Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң дипломатиялық қызметкерлерiн өкiлдiк киiм-кешекпен жабдықтау туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 21 шiлде 1993 ж. N 634

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi дипломатиялық қызметкерлерiнiң жұмыс ерекшелiгiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi орталық аппаратының дипломатиялық шенi бар қызметкерлерiне өкiлдiк киiм-кешегiнiң құнына 3,44 лауазымдық жалақы мөлшерiнде жыл сайын ақшалай өтем жасалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсуi бойынша Сыртқы iстер министрлiгi қызметкерлерiн өкiлдiк киiм-кешекпен жабдықтау туралы Ереженi бекiтсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған мақсатқа жыл сайын республикалық бюджеттен сом есебiмен және шетел валютасында қажеттi қаржы бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi