Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi жанындағы Баға комитетiне қосымша қызметкерлер санын бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 қарашадағы N 1191 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Баға комитетiнiң орталық аппаратына төрағаның бiрiншi орынбасарының лауазымы енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Баға комитетiнiң орталық аппараты бiр орынға көбейтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi