1. Мемлекеттiк резервте сақтаулы өнiмнiң химиялық құрамы туралы мәлiметтерден қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес құпиялылық белгiсi алынсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi: <*>
мамандандырылған сыртқы сауда ұйымдарымен және кәсiпорындармен бiрлесiп шетел фирмалары мен тұтынушылардан сатып алуға тапсырыстар түсiп жатқан осы өнiмдi экспорттауға әзiрлiк жұмысын және оны еркiн айналымдағы валютаға экспортқа шығару iсiн қамтамасыз етсiн;
Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп аталған өнiмдi экспортқа әзiрлеуге және жөнелтуге байланысты шығындарды өтеу жолдары туралы ереженi талдап жасап, бекiтсiн.
ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. N 1031 қаулысымен. P961031_ 3. Аталған өнiмнiң экспортынан түсетiн валюта түсiмi Республикалық валюта қорына жiберiледi деп белгiленсiн. (4-тармағы) <*> Ескерту. 4 тармағының күшi жойылған - ҚРМК-нің 1994.11.02. N 1219 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 тамыздағы N 674 қаулысына Қосымша Мемлекеттiк резервте сақтаулы химиялық құрамы туралы мәлiметтерден құпиялық белгiсi алынатын өнiмнiң Тiзбесi Церий қос тотығы Торий қос тотығы Самарий тотығы Лантан тотығы Европий тотығы Празеодим тотығы Ниобий бес тотығы Неодим тотығы Гадолиний тотығы Скандий тотығы Штабиктегi ниобий Құйма ниобий Аммоний қышқылды рений Таллий Индий Теллур Галлий (металл түрiнде) Тантал Бериллий (металл түрiнде) Вольфрам концентраты Молибден концентраты Цезий концентраты Бериллий концентраты Тантал концентраты