Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Инвестициялық жекешелендiру қорларын ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1290 қаулысының 3 тармағына және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасы туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы N
1135
Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 20 шiлдедегi N 633
қаулысымен
бекiтiлген Инвестициялық жекешелендiру қорларының, осы қорлар басқарушыларының қызметiне лицензия беру және лицензиялардың күшiн тоқтату және қайтарып алу тәртiбi туралы Ережеге сәйкес, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Инвестициялық жекешелендiру қорларына және олардың
басқарушыларына лицензиялар беру жөнiндегi Ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) мына құрамда құрылсын:
Дуберман Ю.Е. - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының
орынбасары, комиссияның төрағасы<*>
Құттыбаева К.С. - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жаппай
жекешелендiру жетекшi басқармасының бастығы,
комиссия төрағасының орынбасары<*>
Махмутова Н.К. - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жаппай
жекешелендiру жетекшi басқармасы купондық
сауда бөлiмiнiң бас маманы, комиссияның
жауапты хатшысы<*>
Комиссия мүшелерi:
Каирова В.К. - Қазақстан Республикасы Статистика және талдау
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
макроэкономикалық көрсеткiштер және халық
шаруашылығын талдау жөнiндегi жетекшi
басқармасының бастығы
Анцифиров В. Т. - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
жанындағы Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi
ұйымдық-әдiстемелiк басқармасының бастығы
Жанғабаев К. А. - Қазақстан Республикасы Экономика
министрлiгiнiң монополияға қарсы саясат
меншiгi бөлiмiнiң бастығы
Ивченко Е. А. - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi
Бағалы қағаздар басқармасының бастығы
(келiсiмi бойынша)
Қадырбеков Б. А. - Қазақстан Республикасы монополияға қарсы
саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
төрағасының орынбасары
Мұқашев Е. Д. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
экономикалық кеңесшiлер тобының жетекшiсi
Говоров А.С. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жаңа
экономикалық құрылымдардың жетекшi
басқармасының бастығы <*>
Ескерту. Өзгерiстер ҚРМК-нiң 1993.10.19. N 1033, 1994 ж. 4 қазан, N 1106 және 1994 ж. 6 желтоқсан N 1378 қаулыларымен енгiзiлген.
Ескерту. Комиссия құрамына өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРМК-нiң
1995.09.26. N
1287
қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiне құрылымдық бөлiмшелерiнiң бiрiн Комиссия
қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыс органы ретiнде белгiлеу
тапсырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi