2. Былай деп белгiленсiн:
1994 жылы халыққа мемлекеттiк ресурстардан бөлiнген астықтан өндiрiлетiн нан және нан-тоқаш тағамдары, тары, ұнтақ жарма, пiсiрiлген нан орнына өткiзiлетiн ұн және "Ақ қауырсын" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына, "Асыл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына, "Живпром" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына, Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясына, сондай-ақ халыққа мемлекеттiк ресурстардан босатылатын құрамажем Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген мемлекеттiк реттелетiн бағалармен сатылады;
1994 жылдың 5 қаңтарынан меншiктiң барлық нысандарындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер азық-түлiк тауарлары мен кiр сабынды (осы қаулының 2-тармағының бiрiншi абзацында көрсетiлген өнiмнен басқасын) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Сауда және жабдықтау-өткiзу ұйымдары бойынша сауда үстемелерiнiң мөлшерлерi мен рентабельдiлiктiң шектi деңгейлерi туралы" 1992 жылғы 2 қыркүйектегi N 735 және "Ұлттық валютаны енгiзу жағдайында бағаның өсуiн шектеу жөнiндегi төтенше шаралар туралы" 1993 жылғы 12 қарашадағы N 1121 қаулыларымен бекiтiлген рентабельдiлiктiң шектi деңгейлерiн ескере отырып қойылатын еркiн (нарықты)
бағалармен өткiзедi. Кәсiпорындарда, ұйымдарда және басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде 1994 жылдың 5 қаңтарындағы жағдай бойынша осы тауарлар қалдығын түгендеп, қайта бағалау жүргiзiлсiн және жете бағалаудың сомасы олардың өз айналым қаржысын толықтыруға жiберiледi. (3-тармақ) <*> Ескерту. 3-тармақтың күшi жойылған - ҚРКМ 19 қазан 1994 ж. N 1171 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi