1. Қазтұтынуодағы басқармасына село халқына қызмет көрсетудi жақсарту және кооперативтiк ұйымдар қызметiнiң аясын кеңейту Бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi шараларды әзiрлеп, оларды Қазақстан Республикасы тұтынушылар кооперациясы XVI съезiнiң қарауына енгiзу ұсынылсын.
Аталған шараларда:
селолық жерлерде негiзгi тағам өнiмдерiмен және азық-түлiктiк емес тауарлармен олардың белгiленген түр-түрi бойынша үздiксiз сауда жасауын және шаруа қожалықтарының өтiнiмдерi бойынша шағын ауыл шаруашылық техникасын жеткiзудi қамтамасыз ету жөнiндегi тұтынушылар кооперациясы ұйымдары мен кәсiпорындарының мiндеттерi;
шаруа қожалықтары мен өзiндiк қосалқы шаруашылықтардан ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң артығын сатып алуды және оларды қалалық кооперациялық сауда жүйесi арқылы сатуға жiберiлуiн ұлғайтуды қамтамасыз ететiн дайындау пункттерi мен селолық кооперациялық дайындау өнеркәсiбiнiң тармақталған жүйесiн құру;
тұтынушылар кооперациясы кәсiпорындарында азық-түлiк және өнеркәсiп тауарлары өндiрiсiн ұлғайту, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету пункттерi мен шеберханаларын ұйымдастыру көзделсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi кредит ресурстарын бөлу кезiнде тұтынушылар кооперациясы ұйымдарының село халқына қызмет көрсетудi жақсарту Бағдарламасын орындауға, ауыл шаруашылық өнiмдерi мен шикiзат сатып алуға, сақтау мен ұқсатуға, халық тұтынатын тауарлар өндiрiсiне, сондай-ақ қатынасуы қиын аудандардың тұрғындарын үздiксiз жабдықтау үшiн тұрақты тауар ресурстарын жасауға, маусымдық сұраныс пен мерзiмiнен бұрын жеткiзетiн тауарларды жинауға қажеттiлiгiн ескеретiн болсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазтұтынуодағына жеңiлдiктi жағдайда бюджеттiк несие бөлу мүмкiндiгiн iздестiрсiн.
4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Сауда министрлiгi және Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi тұтынушылар кооперациясы ұйымдарына орталықтандырыла бөлiнетiн халық тұтынатын тауарлардың жалпы көлемiнiң 50 проценттен кем болмайтын мөлшерiн оларды республикада өндiру және орталықтандырыла бөлiнетiн валюталық ресурстарға сатып алу есебiнен бөлудi қарастырсын.
5. Халық тұтынатын тауарлардың бағасын тежеу мақсатында облыстардың әкiмдерi белгiленген тәртiппен тұтынушылар кооперациясының ұйымдары мен кәсiпорындардың жергiлiктi салықтар мен алымдарды төлеуден босату мәселесiн қарап, шешетiн болсын.
6. Тұтынушылар кооперациясының ұйымдары мен кәсiпорындарына "Қазақстан Республикасы тұтынушылар қоғамдары одағының (Қазтұтынуодағы) экспортқа шығаратын тауарларына кеден салығын салу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 2 сәуiрдегi N 254 қаулысында белгiленген экспортқа шығаратын тауарларға салынатын кеден салығының мөлшерi сақталсын.
7. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi жыл сайын тұтынушылар кооперациясының ұйымдары мен кәсiпорындарына өнеркәсiптiң өндiрушi және ұқсатушы салаларының тауар-шикiзат ресурстарын экспорттау лицензияларымен қамтамасыз етiлген квоталар бөлудi қарастырсын, ал Қазтұтынуодағы осының есебiнен ауыл шаруашылық шикiзатын ұқсату жөнiндегi жабдықтар мен технологияларды сатып алып, республикаға әкелiнуiн және село халқы үшiн қажеттi тауарлар шығаратын кәсiпорындар мен цехтар құрылуын қамтамасыз етсiн.
(8 тармақ) <*>
Ескерту. 8-тармағының күшi жойылды - ҚРМК-нің 1994.11.01. N 1219
қаулысымен.
Ескерту. 8-тармақ күшiне ендi - ҚРМК-нiң 1994.12.06 N 1374
қаулысымен.
Ескерту. 8-тармақ қайтадан күшiн жойды - ҚРМК-нiң 1995. 07.18.
N 994 қаулысымен.
9. Тұтынушылар кооперациясының қатысуымен құрылған инвестициялық жекешелендiру қорларына халық тұтынатын тауарлар, тауар өндiрушiлер мен халықтың мұқтажы үшiн жабдықтар мен технологиялар шығаратын кәсiпорындардың акцияларын сатып алуға қатысуға белгiленген тәртiппен құқық берiлсiн.
10. Қазақстан Республикасының еңбек министрлiгi мен Ауыл шаруашылығы министрлiгi, облыстардың әкiмдерi селолық жерлердегi өндiрiстiк әлеует пен еңбек ресурстарын неғұрлым тиiмдi пайдалану мақсатында тұтынушылар кооперациясының органдарымен бiрлесе
отырып қосымша жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнiнде шаралар қолдансын. 11. Облыстар мен аудандардың әкiмдерi селолық жерлердегi тауар өндiрушiлер мен халқына қызмет көрсетудi жақсарту бағдарламасын iске асыру жөнiнде қажеттi шараларды жүзеге асырсын және тұтынушылар кооперациясының жұмысына мемлекеттiк саясаттың басым бағыттарының бiрi деп қарайтын болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi