1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң, Республикалық "Фармация"өндiрiстiк бiрлестiгiнiң, дәрi-дәрмек, биопрепараттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар өндiру жөнiндегi "Қазфармбиоөнеркәсiп"* Қазақ мемлекеттiк концернiнiң қосымшаға сәйкес кәсiпорындар мен ұйымдардың базасында "Фармация" мемлекеттiк холдинг компаниясын құру туралы ұсынысы қабылдансын.
<*> Бұдан әрi текст бойынша - "Қазфармбиоөнеркәсiп" мемлекеттiк концернi.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен, Республикалық "Фармация" өндiрiстiк бiрлестiгiмен және "Қазфармбиоөнеркәсiп" мемлекеттiк концернiмен бiрлесе отырып "Фармация" мемлекеттiк холдинг компаниясының жарғылық қорын құрау жөнiндегi жұмысты бiр ай мерзiмде аяқтасын.
<*> Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 2 қарашадағы N 1090 қаулысы бойынша осы қаулының 3 тармағының күшi жойылды деп танылсын. 4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Дәрi-дәрмек, биопрепараттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар өндiру жөнiндегi Қазақ мемлекеттiк "Қазфармбиоөнеркәсiп" концернiнiң мәселелерi" 1991 жылғы 12 желтоқсандағы N 779 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 4 тамыздағы N 672 қаулысына қосымша "Фармация" мемлекеттiк холдинг компаниясының құрамына енгiзiлетiн кәсiпорындар мен ұйымдардйң Т I З Б Е С I 1. Республикалық "Фармация" өндiрiстiк бiрлестiгi 2. Ақмола облыстық "Фармация" өндiрiстiк бiрлестiгi 3. Ақтөбе облыстық "Фармация"өндiрiстiк бiрлестiгi 4. Алматы облыстық "Фармация" өндiрiстiк бiрлестiгi 5. Алматы қалалық "Фармация" өндiрiстiк бiрлестiгi 6. Атырау облыстық "Фармация"өндiрiстiк бiрлестiгi 7. Шығыс Қазақстан облыстық "Фармация" өндiрiстiк бiрлестiгi 8. Жамбыл облыстық "Фармация"өндiрiстiк бiрлестiгi 9. Жезқазған облыстық "Фармация"өндiрiстiк бiрлестiгi 10. Батыс Қазақстан облыстық "Фармация" өндiрiстiк бiрлестiгi 11. Қарағанды облыстық "Фармация" өндiрiстiк бiрлестiгi 12. Қызылорда облыстық "Фармация" өндiрiстiк бiрлестiгi 13. Көкшетау облыстық "Фармация" өндiрiстiк бiрлестiгi 14. Қостанай облыстық "Фармация" өндiрiстiк бiрлестiгi 15. Маңғыстау облыстық "Фармация" өндiрiстiк бiрлестiгi 16. Павлодар облыстық "Фармация" өндiрiстiк бiрлестiгi 17. Солтүстiк Қазақстан "Фармация" өндiрiстiк бiрлестiгi 18. Семей облыстық "Фармация" өндiрiстiк бiрлестiгi 19. Талдықорған облыстық "Фармация" өндiрiстiк бiрлестiгi 20. Торғай өндiрiстiк "Фармация" өндiрiстiк бiрлестiгi 21. Оңтүстiк Қазақстан облыстық "Фармация" өндiрiстiк бiрлестiгi 22. Қалалық "Фармация"өндiрiстiк бiрлестiгi, Ленинск қаласы 23. "Фармация" РӨБ мамандандырылған автокөлiк кәсiпорны 24. Мемлекеттiк "Қазфармбиоөнеркәсiп"концернi, Шымкент қаласы 25. Алматы фармацевтiк фабрикасы 26. Шымкент Ф. Э. Дзержинский атындағы химия-фармацевтiк зауыты 27. Шымкент гидролиз зауыты 28. Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қаласындағы азықтық антибиотиктер зауыты 29. Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс ауданындағы "Дәрмене" совхозы 30. Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы Фрунзе атындағы совхозы