Темiр жолмен жүк тасымалдау тарифтерi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 қазандағы N 1059 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

Күшін жойған

      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдауда бiрыңғай тарифтiк саясатын жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң 1993 жылғы 27 қазаннан бастап мемлекетаралық қатынаста жүк тасымалдаудың қолданылып жүрген тарифтерiнiң деңгейiне тарифтi 1,5 есе (қосылған құн салығынсыз) арттыру шектi коэффициентiн белгiлеу туралы Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi жанындағы Баға комитетiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi