Энергия көздерiнiң мемлекеттiк реттелетiн бағасы туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 5 тамыз 1993 ж., N 678

Қолданыстағы
      Республикаға Ресей Федерациясынан және Орта Азия мемлекеттерiнен импорттайтын энергия көздерiнiң (мұнайдың, мұнай өнiмдерiнiң, табиғи және сұйытылған газдың, электр энергиясының) бағасы одан әрi өсуiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Мұнайдың 1 тоннасына франко-бас резервуар, көлiк кәсiпорынына тапсыру-қабылдау пунктiнiң айдау стансасы шарттарымен 28000 сом мөлшерiнде өнеркәсiптiң мемлекеттiк реттелетiн көтерме сауда бағасы (қосылған құн салығынсыз) енгiзiлсiн.
      Мұнай өндiретiн бiрлестiктер республиканың мұнай өңдеу кәсiпорындарына мұнай берiп тұру кезiнде бағаны реттеу қорына өнеркәсiптiң көтерме сауда бағасы (бiр тоннасына 28000 сом) мен өзiндiк құнға рентабельдiлiктiң 50 процент шектi деңгейiмен кәсiпорынның көтерме сауда бағасы арасындағы айырманы аударады деп белгiленсiн.
      2. Кәсiпорынның мұнай өнiмдерiнiң (бензин, дизель отыны, мазут пештiк отын, керосин) бағасы шикi мұнайдың құны мен өзiндiк құнға шаққанда рентабельдiлiктiң 20 процент шектi деңгейiн қоса оны өңдеу жөнiндегi шығындарға орайластыра белгiленсiн.
      3. Қазақ мемлекеттiк "Қазмұнайөнiм" концернi мұнай өнiмдерiн Ресей Федерациясынан әкелiнетiндерiн есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Баға комитетiмен бiрлесiп белгiленетiн кәсiпорындардың бағасына айналым шығындарына шаққанда рентабельдiлiктiң 20 процент шектi деңгейiмен жабдықтау-өткiзу үстемесi мен қосылған құн салығын қоса, қалыптасып отырған бiрыңғай (франко-бағыт шартымен) орташа теңестiрiлген өнеркәсiптiң бағасымен өткiзудi жүзеге асырсын.
      (2-абзац) <*> .
      Ескерту. 3-тармақтағы 2 абзацтың күшi жойылған - Қ.Р.К.М.
               N 1224, 4 қараша 1994 ж. қаулысымен. P941224_
      4. Республиканың мұнай өңдеу зауыттарында өндiрiлген, сондай-ақ Республикалық "Қазконтракт" контракт корпорациясы арқылы Ресей Федерациясымен және басқа мемлекеттермен Тәуелсiз Мемлекеттiк Достастығының мүшелерiмен клиринг бойынша сатып алынған мұнайды өткiзу 1993 жылғы 1 қыркүйектен бастап "Қазмұнайөнiм" концернiнiң кәсiпорындары арқылы ғана жүзеге асырылатын болып белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi "Қазмұнайөнiм" концернiмен бiрлесiп, мүдделi министрлiктердiң, ведомстволардың қатысуымен екi апталық мерзiмде республика аумағында мұнай өнiмдерiн өткiзудiң тәртiбi туралы Ереженi әзiрлеп, бекiтсiн.
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне, Экономика министрлiгi жанындағы Баға комитетiне, Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi мен оның жергiлiктi жерлердегi органдарына, жергiлiктi әкiмдерге республика аумағында мұнай өнiмдерiн өткiзу жөнiндегi тәртiптiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру тапсырылсын.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бағаны реттеу қорына төлем аударылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Баға комитетi үш күндiк мерзiмде электр және жылу қуаттарының жаңа тарифтерiн бекiтсiн.
      7. "Қазақгаз" ұлттық газ компаниясы Қазақ мемлекеттiк "Қазақгаздандыру" концернiне босататын табиғи газдың бiр мың текшеметрi үшiн өнеркәсiптiң орташа көтерме сауда бағасы 44900 сом және Маңғыстау энергия комбинатына 26750 сом (қосылған құн салығынсыз) мөлшерiнде белгiленсiн.
      8. Табиғи газды Қазақ мемлекеттiк "Қазақгаздандыру" концернi 1 мың текшеметрiн 50410 сомнан (қосылған құн салығынсыз), барлық тұтынушыларға, оның iшiнде ұжымшарлар мен кеңшарларға босатады. Халыққа өткiзу үшiн ұжымшарлар мен кеңшарларға табиғи газдың 1 мың текшеметрi көтерме сауда бойынша 11250 сомнан (қосылған құн салығынсыз) босатылады.
      9. Қазақ газ өңдеу зауытының бензинсiздендiрiлген құрғақ газының Маңғыстау энергия комбинатына босатуға арналған көтерме сауда бағасы 1 мың текшеметрi үшiн 7200 сом мөлшерiнде (қосылған құн салығынсыз) белгiленсiн.
      "Маңғыстаумұнайгаз" өндiрiс бiрлестiгiне бағаны реттеу қорына аударылуға жататын төлем мөлшерiн кәсiпорындардың көтерме сауда бағасы мен бензинсiздендiрiлген құрғақ газды босату бағасы арасындағы айырма сомаға азайтуға рұқсат етiлсiн.
      10. Сұйытылған газдың көтерме сауда бағасы 1 тоннасына 9400 сом мөлшерiнде (қосылған құн салығынсыз) белгiленсiн.
      Республиканың мұнай өңдейтiн кәсiпорындары сұйытылған газ өндiруге байланысты қосымша шығындарды мұнай өнiмдерiнiң өзiндiк құнына жатқызсын.
      Қазақ газ өңдеу зауытына сұйытылған газға кәсiпорынның көтерме сауда бағасы мен босату бағасы арасындағы айырманы "Маңғыстаумұнайгаз" өндiрiс бiрлестiгi бағаны реттеу қорына аударатын қаражат есебiнен жабуға рұқсат етiлсiн.
      11. ТМД елдерiне мұнай, табиғи газ және өңделген мұнай өнiмдерiн берiп тұру екi жақты (көп жақты) үкiметаралық келiсiмдерде көзделген шарттар негiзiнде сыртқы сауда бағасы бойынша жүзеге асырылады деп белгiленсiн. Бұл ретте белгiленген қосылған құн салығы сыртқы сауда бағасынан тыс алынады.
      Бұл энергия ресурстарын берiп тұру шарттары туралы келiсiм болмаған жағдайда, оларды өткiзу энергия ресурстарының орташа әлемдiк бағасына қарай анықталған сыртқы сауда бағасы бойынша берiлiм алдындағы айдың 15-iнде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсi белгiлеген курс бойынша сомға немесе ұлттық валюталарға қайта есептелiп жүргiзiледi.
      12. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономминi жанындағы Баға комитетiн, Энергетика және отын ресурстары министрлiгiн қатыстыра отырып, тұтыну қасиеттерiн және осы өнiмнiң бағасы туралы ресми жарияланған шет ел ақпаратын есепке алып, энергия ресурстарының нақты түрiне орташа әлемдiк бағаны ай сайын нақтылап отыратын болсын.
      Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi энергия ресурстарының орташа әлемдiк бағасы туралы ақпаратты қарамағындағы кәсiпорындар мен ұйымдарға жедел, ал басқа кәсiпорындар мен ұйымдарға олардың сұрау салуы бойынша хабарлап отырсын.
      13. Қолданылып жүрген көтерме және бөлшек сауда бағаларына (тарифтерге) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Энергия көздерiнiң бағасын мемлекеттiк реттеу және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге тарифтердiң қымбаттауына байланысты халықты әлеуметтiк қолдау туралы" 1993 жылғы 28 қаңтардағы N 68 қаулысының 12-тармағына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ 1993 ж., N 2, 29-бап), сәйкес белгiленген шектi арттыру коэффициентi осы қаулыға N 1 және N 2 қосымшаларға сәйкес бекiтiлсiн.
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Баға комитетi Көлiк министрлiгiмен бiрлесiп, екi апталық мерзiмде темiр жол көлiгiмен жолаушылар, қол жүктерiн және жүк багажын тасымалдау тарифтерiнiң деңгейiн өзгерту жөнiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн (қала маңындағыдан басқа).
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Баға комитетiне Көлiк министрлiгiмен бiрлесiп, республика iшiндегi қатынаста темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдау тарифтерiн реттеп отыру құқығы берiлсiн.
      14. 1993 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша кәсiпорындар мен шаруашылық ұйымдардағы (ауыл шаруашылығы салалары және қант зауыттарынан басқа) мұнайды, мұнай өнiмдерiн және газ қалдықтарын қайта бағалау жүзеге асырылсын.
      Үстеп бағалау сомасының 50 процентi кәсiпорындар мен ұйымдардың қаржы нәтижелерiн қалыптастыруға және 50 процентi - республикалық бюджетке жұмсалатын болсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгертiлдi - ҚРМК-нiң 1993.09.27. N 952
               қаулысымен.
      15. <*>
      ЕСКЕРТУ. 15-тармақ күшiн жойды - ҚРМК-нiң 1993.11.12. N 1121
               қаулысымен. P931121_

