Шаруа қожалықтарын одан әрi дамыту мен қолдау жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 9 қыркүйек 1993 ж. N 857. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.03.19. N 331 қаулысымен. ~P020331

Күшін жойған
      Шаруа қожалықтарын нығайту мен дамытуға, олардың жұмысының тиiмдiлiгiн арттыруға ерекше маңыз бере отырып, Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Агроөнеркәсiп кешенiнiң мемлекеттiк ауыл шаруашылық, дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетушi кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1137 U931137_ Жарлығына сәйкес және 1993 жылғы 23 сәуiрде өткен шаруа қожалықтары өкiлдерiнiң республикалық кеңесiнде iс жағдайын талқылауды ескере келiп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қаулы етедi:
      1. Облыстардың әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қабылданған заңдарға қатаң сәйкес шаруа қожалықтарын дамыту мен нығайтуға ұдайы жәрдемдесiп отырсын.
      2. Жергiлiктi әкiмдер ауыл шаруашылығының және мемлекеттiк өкiмет пен басқарудың басқа да органдарымен бiрге, ғалымдар мен шаруа қожалықтары ассоциацияларының өкiлдерiн тарта отырып, әрбiр облыс пен ауданның ерекшелiгiн ескере келiп, шаруа қожалықтарын дамыту мен қолдаудың аймақтық бағдарламаларын екi ай мерзiм iшiнде жасап, бекiтсiн. Бұл ретте шаруа қожалықтарының жер учаскелерiн ұтымды да жинақы қалыптастыру, қолда бар әлеуметтiк сала, сервистiк қызмет көрсету, өнiмдердi ұқсату мен өткiзу объектiлерiн дамыту мен пайдалану мәселелерiне ерекше назар аударылсын.
      3. Әкiмдерге шаруа қожалықтарын қолдау мен дамыту үшiн, сондай-ақ шаруаларға бөлiнген жерлерге жол жүйесiн, электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және байланыс құралдарын орналастыру үшiн жергiлiктi бюджеттерден қосымша қаражат көздеу ұсынылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Агро" шаруа қожалықтары ассоциациясының қатысуымен:
      ақшаның құнсыздануын, энергия көздерiнiң, өнеркәсiп өнiмдерiнiң қымбаттауы мен көрсетiлетiн қызмет тарифiнiң өсуiн ескерiп бюджет жобаларында жыл сайын шаруа қожалықтарын дамытуға қаражат бөлiнуiн көздесiн;
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне шаруа қожалықтарына салық салуда қосымша жеңiлдiктер беру жөнiндегi заңдардың кейбiр ережелерiне өзгерiстер енгiзудi және олар үшiн кредит ресурстарын жеке бөлiп қарайтын ұсыныстар енгiзсiн.
      5. Шаруа қожалықтарын дамыту мен қолдауға бюджеттен бөлiнген қаражатты үлестiрудi республикалық "Агро" ассоциациясы жүзеге асырады деп белгiленсiн. Олардың нысаналы пайдалануына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен "Агро" шаруа қожалықтары ассоциациясына жүктелсiн.
      6. <*>
      Ескерту. 6-тармақ алынып тасталған - ҚРМК-нiң 1995.06.09.
               N 809 қаулысымен.
      7. Шаруа қожалықтарының Республикалық кеңесiне қатысушылардың "Қазақстан фермерi" қоры мен шаруа банкiн құру жөнiндегi ұсынысына қолдау бiлдiрiлсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне, Республикалық "Қазагроөнеркәсiптехника" бiрлестiгiне мемлекеттiк агрохимиялық, агрономдық және мал дәрiгерлiк қызметтер жүйесi бойынша техниканы жалға беру пункттерiн, дүкендер, машина-трактор стансаларын (шағын МТС) және басқа да қызмет көрсету кәсiпорындарын құру жүктелсiн.
      9. "Агро" шаруа қожалықтары ассоциациясына Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясымен, басқа да министрлiктермен және ведомстволармен бiрге;
       шаруа қожалықтары, олардың ассоциациялары мен одақтары үшiн кадрлар даярлауды үйлестiру мен оған ғылыми-әдiстемелiк басшылық жасауды;
      селолық кәсiптiк-техникалық училищелердiң, техникумдардың, жоғары оқу орындарының негiзiнде фермерлердi даярлау мен қайта даярлау жөнiндегi мектептер мен курстар ұйымдастыруды;
      прогрессивтi технологиялар мен ғылыми талдамаларды қолдану жөнiндегi эксперименттiк шаруа қожалықтарын құру мен ұйымдастыруды;
      республика және шет елдерде ауылшаруашылық өндiрiсi мен фермерлiк шаруашылықты жүргiзудiң озық тәжiрибесiн насихаттау мен үздiксiз зерделеудi;
      фермерлiк шаруашылықтарды жүргiзу жөнiндегi тәжiрибесiн ортаға салу үшiн шетелдiк сарапшылар мен фермерлердi тартуды, сондай-ақ республиканың шаруа қожалықтары мүшелерiнiң басқа елдердiң фермерлерiнде тағлымдамадан өткiзiлуiн ұйымдастыруды жүзеге асыру ұсынылсын.
      10. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Жер қатынасы және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, "Агро" шаруа қожалықтары ассоциациясы шаруалар қозғалысының озық тәжiрибесi мен проблемаларын бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы жариялап отыруды ұйымдастырсын.
      11. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмдерiне, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне және "Агро"шаруа қожалықтары ассоциациясына жүктелсiн.

         Қазақстан Республикасының
           Премьер-министрi