Қазақстан Республикасының мерзiмдi әскери қызметке шақырудан кейiнге қалдырылатын әскерге шақыру жасындағы азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 12 қазан 1993 ж. N 1011

Жаңартылған
      "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы"

Қазақстан Республикасының Заңына  

Z939000_

  сәйкес Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     1. Қазақстан Республикасының мерзiмдi әскери қызметке 
шақырудан кейiнге қалдырылатын әскерге шақыру жасындағы 
азаматтарының жекелеген санаттарының осыған қосылған тiзбесi 
бекiтiлсiн. 
     2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi осыған 
қосылған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының 
жекелеген санаттарын мерзiмдi әскери қызметке шақырудан кейiнге
қалдыратын болсын.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы   
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                      1993 жылғы 12 қазандағы
                                          N 1011 қаулысымен
                                           Бекiтiлген
     
            Қазақстан Республикасының әскерге шақыру
           жасындағы, бiрақ әскери қызметке шақырудан
          кейiнге қалдырылатын санаттағы азаматтарының
                             Тiзбесi
     
     1. Кәсiптiк-техникалық мектептердiң және кәсiптiк-техникалық
лицейлердiң оқушылары - оқу кезеңiне, ал осы оқу орындарын жұмысшы 
кәсiбi бойынша тәмамдап, тау-кен өнеркәсiбiнде, жерасты жұмыстарында, 
металлургия өнеркәсiбiнiң ыстық цехтарында, химия, мұнай-химиясы және 
мұнай өңдеу өнеркәсiбiнiң өте зиянды цехтарында iстеп жүрген 
түлектерi - оқуын аяқтағаннан кейiн мынадай мамандықтар бойынша
жұмыс iстеуi үшiн - 1 жылға әскерге шақырудан кейiнге 
қалдырылады:
<*>

            Көмiр өнеркәсiбiнде
     тазарту забойының кен жұмысшысы
     тiк түсетiн қабаттарда шойын балғамен жұмыс iстейтiн забойшы
     жөндеу iсiндегi бекiтушi
     жерасты бұрғылау станогының машинисi
     кен қазып шығаратын машиналардың машинисi
     жерасты электровоздарының машинисi
     проходкашы
     жер астында iстейтiн электрослесарь
     гидромониторшы

            Тау-кен және металлургия өнеркәсiбiнде
     скважина бұрғылаушы
     шурфты бұрғылаушы
     тазарту забойының кен жұмысшысы
     бекiтушi
     тау комбайндарының машинисi
     жүк тиейтiн машиналардың машинисi
     скреперлiк шығырдың машинисi
     жер асты кен жұмысшысы
     электровоз машинисi
     проходкашы
     автоматика және бақылау-өлшеу приборларының слесары
     электр жабдықтарына күтiм жасайтын электр монтерi
     жабдықтарды жөндейтiн кезекшi электр слесары (слесарь)
     жөндеушi слесарь
     қалқан машинисi
     қара металл өндiрiсiнiң бақылаушысы
     металлургия өндiрiсiнiң кран машинисi
     бiр жерге жинайтын машина машинисi
     домна пешiнiң газшысы
     болатты үзбей құйып тұратын қондырғының операторы
     мартен пешiнiң болат қорытушысының көмекшiсi
     электрпешiнiң болат қорытушысының көмекшiсi
     конвертор болат қорытушысының көмекшiсi
     ыстық немесе электр құйма әдiсiнiң қалайышысы
     ыстық прокаткалау станогын басқару постының операторы
     ыстық прокаткалау станогының қақтаушысы
     құбырды ыстық прокаткалау станогының қақтаушысы
     ферроқорытпа балқытушысы
     престеушi
     кокс-химия өндiрiсiнiң аппаратшысы
     кокс пешiнiң газшысы
     тас қалаушы
     шойын құюшы
     балқытушы
     титан және сирек металдар өндiрiсiнiң аппаратшысы

            Мұнай өңдеу, мұнай-химия, химия өнеркәсiбiнде
     химия өндiрiсiнiң кең профильдi аппаратшысы
     компрессор қондырғысының машинисi (насос қондырғысында жұмыс
     iстей алатын)
     үзбей шыны талшығын алатын оператор (тарқату жұмыстарын
     iстей алатын)
     химия талшығын иiрушi
     мұнай-химия өндiрiсiнiң кең профильдi аппаратшысы
     технологиялық қондырғыларды жөндейтiн және күтiм жасайтын
     слесарь
     автоматика және бақылау-өлшеу приборларының слесары
     каландр машинисi
     шина қабын жинаушы
     протекторлы агрегат машинисi
     резина араластырып, балқыту машинисi
     пресшi-вулканизаторшы
     технология қондырғысының операторы
     аппаратура жабдықтарын жөндейтiн слесарь
     ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.09.04.
              N 1085 қаулысымен.  

P961085_

 


      2. Өзен және теңiз флотының, азаматтық авиацияның жұмысшылары мен орта буын мамандарын даярлайтын кәсiптiк-техникалық лицейлердiң және колледждердiң оқушылары - оқу кезеңiне, ал осы оқу орындарын тәмамдаған түлектерi - 1 жылға. <*> <*>
      Ескерту. 2-тармағына өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРМК-нiң
               23.05.1994 ж. N 553 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.09.04.
               N 1085 қаулысымен.
      3. Кәсiптiк-техникалық мектептерi мен кәсiптiк-техникалық лицейлерiнiң тепловоздар мен электровоздар машинисiнiң көмекшi профилi бойынша оқып жатқан оқушылары - оқу кезеңiне, ал осы оқу тәмамдаған орындарын түлектерi - 1 жылға. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.09.04.
               N 1085 қаулысымен.
      4. Спорт колледждерiнiң оқушыларын оқу аяқталғанға дейiн, бiрақ жасы 20-дан аспауы керек. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.09.04.
               N 1085 қаулысымен.
      5. Европа, Азия, Әлемдiк және Олимпиялық ойындарға қатынасу үшiн Қазақстан Республикасының негiзгi және жастар командаларына кандидат болып енгiзiлген 25 жасқа дейiнгi жекелеген әскерге шақырылатын спортшылар.
      6. Толық орта бiлiмi бар, 17 жасқа дейiн жоғары бiлiм жүйесiнде

жұмыс iстейтiн әскерлерде қызмет атқаратын мамандарды даярлайтын 
колледждерге қабылданған әскерге шақырылушылар - оқуын бiтiргенге 
дейiн, бiрақ жасы 20-дан аспауы керек.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.09.04.
              N 1085 қаулысымен.
     7. СССР-дiң 60 жылдығы атындағы Маңғышлақ энергетика комбинатында
жұмыс iстейтiн әскери қызметке шақырылған азаматтар осындағы жұмыс
iстеу кезеңiнде мынадай мамандықтар бойынша:
     аккумуляторшы (барлық атаудағы)
     аппаратшы, аға аппаратшы (барлық атаудағы)
     ақау бақылаушы (барлық атаудағы)
     мөлшер өлшеушi (барлық атаудағы)
     айырушы (барлық атаудағы)
     баллондар сынақшысы
     газ кесушi
     газ-электр пiсiрушi
     кабельшi-дәнекерлеушi
     кварц үрлеушi
     лаборант, аға лаборант (барлық атаудағы)
     машинист, аға машинист (барлық атаудағы)
     металдандырушы
     оператор, аға оператор (барлық атаудағы)
     әйнек үрлеушi
     жылу берушi
     электр-газ пiсiрушi (барлық атаудағы)
     электр механигi (барлық атаудағы)
     электр монтерi (барлық атаудағы)
     электр слесары (барлық атаудағы) 
     электрмен ерiтiп құюшы 
<*>

     участке бастығы
<*>

     ауысым бастығы (ауысым бастығының көмекшiсi)
<*>

     бөлiм бастығы (бөлiм бастығының орынбасары)
<*>

     бөлiмше бастығы(бөлiмше бастығының орынбасары)
<*>

     лаборатория бастығы (лаборатория бастығының орынбасары)
<*>

     бюро бастығы
<*>

     ауысымның аға бастығы
<*>

     мастер (аға мастер, мастердiң көмекшiсi)
<*>

     жетекшi маман 
<*>

     инженер (аға инженер) 
<*>
 
     механик
<*>

     технолог
<*>

     энергетик
<*>

     техник (аға техник)
<*>

     энергетика диспетчерi (аға энергетика диспетчерi)
<*>
 
     токарь (негiзгi өндiрiстiң)
<*>

     слесарь (негiзгi өндiрiстiң)
<*>

     Ескерту. Қаулы 7 пунктiмен толықтырылды - (Қаз.Рес.Каб.Мин.
              1994 ж. N 1032, 19 қыркүйек. 
     Ескерту. 7-шi тармақ толықтырылды - ҚРМК-нiң 1995.07.24.
              N 1017 қаулысымен. 
     8. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында жұмыс
iстейтiн әскерге шақырылатын азаматтар - онда мамандық бойынша жұмыс
iстеген кезеңге:
     реакторды пайдалану мен сынақтар қызметiнiң инженерi
     сынақ бөлiмiнiң инженерi           
     технологиялық бақылау қызметiнiң инженерi
     радиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң инженерi
     сынақ бөлiмiнiң инженерi 
     реактордың технологиялық жүйелерi және эксперименттiк
қондырғылар қызметiнiң инженерi
     электржылуэнергетика қызметiнiң инженерi
<*>

     Ескерту. Тiзбе 8-шi тармақпен толықтырылды - ҚРМК-нiң
              1995.07.24. N 1017 қаулысымен.
     9. "Үлбі металлургия зауыты" ашық тұрпатты акционерлік қоғамында 
жұмыс істейтін шақырылушылар мына мамандықтар бойынша:
<*>

     аппаратшы (барлық атаудағы);
     зертханашы (барлық атаудағы);
     бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика слесарі(реттеуші); 
     жөндеуші-слесарь; 
     токарь (жұмыстың барлық түрінің);
     электр монтері;
     зерттеуші-инженер;
     технолог-инженер;
     физик-инженер;
     химик-инженер;
     бағдарламашы-инженер;
     электрик-инженер;
     технологиялық процесті басқару автоматтандырылған жүйесінің инженері;
     топ жетекшісі;
     шебер (аға шебер);
     Ескерту. Тiзбе 9-шы тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің            
              2001.01.06. N 9 қаулысымен.  

P010009_

 
     10. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік 
қоғамының филиалдарында жұмыс істейтін әскерге шақырылатындар - оларда:
     аппаратшы (барлық атаудағы);
     оператор (барлық атаудағы);
     машинист (барлық атаудағы);
     бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика бойынша слесарь;
     слесарь-жөндеуші;
     каротажды станциялар моторшысы;
     геофизикалық аппаратура реттеушісі;
     электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр монтері;
     жабдық жөндеу жөніндегі электр слесары;
     электргаз дәнекерлеушісі;
     механик;
     электр механигі;
     технолог;
     геотехнолог;
     инженер-механик;
     инженер-геолог;
     инженер-гидрогеолог;
     инженер-геофизик мамандығы бойынша жұмыс істейтін кезеңге.
<*>

     11. Репатрианттар (оралмандар) арасынан Қазақстан Республикасының 
шақырылу жасындағы азаматтары Қазақстан Республикасының аумағына келгеннен 
кейін үш жыл бойы. 
<*>

     Ескерту. Тiзбе 10-шы тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің           
              2001.05.15. N 642 қаулысымен.  

P010642_

 
     Ескерту. Тiзбе 11-шы тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің           
              2001.06.30. N 896 қаулысымен.  

P010896_