Шығыс Қазақстан облысындағы жер сiлкiнiсiнен зардап шеккен экологиялық апат аймақтары мен аудандарда руда базалары мен құрылыс объектiлерiн дамыту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 31 тамыз 1993 ж. N 762

Қолданыстағы
      Түстi металлургия кәсiпорындарының шикiзат базасын дамыту және жұмыстардың экономикалық тиiмдiлiгiн арттыру, Шығыс Қазақстан облысының құрылыс материалдарына деген қажеттiлiгiн толық қанағаттандыру, сондай-ақ аймақта экологиялық және әлеуметтiк жағдайды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының өз қаражаттарының және шетел кредиттерiн тарту есебiнен Шығыс Қазақстан облысында жер сiлкiнiсiнен зардап шеккен экологиялық апат аймақтары мен аудандарда рудалық базаның құрылысы, құрылыс индустриясы және денсаулық сақтау жөнiндегi инициативасы N 1 қосымшаға сәйкес мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi валюта кредитiн рәсiмдеу жөнiндегi құжаттарды сараптаудан өткiзсiн. 150 млн. АҚШ доллары сомасына кредиттiк келiсiм бойынша өкiмет кепiлдiгiн рәсiмдеу үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бiр ай мерзiмде кредиттi алу және мерзiмiнде өтеу шарттары жөнiнде қорытынды тапсырсын.
      "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне шетел кредиттерiн өтеу жөнiнде тиiстi кепiлдiк тапсырсын.
      3. "Қазақстан Республикасының Уақытша импорттық кеден тарифi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 28 қарашадағы N 1000 Жарлығының 7-тармағы негiзiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ұсынуы бойынша осы қаулыға қоса берiлген N 1 қосымшада көрсетiлгендей құрылыс объектiлерiн қамтамасыз ету үшiн импорттық материалдарға, жабдықтарға, құрылыс техникаларына кедендiк баж салығын жоюға рұқсат етiлсiн.
      4. "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамына N 2 қосымшаға сәйкес көлемде осы құрылыстардағы құрылысты қаржыландыру мен кредиттердi өтеудi қамтамасыз ететiн баспабас операцияларды iске асыру үшiн қажеттi түстi металдарға жыл сайын экспортқа шығару квотасы тағайындалсын.
      Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi белгiленген квоталарға сәйкес "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамына мiндеттi түрде Министрлiк жанындағы арнайы сыртқы сауда компаниясы арқылы тауар өнiмдерiн сатуға баспабас лицензиясы берiлсiн.
      (5-тармақ) <*> .
      Ескерту. 5-тармақ күшiн жойыды - ҚРМК-нiң 1994.08.15. N 904
               қаулысымен.
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi және Қаржы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының түстi металдардың экспортынан алынған жеңiлдiктi валюталық қаржылардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын. Объектiлердi қаржыландыруға және

мақсатты кредиттердi өтеуге бағытталған, жылдық өтемдер кестесiнен
тыс сомадан құралатын өнiмдердi сатудан түскен валюта түсiмдерiнен 
кедендiк баж салығы алынады және белгiленген тәртiп бойынша 
мiндеттi түрде сатылуға жатады. 
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң   
                                       1993 жылғы 31 тамыздағы
                                            N 762 қаулысына 
                                             N 1 қосымша
     
            Шығыс Қазақстан облысындағы руда базаларының,
             құрылыс индустриясы және денсаулық сақтау
                         объектiлерiнiң
                           Тiзбесi
                             (Кесте)
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 31 тамыздағы
                                            N 762 қаулысына
                                             N 2 қосымша
     
            Баспабас негiзде сату үшiн "Өскемен қорғасын-мырыш
               комбинаты" акционерлiк қоғамына бөлiнетiн
                         түстi металдардың
                    Экспорттық квоталық көлемi
                             (Кесте)