1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, "Астық", "Тағам", "Береке" мемлекеттiк акционерлiк компаниялары, "Казконтракт" Республикалық контракт корпорациясы 1994 жылы ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатып алу және сату кезiнде фьючерлiк контрактыларға көшетiн болсын.
Меншiк нысандарына қарамастан басқа ұйымдарға контрактылар жасасудың осындай тәртiбiн пайдалану ұсынылсын.
Фьючерлiк контракт жасасқан және шартта белгiленген мерзiмде ақша, материалдық-техникалық ресурстар алған ауыл шаруашылық тауарын өндiрушiлер сатып алушылармен контрактыда көрсетiлген номенклатурада және көлемде болашақта өндiрiлетiн өнiммен есеп айырысуға мiндеттi.
Сатушы өнiмдердi беру жөнiндегi өз мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда сатып алушының алдында белгiленген тәртiппен өз мүлкiмен жауап бередi.
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, "Астық", "Тағам", "Береке" мемлекеттiк акционерлiк компанияларымен бiрлесiп меншiктiң барлық нысандарындағы басқа құрамалар мен иелiк етушi құрылымдар ерекшелiгiн ескере отырып бiр ай мерзiм iшiнде ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатып алу-сату барысында фьючерлiк мәмiлелердi өткiзу тәртiбiн белгiлеп, бекiтетiн болсын.
3. Дайындау ұйымдары сатып алу кезiнде фьючерлiк контрактылар қолданылатын дәндi, майлы дақылдар мен қант қызылшасының базалық сатып алу бағасы қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
4. "Астық", "Тағам" мемлекеттiк акционерлiк компаниялары тауар өндiрушiлер мен дайындау ұйымдары арасында 1994 жылы дәндi, майлы дақылдар мен қант қызылшасын сатып алуға бұрын жасасылған фьючерлiк контрактыларды жаңа базалық баға бойынша қайта есептейтiн болсын.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы мақсаттар үшiн қажеттi бюджеттiк қаражат бөлсiн.
5. Жергiлiктi әкiмдер Қазақстан халықаралық агроөнеркәсiптiк биржасымен бiрлесе отырып:
фьючерлiк контрактылар негiзiнде ауыл шаруашылық тауарын өндiрушiлер, жабдықтау-дайындау, коммерциялық және басқа шаруашылық жүргiзушi құрылымдар арасындағы өзара тиiмдi мәмiлелердi жолға қою үшiн сауда аукциондары мен жәрмеңкелерiн тұрақты түрде өткiзсiн;
шаруа (фермерлiк) қожалықтары мен жеке аулалардан ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатып алу мен сату, сондай-ақ оларды материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету жөнiндегi акционерлiк қоғамдар, бiрлескен және жекеменшiк кәсiпорындар құруға жәрдемдессiн.
6. "Астық" және "Тағам" мемлекеттiк акционерлiк компанияларына жалпы негiзде мемлекет мұқтажы және басқа да мақсаттар үшiн коммерциялық құрылымдар арқылы астық дайындауға рұқсат етiлсiн.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне фьючерлiк контрактылар бойынша бөлiнген бюджет қаражатын ауыл тауар өндiрушiлерiне қызмет көрсететiн банктердiң мерзiмi өткен қарыздарының қарыз айырмашылығын және корреспонденттiк шоттарға деген басқа да талаптарын өтеуге есептемеуге өтiнiш жасалсын. Меншiктiң барлық нысандарындағы кеңшарлар, ұжымшарлар, басқа да ауыл шаруашылық кәсiпорындары, шаруа (фермерлiк) қожалықтары алған қаражаттарын көктемгi дала жұмыстарын өткiзуге мақсатты түрде пайдалануды қамтамасыз етсiн.
8. Облыстардың және аудандардың әкiмдерi ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатып алу-сату барысында фьючерлiк контрактыларды дамытуға барынша жәрдемдессiн, олар бойынша бiрiншi кезекте есеп айырысу мәселесiне кедергi жасамасын.
9. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекет
мұқтажы үшiн 1994 жылы ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатып алу және беру туралы" 1994 жылғы 10 қаңтардағы N 48 қаулысына N 3 қосымшаның күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 сәуiрдегi N 321 қаулысына Қосымша Дәндi, майлы дақылдар мен қант қызылшасының базалық сатып алу бағасы (қосымша құнға салықсыз) ---------------------------------------------------------------------- Дақылдар атауы ! Әр тоннаға теңгемен ---------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ---------------------------------------------------------------------- Қатты бидай I класты 1400 II класты 1200 III класты 1100 IV класты (жармалық) 800 V класты 600 Жұмсақ бидай жоғары класты 1600 I класты 1400 II класты 1200 III класты 1100 IV класты 800 V класты 600 Күрiш - астық жоғары класты 1800 I класты 1700 II класты 1400 III класты 1200 Тары I класты 1200 II класты 1000 III класты 900 Арпа I класты 1100 II класты 800 Сыра қайнататын арпа 1200 Сұлы I класты 1100 II класты 800 III класты 700 IV класты 600 Қара бидай А тобы (I, II, III класс) 1100 Б тобы (IV класс) 700 Қарақұмық I класты 1900 II класты 1800 III класты 1500 Жүгерi I класты 2500 II класты 2300 III класты 1900 Бұршақ I класты 1200 II класты 1100 III класты 900 Күнбағыс 3100 Рапс I класты 3100 II класты 2500 Соя 4100 Қант қызылшасы 700