                        |                |
|  |бір қабатты                |ғимараттың алаңы 1000   |көшпелі техника.| 
|  |                           |және одан көп шаршы м   |сы жоқ өртке    | 
|  |                           |болған кезде            |қарсы қызмет    |
|  |екі және одан көп          |алаңына қарамастан      |көшпелі техника.| 
|  |қабатты                    |                        |сы жоқ өртке    | 
|  |                           |                        |қарсы қызмет    | 
|  |5) театрлар                |алаңына қарамастан      |көшпелі техника.|
|  |                           |                        |сы жоқ өртке    | 
|  |                           |                        |қарсы қызмет    | 
|  |6)клубтар, мәдениет үйлері,|800 және одан көп орын. |көшпелі техника.|
|  |концерт залдары, филармо.  |дық залдары бар         |сы жоқ өртке    | 
|  |ниялар                     |                        |қарсы қызмет    |
| 9|Тұрмыстық қызмет көрсету   |                        |                | 
|  |ұйымдары                   |                        |                |
|  |1) тұрмыстық қызмет көрсету|жалпы алаңы 150 шаршы м |***             | 
|  |үйлері, моншалар, кір жуа. |                        |                |
|  |тын орындар, химиялық та.  |                        |                | 
|  |зарту орындары, тұрмыс     |                        |                | 
|  |техникаларын жөндеу шебер. |                        |                |
|  |ханалары                   |                        |                | 
|  |2) қонақ үйлер, отельдер,  |алаңына қарамастан жер. |***             |
|  |кемпингтер                 |дегі белгіден соңғы     |                | 
|  |                           |қабаттың еденіне дейін  |                | 
|  |                           |биіктігі 30 м үйлер     |                | 
|10|Қазақстан Республикасының  |                        |                | 
|  |Президенті, Үкіметі және   |                        |                |
|  |Парламенті Резиденциялары. |                        |                | 
|  |ның ұйымдары               |                        |                | 
|  |  Қазақстан Республикасының|ғимараттардың           |көшпелі техника.|
|  |Президенті, Парламенті,    |қабаттылығы мен алаңына |сы бар өртке    | 
|  |және Үкіметі Резиденцияла. |қарамастан              |қарсы қызмет    |
|  |рының әкімшілік ғимараттары|                        |                | 
|11|Денсаулық сақтау және дема.|алаңына қарамастан      |                | 
|  |лыс ұйымдары               |жердегі белгіден соңғы  |                |
|  |1) санаторийлер, демалыс   |қабаттың еденіне дейін  |                | 
|  |және саяхат үйлері, сана.  |биіктігі 30 м үйлер     |                |
|  |торий-прафилакторийлер     |                        |                | 
|  |                           |                        |                | 
|  |2) ұлттық бақтар мен қорық.|алаңына қарамастан      |көшпелі техника.|
|  |тар                        |                        |сы бар өртке    | 
|  |                           |                        |қарсы қызмет    |
|  |3) диспансерлер: туберку.  |жердегі белгіден соңғы  |***             | 
|  |лездік, онкологиялық, тері-|қабаттың еденіне дейін  |                | 
|  |венерологиялық және басқа  |биіктігі 30 м үйлер     |                |
|  |да емдеу-алдын алу мекеме. |                        |                | 
|  |лері:                      |                        |                |
|  |ауруханалар, госпитальдар, |                        |                | 
|  |психиатриялық, туберкулез, |                        |                | 
|  |жұқпалы аурулар, көз және  |                        |                |
|  |басқа да мамандандырылған  |                        |                | 
|  |ауруханалар, жоғарғы оқу   |                        |                |
|  |орындарының емханалары,    |                        |                | 
|  |стационарлар               |                        |                | 
|__|___________________________|________________________|________________|

 Ескертпе:


      1. Автоцистерналар мен автонасостардың саны 2,04,02-84 "Сумен жабдықтау мен сыртқы жүйелер және ғимараттар" ҚНжЕ бойынша судың өрт сөндіруге арналған қажетті мөлшерінің есебінен айқындалады;
      2. Өртке қарсы қызметтің санын нақты жағдайда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызмет департаментімен келісім бойынша облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы өртке қарсы қызмет басқармалары айқындайды.
      3. *** - әрбір нақты жағдайда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігімен келісім бойынша белгіленеді;
      4. Ұйымдарға өртке қарсы қауіпсіздік саласында өртке қарсы қызмет органдары шарттық негізде қызмет көрсете алады.