Мүгедектерге мотокүймелер үшiн ақшалай өтемақы төлеу туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 29 қараша 1993 ж. N 1195

Қолданыстағы
      Мүгедектерге оңалтудың жеке бағдарламасында мотокүймелер беру көзделген, бiрақ мемлекеттiк органдар тарапынан берiлмеген немесе мүгедек адам мотокүйменi өз қаражаты есебiнен сатып алған жағдайда оларға мотокүйменiң құны үшiн ақшалай өтемақы төлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Мүгедектерге мотокүймелер үшiн ақшалай өтемақы төлеудiң

қоса берiлiп отырған тәртiбi бекiтiлсiн.
     2. Жергiлiктi әкiмдерге әлеуметтiк қамсыздандыруға бөлiнген 
қаражат шегiнде жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен мүгедектерге
мотокүйме үшiн ақшалай өтемақы төленуiн қамтамасыз ету ұсынылсын.
     3. Осы қаулы 1994 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiлсiн.
     
     Қазақстан Республикасының  
        Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                      1993 жылғы 29 қарашадағы
                                          N 1195 қаулысымен
                                             Бекiтiлген
     
            Мүгедектерге мотокүйме үшiн жыл сайын
                 ақшалай өтемақы төлеудiң
                         Тәртiбi
     


      Мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мотокүймелермен жеңiлдiктi қамтамасыз етiлуге құқы бар, бiрақ оны мемлекеттiк органдардан алмаған әскери қызметiн атқарып жүрген кезiнде мүгедектiкке ұшыраған әскери қызметшiлер қатарындағы мүгедектерге, әрi жалпы аурудан, бала жасынан мүгедек болғандарға мотокүйменiң үстiмiздегi жылдың 1 қаңтарында және 1 шiлдесiнде қалыптасқан бағасының 80 процентiнiң 1/5 бөлiгi мөлшерiнде жыл сайын ақшалай өтемақы төленсiн.
      Жеке бағдарламаға сәйкес мотокүймелермен тегiн қамтамасыз етiлуге құқы бар еңбек жарақатынан және кәсiптiк аурудан мүгедек болғандарға мотокүйменiң үстiмiздегi жылдың 1 қаңтарында және 1 шiлдесiнде қалыптасқан бағасының 1/5 мөлшерiнде жыл сайын ақшалай өтемақы төленсiн.
      Өтемақы тоқсан сайын төленедi. Алғашқы төленетiн өтемақының мөлшерi өтiнiш және медициналық-әлеуметтiк сарап комиссиясының көлiкпен қамтамасыз ету үшiн медициналық айғақтамаларды белгiлеу жөнiндегi куәлендiру актiсiнiң көшiрмесi берiлгеннен бастап жарты жылдықтың аяғына дейiнгi толық айлар санына тепе-тең етiп белгiленедi.
      Пайдалану мерзiмi өтiп кеткен мотокүймесi бар мүгедектерге өтемақы ескi мотокүйменi өткiзгеннен кейiн жанармайға жұмсалған шығын үшiн бұрын берiлген өтемақы ескерiле отырып төленедi.
      Осы аталған шараларды жүргiзуге байланысты шығындар облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының бюджеттерiне әлеуметтiк қамсыздандыруға бөлiнетiн қаражат шегiнде жұмсалсын.
      Еңбек жарақаты және кәсiптiк ауру салдарынан мүгедек болғандарға мотокүйме үшiн ақшалай өтемақы зақым келтiрушi кәсiпорын есебiнен төленедi.