Темiржол тарифтерiн ұлттық валютамен қайта есептеу тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 23 қарашадағы N 1173 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасында ұлттық валютаның енгiзiлуiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Мемлекетаралық қатынауда темiржол көлiгiмен жолаушылар мен жүк тасымалдау тарифтерi 1993 жылғы 15 қарашадағы жағдайы бойынша 0,004 коэффициентiне көбейтiлiп, теңгемен қайта есептеледi.
      Қаулы 1993 жылдың 24 қарашасынан күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi