Қазақстан Республикасының Халықаралық қылмыстық полиция ұйымына (Интерпол) кiруiне байланысты шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 20 шiлде 1993 ж. N 629

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Халықаралық қылмыстық полиция ұйымына (Интерпол) кiруiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне Республикалық валюта қорынан кiру жарнасы төлеу үшiн 69200 швейцар франкi және 1992 жылға мүшелiк жарна төлеу үшiн 1900 швейцар франкi мөлшерiнде валюталық қаражат бөлсiн;
      - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi табыс еткен реквизиттер бойынша аталған соманы Интерполдың есебiне аударуды қамтамасыз етсiн;
      - жыл сайын Интерполға мүшелiк жарнаны және есiрткiнiң заңсыз айналымымен күрес жөнiндегi аймақтық шараларға жыл сайынғы мүшелiк жарнаның 20 процентi мөлшерiндегi қосымша жарнаны төлеуге 1993 жылы және одан кейiнгi жылдары Республикалық валюта қорынан шетел валютасымен қажеттi қаражат қарастыратын

болсын.
     2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi 
министрлiктiң орталық аппараты үшiн көзделген қолда бар штат
саны мен қаржы шегiнде министрлiктiң құрылымында штат саны 12
адамнан тұратын Интерполдың Ұлттық орталық бюросын (ҰОБ)
құратын болсын.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi