Қазақстан Республикасының "Тұтынушылар құқын қорғау туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Қараңыз.Z100274
1. Қазақстан Республикасының осы тауарларды өткiзетiн бөлшек сауда кәсiпорындарында алмастыруға жатпайтын азық-түлiк емес тауарлардың тiзбесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Алтын қапты сағаттан ақау табылған жағдайда айырбасталғантетiкке жаңа паспортты қоса бере отырып сағаттың тетiгi ғана алмастыруға жататын болып;
сатылып алынғаннан кейiн екi күннен кешiктiрмей қайтарылатын,комиссияға қабылданған кезде ақауы байқалмаған жаңа заттардан басқа комиссиялық дүкеннен алынған тауарлар алмастыруға жатпайтын болып белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 29 қыркүйектегi
N 960 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасының бөлшек сауда
кәсiпорындарында алмастыруға жатпайтын азық-түлiк
емес тауарлардың
Тiзбесi
Алтыннан, платина және күмiстен жасалған бұйымдар
Шұлық-ұйық бұйымдары
Төсектiк жаймалар
Iш киiмдер
Парфюмерлік-косметикалық тауарлар