Қазақстан Республикасының "Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен салаларына кредит беру және мемлекеттiк шараларды қаржыландыру туралы" Заңын күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысын жүзеге асыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 13 тамыз 1993 ж. N 697

Қолданыстағы
       "Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен салаларына кредит беру және мемлекеттiк шараларды қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 12 сәуiрдегi N 2116-XII қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi ұсынған, Қаржы министрлiгiмен және Экономика министрлiгiмен келiсiлген Өсiмдiктердiң жаппай зиянкестерiнiң, ауруларының және жануарлардың аса хауiптi жұқпалы ауруларының Тiзбесi, оларды жою жөнiндегi мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен қаржыландырылатын шаралар бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң және Ұлттық банкiнiң 1993 жылы, меншiк нысандарына қарамастан, ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерiне қосымшаға сәйкес тәртiппен жеңiлдiк қысқа мерзiмдi кредит берудiң тиiмдiлiгi туралы ұсынысы қабылдансын.
      Осыған байланысты үстiмiздегi жылы "Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен салаларына кредит беру және мемлекеттiк шараларды қаржыландыру туралы" Заңда көзделген кредит шарттары қолданылатын аграрлық-өнеркәсiптiк кешенi кәсiпорындарының тiзбесi белгiленбесiн.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1994 жылға

арналған бюджеттi қалыптастыру кезiнде Ұлттық банкпен және 
Экономика министрлiгiмен келiсу бойынша:
     жеңiлдiк жағдайлармен қысқа мерзiмдi кредит берiлетiн
аграрлық-өнеркәсiптiк кешенi кәсiпорындарының тiзбесi жөнiндегi
ұсыныстарды қарап, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне
енгiзсiн;
     энергия көздерi, техника және материалдық-техникалық құралдар
бағаларының өсуiне байланысты мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн 
берiлетiн ауыл шаруашылығы өнiмiнiң қымбаттауына жұмсалатын
шығындарды өтеу жөнiнде қаражат көздейтiн болсын.
            Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 13 тамыздағы
                                           N 697 қаулысымен
                                            Бекiтiлген
     
            Жаппай зиянкестердiң, өсiмдiктер кеселдерiнiң және 
          малдың аса қауiптi жұқпалы ауруларының тiзбесi, оларды
               жою жөнiндегi мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен 
                        қаржыландырылатын шаралар
     


      1. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң аурулары мен зиянкестерi: шегiртке (азиялық, марокколық және прус), комстока құрты, тұт-жаукөбелегi, тасбақа-қандала, саршұнақтар, тышқан тәрiздес кемiргiштер, колорад қоңызы, калифорниялық бiте, ақегiн көбелегi, тат кеселi, дән септориозы, жүзiм филлоксерасы, жабайы өскен сора және басқа оңашаландыратын зиянкестер.
      2. Малдың аса қауiптi жұқпалы аурулары:
      бiрнеше түлiкке ортақ аурулар - құтырыну, бруцеллез, Ауески ауруы, кампилобактериоз, лейкоз, лептоспироз, листериоз, пастереллез, сальмонеллез, топалаң (терiнi Асколи реакциясымен тексеруден басқа), трихинеллез, туберкулез, аусыл, эхинококкоз, Қуқызбасы, токсоплазмоз;
      iрi қара мал аурулары - жұқпалы ринотрахеит, псороптоз, парагрипп, оба, қарасан, анаплазмоз, бабезиоз, қатерлi қабыну қызбасы, пироплазмоз;
      қой-ешкi аурулары - ақ топалаң, iшқұрт ауруы, жұқпалы ен қосалқысының қабынуы (қошқарларда), күлдiреуiктi терiнiң қабынуы (Эктима), шешек, баяу инфекциялар (скрепи, мэдивисна), псороптоз, хламидиоз, жұқпалы буын қабынуы (ешкi энцефалитi), аденоматоз;
      жылқы аурулары - африка обасы, жұқпалы анемия, энцефаломиелит, сақау, маңқа, қылаудан iш тастау, қарақаптал, мандам (бластомикоз), тұмау, жұғымтал метрит, пироплазмоз;
      түйе аурулары - су-ауру, мандам, оба;
      шошқа аурулары - африка обасы, Тешен ауруы, жұқпалы атрофиялық ринит, кәдiмгi оба, тiлме, трихинеллез;
      құс аурулары - Гамбора ауруы, Марек ауруы, Ньюкасли ауруы, пуллороз-сүзек, үйрек балапанының жұқпалы гепатитi;
      қымбат терiлi аңдар мен үй қояндарының аурулары - күзеннiң алеут ауруы, үй қоянының қан шыпшу ауруы, күзеннiң жұқпалы энцефалопатиясы, туляремия;
      ит пен мысық аурулары - құтыру;
      балық аурулары - дифиллоботриоз, описторхоз.
      Ескерту. Мал дәрiгерлiк қызметтiң тиiстi ұйымдары мен мекемелерiнiң қызмет аймағында орналасқан барлық колхоздарда, шаруашылықаралық кәсiпорындарда, совхоздарда, ауыл шаруашылық кооперативтерiнде, шаруа (фермер) шаруашылықтарында және басқа кәсiпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде және азаматтар шаруашылықтарында жануарлардың жұқпалы ауруларының алдын алу, олардың таралуына жол бермеу мен жою жөнiнде мемлекеттiк мал дәрiгерлiк жүйесi ұйымдары мен мекемелерi жүргiзетiн шаралар (iндетке қарсы шаралар) мемлекеттiк есебiнен қаржыландырылады.
      Бұл ретте барлық мал түлiктерiн емдеуге жұмсалатын шығындар (жұқпалы аурулардың алдын алуға, олардың таралуына жол бермеу мен жоюға байланысты шығындардан басқасы), сондай-ақ жоспарлы профилактикалық (мал дәрiгерлiк-санитарлық) шаралар - үйлердi тазалау мен дәрiлеу, шыбындарды, кенелердi, тышқан тектес кемiргiштердi қыру, шiркеймен күрес, белгiлi бiр жердi кенеге қарсы өңдеу, жануарлардың салмағы мен тұқымдылығын арттыру үшiн антибиотиктер мен биогендi стимуляторларды қолдану шаруашылықтар қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                        1993 жылғы 13 тамыздағы
                                            N 697 қаулысына
                                             Қосымша

             Ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерiне
          жеңiлдiк жағдаймен қысқа мерзiмдi кредит берудiң
                              Тәртiбi

      Меншiк нысандарына қарамастан ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерiне 1993 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi өндiрiстiк шығындарға мемлекеттiк қаржы ресурстарының (Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң орталықтандырылған кредит ресурстарының) есебiнен берiлетiн қысқа мерзiмдi кредит үшiн проценттер төлеу жөнiндегi шығыстарды өтеуде.
      Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша орталықтандырылған кредит ресурстарының бөлiнетiн жерлерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiне көрсетiп бередi, ол белгiленген есептi проценттiк ставкасына қарай бұларды банкiлерге жеткiзедi. Банкiлер осы мақсаттарға алынған кредит ресурстарының шегiнде кредиттiк келiсiмде айқындалған ставка бойынша, бiрақ белгiленген есептi проценттiк ставкадан аспайтындай 2 өлшем мөлшерiндегi айырманы қоса отырып, меншiк нысандарына қарамастан, ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерiне кредит бередi.
      Колхоздарға, совхоздарға, ұжымдық және шаруа шаруашылықтарына, акционерлiк қоғамдарға, шаруашылық серiктестiктерiне және ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрумен айналысатын барлық меншiк нысанындағы басқа да тауар өндiрушiлерге, қайтару мерзiмi өтiп кеткен және қайтару мерзiмi ұзартылған несиелер бойынша шығындарды қоспағанда, қысқа мерзiмдi кредиттi пайдаланғаны үшiн проценттер төлеу жөнiндегi шығындардың бiр бөлiгi бюджет қаражаты есебiнен өтеледi.
      Аталған шығындар кәсiпорындардың осы кредит бойынша айлық орташа берешегi туралы деректердiң негiзiнде осы мақсатқа республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде өтеледi. Өтеудiң нақты мөлшерiн жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң келiсiмi бойынша Қаржы министрлiгi мен Ауыл шаруашылығы министрлiгi белгiлейдi.
      Кредиттi пайдаланғаны үшiн проценттер төлеу жөнiндегi шығындардың өтемақысын алу үшiн аудандық ауыл шаруашылығын басқару органдары ай аяқталған соң 5 күннен кешiктiрмей аудандық қаржы бөлiмдерiне және облыстық ауыл шаруашылығын басқару органына қызмет көрсететiн банкiлердi жеке-жеке көрсетiп, қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы мақсатқа қаражат қажеттiлiгiнiң есеп-қисабын түсiредi.
      Аудандық қаржы бөлiмдерi үш күн iшiнде есеп-қисаптың деректерiн тексерiп, облыстық қаржы басқармаларына көрсетiлген нысан бойынша өтемақы алудың тiзiлiмiн түсiредi.
      Облыстық қаржы басқармалары есептi айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн облыстық ауыл шаруашылығын басқару органдарымен келiсiм бойынша республиканың Қаржы министрлiгiне өткен айда кредит үшiн проценттер төлеу жөнiндегi шығындардың өтемақыларының сомалары туралы деректердi көрсетiлген нысан бойынша хабарлап, облыс бойынша қорытынды деректердi ғана көрсетедi.
      Республиканың Қаржы министрлiгi ай сайын 25-iнен кешiктiрмей өзара есеп айырысулар жөнiндегi облыстық қаржы басқармаларына селолық тауар өндiрушiлерге өтемақы төлеу үшiн бюджеттiк қаражат бөледi. Облыстық қаржы басқармалары осы сомаларды аудандық қаржы бөлiмдерiмен өзара есеп айырысуға жатқызып, кейiннен қаражатты тауар өндiрушiлердiң есеп шоттарына аударады. Бұл шығындар "Кредит пайдаланғаны үшiн проценттер төлеу жөнiндегi ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң шығындарын өтеу" деген 100-бөлiмi, 82-тарауы, 32-бабы, 7-параграфы бойынша көрсетiледi.
      Мемлекеттiк қаржы ресурстарының есебiнен бөлiнген қысқа мерзiмдi кредит сомалары есеп-қисапта:
      банк мекемелерi - республиканың Ұлттық банкi белгiлеген шифр бойынша;
      ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерi - "Мемлекеттiк қаржы ресурстары есебiнен берiлетiн кредиттер" деген қосымша шоты "Банкiлердiң қысқа мерзiмдi кредиттерi" деген 90-шотта жеке көрсетiледi.
      Ауыл шаруашылығы және қаржы органдары аталған шығындарды өтеудiң дұрыс-бұрыстығына және дер кезiнде өтелуiне бақылау жасайды. Тексеру кезiнде анықталған артық төленген өтемақы сомалары он күн iшiнде ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiсiнiң есеп шотынан республикалық бюджетке "Бюджет шығындарын өтеу" деген 9-бөлiмге қайтарылуға тиiс, банкiнiң есеп беру символы 17.
      Кредит үшiн проценттер төлеу жөнiндегi шығындарды өтеуге

қаражаттың келiп түсуiн ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерi 
"Есеп шоты" деген 51-шоттың дебетi бойынша "Нысаналы қаржыландыру
мен түсiмдер" деген 96-шотпен корреспонденцияда жеке қосымша шотта 
көрсетiледi. Жыл iшiнде өтемақы сомалары 96- шоттың дебетiнен
"Пайдалар мен залалдар" деген 80-шоттың кредитiне жазылады. 
                                       
                                       ҚОСЫМША
                                         Нысан   
            Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне өндiрiске
            жұмсауға берiлген қысқа мерзiмдi кредиттер үшiн
            проценттер төлеу жөнiндегi шығындар өтемақысының
                    1993 жылдың ____________________________
                                       айындағы
                           есеп-қисабы
                             (Кесте)