      16. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Энергия көздерiнiң бағасын мемлекеттiк реттеу және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге тарифтердiң қымбаттауына байланысты халықты әлеуметтiк қолдау туралы" 1993 жылғы 28 қаңтардағы N 68 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 1993 ж., N 2, 29-бет), 1 және 2-тармақтарынан, 5-тармақтың "40 процентi мөлшерiнде" деген сөздерге дейiнгi екiншi абзацынан, 8-тармақтың екiншi абзацынан, 9-тармақтың екiншi

абзацынан, 12-тармағынан, 13-тармақтың үшiншi абзацынан басқасы;
     Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мұнайдың
ренталық төлем ставкаларын белгiлеу туралы" 1993 жылғы 12 
мамырдағы N 379 қаулысының 1-тармағы.
     17. Осы қаулы 1993 жылғы 1 тамыздан күшiне енгiзiлсiн.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi 
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 5 тамыздағы
                                           N 678 қаулысына
                                            N 1 қосымша
     
            Өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдердiң
           жекелеген түрлерi мен көрсетiлетiн қызметтерге
            мемлекеттiк реттелетiн бағалар мен тарифтердi
                   арттырудың Шектi мөлшерлерi
                            
                             Бұрын белгiленген өнеркәсiптiң көтерме  
                             сауда бағасы мен тарифтерiне қарағанда 
                             шектi арттыру коэффициенттерi
                             (қосымша құн салығынсыз)

Мемлекетаралық бағыттарда темiр жол 
көлiгiмен жүк тасымалдау                              2,2

Газ конденсаты "Қазақгаздандыру"                      1,87
концернi босатқан кездегi сұйытылған
газ: 
коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждарға                     1
орта есеппен басқа тұтынушылар үшiн                   1,2
     оның iшiнде: автокөлiк                           2
                  өнеркәсiп                           1,1
орта есеппен байланыстың негiзгi қызметтерi           2
-------------------
Ескерту: 
     1. Қосымша құнға салық аталған коэффициенттер қолданылып
        есептелiнген бағалар мен тарифтерден тыс алынады.
     2. Мемлекетаралық бағыттарда темiр жол көлiгiмен жүк 
        тасымалдауға жаңа тарифтер 1993 жылғы 5 тамыздан бастап
        енгiзiледi.
     3. Тарифтердiң жалпы деңгейi мемлекетаралық бағыттарда темiр
        жол көлiгiмен азық-түлiк және ауыл шаруашылығына арналған
        жүктер тасымалына да таралсын.


                                       Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 тамыздағы N 678 қаулысына N 2 қосымша


             Халыққа көрсетiлетiн негiзгi қызмет түрлерiне

         реттелетiн тарифтердiң (арттыру коэффициенттерiнiң)
                   Шектi мөлшерлерi

                             Қолданылып жүрген бағалар мен 
                             тарифтерге қойылған шектi тарифтер         
                             мен коэффициенттер 
                             (қосымша құн салығын қоса)

Желiлiк газ:
  тұрғын үйлердi жылыту,
  ас дайындау және су жылыту үшiн    1 текшеметр   13 сом 50 тиын

Сұйытылған газ                        1 кг-ға       52 сом 50 тиын
 
Жарық беретiн керосин, пештiк отын               2
Су құбыры мен канализация қызметi                3

Халықтың коммуналдық-тұрмыстық
мұқтаждары үшiн босатылатын
электр қуаты:
  селолық елдi мекендерде             1 кВт/сағ.  үшiн  4 сом

  қалалық елдi мекендерде 
  (тұрақты электр плиталарымен
  және электр жылыту қондырғыларымен 
  жабдықталған үйлерден басқасы)      1 кВт/сағ.  үшiн  6 сом

  қалалық елдi мекендерде
  (тұрақты электр плиталарымен және
  жылыту қондырғыларымен жабдықталған
  үйлерде)                            1 кВт/сағ.  үшiн  4 сом

Орталықтан жылытуға және ыстық сумен
қамтамасыз етуге арналған жылу энергиясы         2

Байланыстың негiзгi қызметтерi:
   телефонды және радионүктенi
   пайдаланғаны үшiн абоненттiк ақы               3
   оның iшiнде зейнеткерлер мен
   оларды күту үшiн зейнетақысына
   үстемеақы алатын мүгедектерге,
   сондай-ақ басқа да жалғызiлiктi
   зейнеткерлер мен мүгедектер 
   (ерлi - зайыптылар) үшiн                      1
   қалааралық телефонмен сөйлесу                 3
----------------------
Ескерту: Одан әрi халыққа сату үшiн колхоздарға және совхоздарға
         босатылатын сұйытылған газ 0,8 коэффициентiмен жүзеге
         асырылады. Тарифтердегi айырмашылық газ жеткiзу 
         жөнiндегi көлiк шығындарының өтемiне бағытталады.