"Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 сәуiрдегi N 2087-XII Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен экономика министрлiгi, жергiлiктi әкiмдер:
шет елдердiң сақтандыру ұйымдарының, сондай-ақ құрылтайшыларының (қатысушылардың) құрамында шет ел кәсiпорындары, шетелдiк қатысатын заңды ұйымдар және шетелдiк азаматтар оның iшiнде жақын шетелдiктер де бар сақтандыру кәсiпорындарының филиалдарын, өкiлдiктерiн, агенттiктерi мен басқа да құрылымдық бөлiмшелерiн тiркеудi тоқтатсын;
тiркелiп қойылған сақтандыру кәсiпорындарын тексерсiн және оларға өз құрылтайшыларының (қатысушыларының) құрамын үш айлық мерзiмде Қазақстан Республикасының аталған Заңының талаптарына сәйкестендiрудi мiндеттейтiн болсын.
2. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн министрлiктер, ведомстволар, қауымдастықтар, барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметiмен шұғылданатын шет ел азаматтарымен, шетелдiк заңды ұйымдармен және шетелдiк қатысатын бiрлескен кәсiпорындармен сақтандыру жөнiнде бұрын жасалған шарттарды 1994 жылдың 1 қаңтарына дейiн қайта қарауды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi бiр айлық мерзiмде шет ел инвесторларымен контракттарды тiркеу туралы ереженi әзiрлеп, онда Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген және жұмыс iстейтiн шет елдiң заңды ұйымдарының немесе шетелдiк қатысатын заңды ұйымдардың мiндеттерi көрсетiлмеген болса, аталған контракттардың тiркеуге, Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының сақтандыру кәсiпорындарымен сақтандыру, шарттарын жасасуға жатпайтынын көздейтiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi