1. Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң орталық аппараты құрамында Әуе көлiгi департаментi құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақ азаматтық авиация басқармасын қайта құру және "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясын құру туралы" 1993 жылғы 27 тамыздағы N 741 қаулысының 2 тармағына сай, Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясына уақытша жүктелген мемлекеттiк басқару функциясы Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң Әуе көлiгi департаментiне берiлетiн болсын.
3. Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң орталық аппаратының шектi саны 25 адамға көбейтiлсiн. Министр орынбасарының қосымша тағы бiр лауазымын енгiзуге қатысты тармағы. <*>
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 14.03.1994 ж.
N 264 қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң орталық аппаратына бөлiнетiн қызмет автомобильдерiнiң саны 2 автомобильге көбейтiлсiн.
5. Әуе көлiгi департаментiнiң аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру мемлекеттiк бюджетте мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға арналған қаржының есебiнен жүргiзiлетiн болсын.
6. Қазақстан Республикасының көлiк министрлiгi бiр ай мерзiм
iшiнде Әуе көлiгi департаментiнiң құрылымы мен штат кестесiн және ол туралы Ереженi әзiрлеп, бекiтетiн болсын. 7. Мыналардың күшi жойылған деп саналсын: Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы қызметiн басқаруды жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 21 қаңтардағы N 53 қаулысының 3 тармағы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақ азаматтық авиация басқармасының Жарғысын бекiту туралы" 1992 жылғы 2 шiлдедегi N 576 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 27, 414 бап). Қазақстан Республикасының Премьер-министрi