1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi жыл сайын қаңтар-наурыз айларында тiркеу жылында 17 жасқа толған азаматтарды, сондай-ақ бұрын тiркеуден өтпеген, бұл жастан асқан азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркейтiн болсын.
2. Жергiлiктi әкiмдер:
әскери комиссариаттармен бiрлесiп азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеудi қамтамасыз етсiн;
тiркеу жөнiндегi тиiстi комиссияларды құрып, оларға жұмыс iстеу үшiн жабдықталған үй-жайлар беретiн болсын;
тiркеу жөнiндегi комиссияларға қажеттi мөлшерде техникалық қызметкерлер, қызмет көрсететiн адамдар және көлiк бөлсiн.
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес тiркеудi өткiзу кезеңiнде техникалық қызметкерлердiң, қызмет көрсетушi адамдардың еңбегiне ақы және көлiк шығындарын төлеу жергiлiктi бюджеттiң қаржысы есебiнен жасалсын.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi:
тiркеу кезеңiнде жергiлiктi iшкi iстер органдарының әскери комиссариаттармен өзара бiрлесiп iс-қимыл жасауын ұйымдастырып шақыру учаскелерiнде тәртiп пен реттiлiктi қамтамасыз ететiн болсын;
республиканың бүкiл аумағында азаматтардың шақыру учаскелерiне келуiне бақылау жасап, азаматтардың шақырудан жалтару әрекеттерiне жол бермесiн.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi:
тiркеуге жататын азаматтардың медициналық жарамдылығын
анықтау үшiн әскери комиссариаттардың өтiнiмдерi бойынша дәрiгерлер-мамандар бөлiп отырсын; шақыру учаскелерiн қажеттi медикаменттермен, аспаптармен және медициналық мүлiкпен жасақтайтын болсын. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi